Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI270

Мен-Қазақстанның болашағымын!(зияткерлік сайыс)

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы-жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,туған  жерімен елін сүюге оны қорғай біліуге тәрбиелеу.Мазмұны терең, тілі көркем шығармалар арқылы балалардың сөздік қорын байытып байланыстырып сөйлеуін жетілдіру,жүйелі ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.Жарыста өздерін еркін ұстауға,дарынды озық болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі және қажетті құрал-жабдықтар:Суреттер, ҚР мемлекеттік әнұраны (бейнебаян),«Менің   елім»  Б.Тілеуханов бейнебаяны, домбыра, түрлі - түсті асықтар, қоржын, ұршық, ермексаз,түрлі - түсті бояулар, ою- өрнек,түрлі - түсті моншақтар.

Қыз балалар: Сәлеметсіздерме?- деп бастарын енкейтіп иіліп сәлемдеседі.

Ұл балалар: Ассалаумағалейкум!-деп оң қолдарын көкірегіне қойып басын төмен салып амандасады.

Тәрбиеші: Мен- Қазақстанның болашағымын атты сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.Тәуелсіз елді әлемге танытатын- білімді ұрпақ.Осы бағытта ұйымдастырылып отырған сайысымызды бастаймыз.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік әнұраны орындалады.

Тәрбиеші: Бұл сайыста 2 топ жарысқа түседі. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

Таныстыру, «мақал ойла,тез ойла» қоржыннан түрлі - түсті асық алу арқылы сол түске мақал айту. Жаңылтпаш айтудан жарыс,көріністер,айтыс (қыз бен ұл айтысы),қол өнер сайысы.

Әділ қазылар алқасы сайыстың әр кезеңіне баға қойып отырады. Құрметті балалар барлығыңа сәттілік тілеймін.

1-кезең:Таныстыру

1-топ     Қырандай самғап алысқа, ойымыз кетер ғарышқа

               Сайысқа түсіп сіз бен біз,жас қыран тобы біздерміз.

2-топ:    Көгершіндей қалықтап,биікке бізде самғайық

               «Көгершін» тобы сайыста, жас қыраннан қалмайық.    

2-кезең:«Мақал ойла,тез ойла»

Қызыл түс- Отан, туған жер туралы ,көк түс-оқу білім, өнер туралы,

жасыл түс-еңбек туралы,  сары түс- әдептілік, ата - ана туралы 

Отан туралы мақал - мәтелдер 

1  Орағың өткір болса қолың талмайды, Отаның   берік болса жауың алмайды 

 Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

 Сағынған ер елін аңсайды, сара ала қаз көлін аңсайды

 Ат айналып қазығын табар,ер айналып елін табар 

 Отанды сүю- от басынан басталады.

Оқу білім, өнер туралы мақал-мәтелдер 

1 Өнерлі бала елдің көркі, үкілі қамыс көлдің көркі

2 Күш білімде, білім кітапта

3 Өнер ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ

4 Көп ойласаң дана боласың, көп ойнасаң бала боласын

Оқи берсең көзің ашылады,отыра берсең  жалқаулық басады 

Шеберді саусағы асырайды,қойшыны таяғы асырайды         

Еңбек туралы мақал-мәтелдер                       

1 Еңбек етпей елге өкпелеме, тер төкпей жерге өкпелеме

Егінді күндіз егіп түнде суар, гүлді күн көзіне егіп күнде суар

3 Ұйқы тынықтырады, еңбек шынықтырады  

4 Адам жерге нәр береді,  жер адамға нан береді

5 Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жәні тәтті

Адал еңбек, алғыр ой- анық досың біліп қой

Әдептілік, ата-ана туралы мақал-мәтелдер

1 Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпен өскен тал артық 

2 Мейрімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен

Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді

4 Жақсы бала жол сілтейді, жаман бала қол сілтейді

5 Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа

6 Өз білмегеніңді кісіден сұра,үлкені жоқ болса кішіден сұра

3 кезең:Жаңылтпаштар жарысы

1 Әй -әй Айдарбай иір мүйіз сиырыңды үйіңе айдай бар

2 Кір қысқыш,кір қысқыш кір қысқышқа кір қыстырды қыз

3 Есет атам ет асатар ет асатса бес асатар

4 Мынау балқаймақ  қай балқаймақ, бұл балқаймақ май балқаймақ  

5 Қыста құлағым ісіп кетті, үсіп ысып кетті

6 Қырық құлып қырық құрық құлыпта қырық құрықта қырық

7 Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты, ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті

Сергіту сәті

4-кезең:«Жас қыран» тобы «Ырыс алды - ынтымақ» ертегісін көрсетеді.

             «Көгершін» тобы «Тәуелсіздік таңы» әңгімесін сахналайды.   

5-кезең:Айтыс (ұл мен қыз айтысы)

Ұл:       Ата-баба дәстүрін үйренуден қашпаймыз         

             Айтыс десе тіл қышып, қыздар іздей бастаймыз

             Біздің топтың ұлдары шеттерінен ақылды-ақ 

             Жұмбақ тақпақ бұл тойда айтып берді тақылдап

Қыз:     Біржан болып сен келсен ақын Сараң мен болам

             Сәйгүлік боп сен шапсаң аққу құсың мен болам

             Үй жабдығын бұл тойға біздің қыздар сәндеді

             Қонақ күтіп  ән салды ұлдарынан кем бе еді?!

Ұл:       Түрлендіріп қамшы өрсем қыздарың таң қалады 

             Күмбірлетіп күй шертсе мұнда думан болады 

             Той болады деген соң домбыра ұстап жетіп ем

             Шашақталған қамшым сіздер баға берер деп

Қыз:    Мақтанды ғой жігітім өнеріңді көрейік

             Көрсет сәнді қамшыңды біздер баға берейік

             Қалып қойса қамшыңыз тағы тойға келерсіз

             Сол қамшыңды мына бізге сонда сыйға берерсіз

6-кезең:Қол өнер сайысы

            «Жас қыран» тобы кітап түптейді кітаптың мұқабасын «қызғалдақ» 

оюымен әшекейлейді және «Қазақстан» шоколадының қағазындағы бүркіттің күннің,оюдың бейнесін қиып алып, көгілдір қағазға желім жаға отырып кітапқа жабыстыру.

Көгерші тобы:1)ермексазды домалақтап моншаққа аунатып ортасын тесіп жіпке тізеді

2)Кляксография «сия тамшысы» арқылы көбелектің  бейнесін жасайды

Ән: Менің елім (бейнебаянымен) балалардың қолдарында жалаушалар болады.

Әділ қазыларға сөз беру.

558 0
Гулнар Байбекова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ұлы Дала Ұстазы № 000044
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: