Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI313

Біз бақытты баламыз!

Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

     Жаз-біздің балаларымыздың ең сүйікті мезгілі. Бәрінен де ең қызықтысы   жаздың алғашқы күні – Халықаралық балаларды қорғау күні.
Бұл мерекені қуанышты және көңілді мереке деп қабылдамауымызбен қатар, балаларымыз үнемі көңәл бөлу мен қамқорлық пен қорганышты талап ететіндігін естен шыгармаганымыз жөн. Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес. 

     Бұл ұранның әлі күнге дейін мәнін жоймағандығын, келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде біздің ең басты ұранымыз болып қала беретіндігін, Елбасымыз  «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын»- дей отырып, өз сөзінде әр баланың құқығының қорғалуын талап ететіндігін айтып өтті.
    Жылдағыдай біздің бақшамыз да мерекені өте көңілді атап өтуді ұйғардық.



    Мәселен биыл, Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай шағын бала қатысты. Мереке күні біздің балабақшада мәдени іс-шаралар, ойындар, сайыстар, түрлі-түсті бормен сурет салу  конкурсы, спорт жарыстары ұйымдастырылды. Мерекелік шараға балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қатысып, туған жер, бақытты балалық шақ, достық, татулық туралы өлеңдерді жатқа айтып, ән шырқап, би билеп шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Осы ұйымдастырылатын мерекелік сайыстар мен жарыстарға белсене қатысқан балалар  құралақан қалмай, тәтті сыйлықтарға ие болды.

    Бұл күні әр бала біздің жылулық пен қамқорлықтың бір бөлігін алды.Балалардың көзінде біздің тәрбиешілердің жанымызға жылы сезім ұялатқан нәрсе бар және біз өз мамандығымыз әлемдегі ең мейірімді және ең жақсы екеніне тағы да көз жеткіздік.



206 0
Гулжиһан Жиенбай "Ақшағала" бөбекжайы" балабақшасының тәрбиешісі Маңғыстау облысы Ұлы дала ұстазы № 000266
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: