«Адамның бір қызығы – бала деген»,- деп Абай атамыз айтқандай,бала – адамның да ,өмірдің де қызығы.Бала-өмірдің жалғасы,халықтың мұрагері.
Еңселі егеменді еліміздің қуатты тұтқасын,яғни,саналы да білімді болашағын қалыптастыру әрбір педагогтың мерейлі міндеті,парасатты парызы.Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы,ата-ана тәрбиесі болса,екінші бесік-білім беру мекемесі.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-анамен ұстаздардың міндеті.Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік,мейірімділік,қайырымдылық,адамгершілік қасиеттерін сіңіріп,өз-өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасымен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мағызы зор.Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының,тәрбиешісінің,достарының мінезінен,жүріс-тұрысынан,сөйлеген сөзінен,істеген ісінен үлгі алуға тырысады.Балабақша-баланың жүйелі түрде білім тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.Балалақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы,сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға,ұстазға байланысты.
Адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмрінде,тәрбиешінінң жұмыс күнін ұйымдастыру процесінде,ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде қамтылады.Тәрбиешінің тәртібі,іс-қимылы,балалармен,үлкендермен қарым-қатынасы кішкентай сәбилер үшін үлгі болып табылады.Балабақшамен отбасы арасындағы байланыс артқан сайын,бүлдіршіндеріміздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түседі.Осыдан келіп,бүлдіршіндерімізде жақсы қылықтар,ұжымдық қарым-қатынас,адамгершілік сезімдері,еңбексүйгіштік,үлкендер еңбегін құрметтеу,жауапкершілік,патриоттық сезімдер туралы түсініктер қалыптасады.Адамгершіліктің құнды қасиеттерінің негізі отбасында қалыптасады.
Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла,жолын кеспе» деген ұлағатты,тиым сөздердің мәні зор.Бала бойына кішіпейілділік,сыпайылылық,сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек,адамгершілік тәрбиесінің жімісіне бөленетініміз анық.
Осыған орай тәрбиешілер алдындағы балаларға ұлттық дәстүріне,әдет-ғұрпына,білім дағдыларын игеріп қана қоймай,ойлауын,қабылдауын,қиялын сезімін,ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеті болып табылады.Сонымен қатарметепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп,баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзеу кірпіш қалау» екенін ескере отырып,ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін,алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу,соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар: Бала әлі кішкентай ештеңе білмейді, түсінбейді деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға. Баланы әр уақытта шындыққа үйрету Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау. Баланың әр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесіп, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру балабақша мен ата- ананың міндеті екенің ұмытпайық.
Тәрбиенің алтын бесігі-балабақшамыздағы сәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге,адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық!