Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI268

Жайнай берсін - Астана!

Жайнай берсін - Астана!

Мақсаты:Балаларға еліміздің бас қаласы-Астана туралы мәлімет беру.Елбасымыз –Н.Ә.Назарбаев туралы түсініктерін кеңейте отырып,Елордамыз-Астана қаласы және Бәйтерек туралы мағлұмат беру.

-Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.

-Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елінің Отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Сөздік қорларын ,ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер:Қазақстан Республикасының рәміздері,Астана қаласының ғимараттары,тақырыптық мазмұнды суреттер,дайын аппликация үлгілері,желім,ақ қағаздар.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, слайд-шоу.

Оқу қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

 

 

 

 

 

Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивти-тұзетушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

           Ұйымдастыру

Әнұран орындалады

 

Амансың ба,Алтын күн!

Амансың ба,Жер-Ана!

Амансың ба,Астана!

Келдік саған қуана!

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып,оларды шаттық шеңберге шақырады.

Күлімде күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

-Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша,рахмет сендерге.

Жыл мезгіліне ,айға,апталарға тоқталу.

-Балалар біз қай республикада тұрамыз?

-Бас қаламыз қай қала?

-Елбасымыз кім?

-Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

-Тудың түсі қандай?

-Көгілдір пішінді тік төрт бұрышты ортасында күн сәулесі,астында қыран бүркіт,шеті оюмен өрнектелген.

-Елтаңба қандай пішінде?

-Дөңгелек екі шетінде қос тұлпар,ортасында Қазақстан деген жазуы бар.

Өте жақсы балалар,қане барлығымыз әдемі болып отырыб аламыз.

Шырқап көкке аспан ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рұхын биіктет,

Ей,бас қалам-Астанам-дей келе бүгінгі Астананың туған күнінен арналған “Жайнай берсін-Астанам”атты мерекелік кешімізді бастаймыз.

Тосын сәт.Есік қағып басқа елден келген қонақтарымызды күтіп алайық.

Астананың туған күнін қонақтармен, сыйлықтарымен атап өтеміз.

Тақтада ілулі тұрған суреттермен таныстыру.

Балалар,мынау Қазақстанның бас ордасы –Астана.Ол жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала.Ал мынау-Ақорда үйі-онда біздің елімізді басқаратын президент Н.Ә.Назарбаев отырады.Мынау –Бәйтерек.Ол өте биік,оның биіктігі-105 метр.Мұнараның жоғары жағында шыныдан жасалған алтын шар бар.Мұнараның жоғарғы жағына көтерілсек Астана қаласы көрініп тұрады.

Картамен слайд арқылы таныстыру.

Біздің Қазақстанның жері кең байтақ,Қазақстанның 17млн.нан артық халқы бар.Қазақстанның 14облысы осы картада көрсетілген.Қазір слайд арқылы әр қаланың аттарымен таныстырам.

Балалар Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

Отан-туған жеріміз,туған өлкеміз,тұратын жеріміз,көшеміз,отбасымыз.Біздің Отанда көп ұлттар өмір сүреді.

ХХI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік,тыныштық болып,еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілеймін.Міне,осындай кең байтақ Республикамыздың егінді даласы,күмісін шашқан көлдері,кенге байтақ өңірі,малға толы өрісі,Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы,келешек азаматтары,сендерге өсиет болып қалады.

 Ал енді балалар келген қонақтарымызға мерекемізге арналған тақпақтарымызды айтайық.

Зухра

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала,

Тұрады ол жап-жасыл болып,

Біз үлкен болғанда да.

Азиза

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Сергіту сәт.

-Балалар, біз тынығып алайық.Ол үшін шеңберге тұрайық.Ұшаққа отырамыз.Ұшқыш біздерді Қазақстанның Астана қаласына алып барады.

-Ия балалар, сендерге Қазақстан Республикамыздың Астанасы ұнады ма?

-Астана қаласы қандай екен?

-Астана қаласы өте әдемі екен.

-Менің елім әлемдегі ең сұлу ел.

       “Құрастыру”дидактик ойыны.

Балалар бөліктерге бөлінген Астана қаласының үлкен ғимарат суреттерін құрастырады.

         Шығармашылық жұмыс.

Балалар біз қазір Бәйтеректің бейнесін түрлі –түсті қағаздан жапсырамыз.Жұмыстың орындалу реті түсіндіріле отырып,балаларды бәйтеректің бейнесін жапсыруға жұмылдыру.Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдай отырып, бәйтеректің бейнесін жапсырады.

Балалардың жасаған жұмыстарын көрмеге қою.

-Балалар бүгінгі  әдемі жасаған қызметтерің үшін осы өлеңмен аяқтайық.Балаларды мадақтап қорытындылайды.

Сөнбе ешқашан күніміз!

Тілейді мұны еліміз!

Тілейді мұны жеріміз!

Тілейміз мұны бәріміз!

 

 

 

 

 

Балалар жай әуенмен сапқа келіп тұрады.

 

Сәлемдесіп алады

 

 

 

Хормен айтып қимыл-қозғалыс жасайды

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

-Қазақстан Республикасында

-Астана

-Н.Ә.Назарбаев

-Елтаңба,ту,әнұран

 

-Балалар  рәміздерді сипаттайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдап отырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әр қаланың аттарымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдап отырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақпақтарды тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көңілді отырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмысты рет-ретімен орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





 

Күтілетін нәтиже:

Жанғыртады:Астана қаласы және Бәйтерек туралы түсінік алды.

Түсінеді:Жұмысты ретімен,тиянақты орындау керектігін.

Қолдана алады:Түрлі-түсті қағаздан Бәйтеректің бейнесін жапсыра алады.

203 0
Уғилжан Мамматова, «Аққу» бөбекжай-балабақшасы МКҚК-ның тәрбиешісі Түркістан облысы, Ескі Икан ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000042
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: