«Көлсай көлдері» ұлттық саябағы Алматы облысының Райымбек және Талғар аудандарында орналасқан. Саябақ 2007ж ұйымдастырылған. Аумағы 161,04 мың гектар, шығыстан батысқа қарай 98шақырымға солтүстіктен қарай 23 шақырымға созылған орман алкаптары құрайды. Саябақты ұйымдастырудың негізгі мақсаты Алматы облысының биік таулы алқабы мен Көлсай көлінің табиғи байлықтарын сақтап қалу және қорғау .
Соңғы жылдары көлге демалуға келетін отандастарымыз бен туристердің саны артқан.Сондықтан көл жағасында демалыс орындары да бой көтеріп келеді.Табиғты қандай керемет! Ауасы қантай таза,салқын самал леп. Суының түсі жасыл,көк араласқан таза тұнық су.Айналасын қоршаған қалың жап-жасыл шыршалар көздің жауын алады.Қаншама шақырым жол жүріп келіп-кетіп жатқан халық табиғаттың сұлулығына тамсана қызығып суретке таласа түсіп жатыр.Көлге шомылуға тиым салынған. Демек көзбен табиғаттың байлығын көріп, таза ауада демалып қайтудың өзі қандай керемет.
Алайда келушілер тау баурайы мен көл маңайын ластауды әдетке айналдырған. Айналамыздағы бұрыш-бұрыштарда қарбыздың қабығы баклашка,чипси,небір қоқыстардың жатқанын көресің. Жақын маңайда орналасқан әжетхананың саны не бәрі 1 дана.Ал келіп,саяхаттап жүрген адамдардың саны қаншама. Солардың бәрі осы әжетханаға кіріп –шығып жүр.Исін енді айта алмаймын ...... демалуға,тыныс алуға мүмкін емес. Әр жерде ощақтың күлдері, пакет-пакет қоқыстар жатыр.
Бүйте берсек ,табиғатымыздың сұлулығы қалай сақталады.Өзен-көлдеріміз құрғап кетеді.Соңғы жирма жылдың ішінде ешкім өзен-көлдердің деңгейін қадағалаған емес. Мемлекет басшысы осыны ұдайы айтып келеді. Көлдердің табиғи деңгейін жақсарту туралы мәселені құзырлы министрлерге, басқармаларға ,әкімдіктерге тапсырады. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты адамдарға тапсырылып отырады. Алайда өз табиғатымызды өзіміз әр қадам басқан жерімізден ,тазалықты сақтап жүрсек, бұндай қиындықтарға тап болмайтынымыз анық. Әр барған қонағымыз демалып отырған орнын тазалап, арнайы қоқыс тастайтын бурналарға тастап,артын тазалап кетсе екен деймін.Табиғат тіршіліктің құт - берекесі.Табиғатты қорғау ,сақтау міндетіміз.