Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI269

Қош келдің-Наурыз!

Қош келдің-Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлумат беру. Балаларды, елін, Отанын суюге,ұлттың салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды,

Қарсы алайық Наурызды!

Наурыз тойын жұп жазбай.

Қошеметпен қарсы алып.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең жырға басайық,

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық.

(Әже шашу шашады).

Әже:Ұлыс өң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын,

Ұлыс береке берсін.

Бәле-жала жерге енсін.

Ұлы халқым тең болсын.

Қуаныш көп болсын.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар. Наурыз мейрамына арналған ертеңгілікке қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Балалар, Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

Навруз

Наурыз самал,наурыз таң,

Қалың орман ұйқысынан оянған.

Сағынышпен қауыштырған жұптарды,

Жылдың басы,он екі айда тоғысқан.

Жасмина

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден,

Құтты болсын,Наурыз!

Ақ қар кетіп,қыс өтіп,

Шырайлы шуақ жаз жетіп.

Шаруаның ұлы кенелген.

Күн мейрамы ежелден-

Құтты болсын бұл Наурыз!

Шохмардон

Наурыз көктем,наурыз жыр.

Ана мейрім,шуақ нұр.

 

 

Жан иесін жаңартқан.

Аққан бұлақ,нәзік сыр.

Камила

Жылдың басы Наурыз.

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын.

Бүгінгі жыр-әніміз.

Жүргізуші: Наурыз мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтан өз ұлтымыздың салт-дәстүрін айтпай кетпеске болмайды. Сіздерге «Тұсау кесу»рәсімін назарларыңызға ұсынамыз. Тұсау кесу бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. «Тұсауы кесілмеген бала»көп сүрінеді дейді. Тұсау кесу рәсімі ұлғада,қыз балаға да жасалады. Тұсауды ала жіппен кеседі, ол біреудің «ала жібін аттамасын»деген ниетті білдіреді. Жүйрік бол,шауып кет, т.б.тілектерді айта отырып, баланың аяғына байланған тұсауын кесіп жібереді.

Жүргізуші:Әжей,сіз бізге көмектесесіз бе?Сіздің жолыңызды берсін!

«Тұсау кесу»рәсімі орындалады.

Тұсау кесуші

Ала жіпті алайын,

Әжеңе алып барайын,

Ер жетті деп айтайын,

Шашуын жеп қайтайын.

Қаз,қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам,

Күрмеуіңді шешейін.

Тұсауыңды кесейін.

Қаз болағой қарағым.

Құтты болсын қадамың.

Өмірге қадам баса ғой,

Асулардан аса ғой.

Әже шашу шашады,бата береді.

Жорытқанда жолың болсын,

Арғымақтай жүйрік бол.

Асқар таудай биік бол 

Әумин.

Жүргізуші: ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарына берсек.

Шохруз

Наурыз айы келгенде,

Күн шуағы шашылып.

Жылғалардан су ағып.

Ақ әжелер құлпырып.

Нурхае

Наурыз көже пісіріп,

Қонақтарға тартамыз.

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Диербек

Жыл басы-Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке.

Тіршілік жаңа оянды.

Саида

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауышты,

Көктемдегі жарқын сәт.

Көңілдерге ауысты.

Наурыз тойым,Наурыз тойым.

Құтты болсын халайық.

Жүргізуші:Бишілерде өнер көп.

                Би билейді мәнерлеп,

                «Ұлдар биін»көріңдер,

                Өнерге баға беріңдер.

«Ұлдар биі»

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ендігі кезекте ұлттық ойынымыз «Арқан тартуды»тамашалайық.

«Арқан тарту» ұлттық ойын

Камрон, И.Шохмардон, Шохсултон

Шохруз, Иброхим, Олмос

Жүргізуші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрге бай халық.Ендігі кезекті «Қол күресі» ұлттық ойынын ойнатайық.

«Қол күресі» ұлттық ойын

Бахавуддин-Навруз

Х.Мухаммад-Мухаммадазим

Юсуф-Шохруз

Жүргізуші: Ән мен күйді төгілтіп,

                     Інжу-маржан шашайық,

                     Қонақтарды таңдантып,

                     Өнерден күмбез жасайық.

Би: «Аққу» биі. Абдулахатова Шахина

Жүргізуші: Ендігі кезекті Наурызға арналған тақпақтарына берсек.

Нозима

Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз,

Ән айтайық бәріміз.

Қол соғайық бәріміз.

Х.Мухаммад

Наурыз келді алақай,

Кел билейік   балақай,

Бізде қарап тұрмайық.

Тойға шашу шашайық.

Шахина

Наурыз келді-жыл келді,

Тірілтуге гүлдерді,

Сәнденеді аналар,

 

 

Сәбилермен бірге енді.

Наурыз келді,нұр келді,

Түгел аймақ түрленді.

Бақшадағы апайлар,

Тойға әзір боп үлгерді.

Шохсултон

Наурыз дала,наурыз гүл

Тентек сезім, үнсіз тіл.

Ақ қайынның аясында айқасқан,

Балуан білек,қыпша бел.

Жүргізуші:Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі «Асық ату»ойыны.Ал,енді балалар асық ату ойынын ойнаймыз.

«Асық ату»ұлттық ойыны

Шохруз,Мухаммад,Олмос,Иброхим

Жүргізуші:Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен,ақ ниетпен қарсы алады.Ендеше бүлдіршіндеріміздің тақпақтарыны кезек берсек.

Дилноза

Уа,ағайын халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Наурыз тойын бастайық.

Бахавуддин

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Қыс өтіп,қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Юсуф

Жеті түрлі дән салып,

Дім татқызған наурызым.

Жақсылық тілеп халыққа,

Молшылық әкелсін Наурыз.

Мадина

Елім менен жеріме,

Ырысын шашқан Наурыз.

Күлімдеген көктемге,

Шуағын шашқан Наурыз.

И.Шохмардон

Наурыз -бұл мереке,

Құтты болсын береке,

Қыдыр ата келсін.

Жақсы тілек әкелсін.

Жүргізуші:Ал әже, «Батамен ел көгерер,жаңбырмен жер көгерер»деген.Батаңызды беріңіз.

Әженің батасы:Ұлыстың ұлы күні оң болсын,

                             Ақ мол болсын.

                             Қайда барсаң жол болсын,

                             Дастарханың кең болсын.

 

 

                             Уайым-қайғы жоқ болсын.

                             Аспанымыз ашық болсын!Аумин

Жүргізуші:Жасай берсін жаңа күн,

                     Туа берсін жаңа күн.

                     Дүр сілкінсін дала бір.

                     Құтты болсын Наурыз той.

Ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің Наурыз әніне берсек.

Хор:Наурыз.

Жүргізуші:Наурыз құтты болсын!

                    Дендеріміз сау,мықты болсын!

                    Наурыз тойы келе берсін!

                    Барлық халық бақытты болсын!

                    Қош,сау болыңыздар,халайық!

                    Көріскенше күн жарық болсын,-

дей отырып баршаңызға Наурыз құтты болсын деймін.

Құрметті қонақтар,әріптестер! Наурыз мерекесі құтты болсын. Осымен бүлдіршіндеріміздің дайындаған ертеңгілігіміз аяқталды.Кездескенше күніміз тек жақсылыққа толы болсын! Осымен «Қош келдің-Наурыз» атты кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

202 0
Гулноз Эрметова, «Аққу» бөбекжай-балабақшасы МКҚК-ның тәрбиеші Түркістан облысы, Ескі Икан ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000043
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: