Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI284

№5 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті

Шымкент қаласы білім басқармасының “№5 психологиялық-педагогикалық  түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі ППТК) ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», ҚР 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» Заңын және ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №66 бұйрығымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің  қызметінің үлгілік қағидаларын басшылыққа алып, Шымкент қаласының әкімдігінің 2020 жылғы №766 қаулысы негізінде ашылып, Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауымен, өзінің жеке жарғысымен жұмыс атқарып келеді.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің негізгі бағыттары:

  1. Диагностика
  2. Түзете-дамыта оқыту
  3. Ата-аналарға кеңес беру
  4. Оқу -әдістемелік

Кабинеттің мақсаты:  Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдері тәрбиелеу және түзеп-оқыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Өз-өзіне қызмет көрсету мен өзіне деген сенімділікті арттыру.

  1. Міндеттері: Есту қабілеті, көру қабіліті, сөйлеу тілі қабілеттері, тірек-қозғалыс аппараты, эмоционалды-ерік саласы бұзылған, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, мінез-құлқында қиындықтары бар балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда, сондай –ақ орта білім беру ұйымдарында тіркелген үйде түзету – педагогикалық көмек  болмаған жағдайда  ППТК ондағы білім алушыларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді;
  2. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсетуді орындау.
  3. Баланың мәселелерін мамандардың пәнаралық командасының кешенді түрде зерттеуі, сонымен қоса баланың психологиялық, түзете-педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін командалық бағалау арқылы анықтау;
  4. Баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және құрастыру;
  5. Жеке, шағын, топтық сабақтар түрінде түзете-дамыту сабақтарын жүргізу;
  6. Отбасы жағдайында ерекше білімді қажет ететін және мүгедек балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына кеңес беру және оқыту;
  7. Ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау барысында жалпы білім беретін мекемелердің педагогтарына көмек көрсету;
  8.  Сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру, АКТ қолдануды өз саласы бойынша ендірту.

№5 ППТК мамандары туралы мәлімет

Мекемеде төмендегідей мамандар ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасайды.

  1. Логопед-сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалармен
  2. Педагог-психолог- эмоциялық-ерік әрекеттерінде және мінез-құлқында  бұзылыстары бар,оқуында, қарым-қатынасында қиыншылықтары бар балалармен
  3. Олигофрено педагог-зерде бұзылысы бар,психикалық дамуы тежелген балалармен.
  4. ЛФК-массаж-тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылыстары бар балалармен
  5. Сурдопедагог-есту қабілетінің бұзылыстары бар балалармен
  6. Тифлопедагог-көру қабілетінің бұзылыстары бар балалармен
  7. Музыка мұғалімі-тұтықпасы бар, есту кабілетінің ақауы бар балалармен 
  8. Әлеуметтік мұғалім-балаларды өз-өзіне қызмет көрсету мен өмірге бейімдеумен жіне ата-аналармен жұмыстар жүргізіледі.

 

 Оқу-өндірістік жұмыстар:

Мекемеде 2 түрлі мемлекетік қызмет көрсетіліп келеді. 

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет бойынша ,

 «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» бойынша . 

Мекемеде түзету сабақтары жеке дамытушылық бағдарламасы құрыла отырып жеке және шағын топтық болып жүргізіледі.

Мекемеде қандай балалар көмек ала  алады.

ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға: 

      1) көру қабілеті бұзылған;

      2) есту қабілеті бұзылған;

      3) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;

      4) сөйлеу тілінің дамуы тежелген;

      5) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар; 

      6) зерде бұзылыстары бар;

      7) психикалық дамуы тежелген; 

      8) эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар; балаларға көрсетеді

 

Ата-аналармен жұмыс:

Мекеме мамандары ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып күнделікті кеңестер беріп отырады. Сабақ барысында ата-аналарға үй жағдайында баламен қалай жұмыс жасау керектігі үйретіледі. Ата-аналарға арналған тренинг сабақтар өткізіліп, семинар, баяндамалар оқылып отырады. Ата-аналарға күту залында түзету бағытындағы түрлі роликтер көрсетіледі және сабақтардың өтілуін бейне камерадан тамашалауға мүмкіндіктер жасалған. 

 Мамандар өз тәжірибелерін дамыту мақсатында түрлі тақырыпта баяндамалар оқып, талқылап,пікір алмасады. Ашық сабақтар өткізіп баладан шыққан нәтижелерін , жаңа әдіс-тәсілдерін көрсете алады.Мереке күндері түрлі ім-с-шаралар ұйымдастырылып балалар мен ата-аналар қатыстырылып, түрлі салады ойындар, сурет көрмесі, қолөнер, би сайыстары өткізіліп отырады.

 Ел болашағы-өскелең ұрпақтарымыз үшін біздің мамандарымыз талмай еңбек етіп, қолдарынан келгенше көмек беруден аянбайды.

Ерекше білімді қажет ететін балалармен түбегейлі жұмыс жүргізу алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

530 0
Молдир Карибаева №5 психологиялық – педогогикалық түзету кабинеті КММ меңгерушісі м.у.а. Шымкент қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000080
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: