Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI264

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНДЕРІНЕН КОНСТРУКТИВТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

   Аңдатпа

    Бұл мақалада оқушылардың конструктивті академиялық жазылым дағдысын дамыту

мақсатында қолданылған CLIL технологиясының, графикалық органайзерлердің тиімділігі талданды.

Іс-əрекеттегі зерттеу жұмысы 11-сыныпта физика жəне ағылшын тілі сабақтарында жүргізген

зерттеуінің нəтижесі сипатталды. Зерттеуде негізгі таңдалған мəселенің өзектілігі мен мақсаты

жөнінде сөз қозғалды. Мақалада зерттеу барысындағы жүргізілген жұмыстар көрініс тапты.

    Аннотация

    В данной статье проводится анализ эффективности технологий CLIL и графических

органайзеров, использованных с целью развития навыка конструктивного академического письма

учащихся. Также описываются результаты исследования, проведённого учителями физики и

английского языка в 11-классе. Излагаются цели и актуальность выбранной темы. В статье

отражены работы, проведенные в рамках Action Research.

    Annotation

    This article analyzed the effectiveness of CLIL technology and graphical organizers used to develop

students' constructive academic writing skill. This article describes the results of Action Research conducted

by the teachers of English and Physics in the 11th grade. Outlines the goals and relevance of the chosen topic.

The article also provides all the actions done within the research.

      Назарбаев Зияткерлік мектептерінде NIS-programme оқу бағдарламасының ерекшеліктерінің бірі

– оқушылардың тиімді қарым-қатынас жасау мақсатындағы дағдыларын дамыта отырып, түлектердің

халықаралық деңгейдегі жоғарғы оқу орындарына түсуге лингвистикалық құзыреттіліктерін

қалыптастыру болса, оны жүзеге асырушы – мұғалім екені сөзсіз. Пəн мазмұнын ағылшын тілінде сол

тілдің ерекшеліктерін ескере отырып толықтай меңгертуде пəн мұғалімі белгілі бір қиыншылықтармен

кездесетіні мəлім. Осы мəселені шешу, тəжірибе алмасу, əдістемелік, тілдік қолдау көрсету жəне

Назарбаев Зияткерлік мектеп түлектерінің физика пəнінен сыртқы жиынтық бағалау нəтижелері

бойынша жасалған аналитикалық есеп құрылымдық сұрақтар түріндегі жазбаша тапсырмаларды

қамтитын емтиханның құрылымдық сұрақтардан тұратын екінші компонентінде оқушылардың білім

көрсеткіштерінің төмен болуы (1-қосымша) физика жəне ағылшын тілі мұғалімдерінің бірігіп іс-

əрекеттегі зерттеу жұмыс жүргізуге негіз болды [1]. Аталған бөлім сұрақтары оқушылардың білім

деңгейін жəне олардың ағылшын тілінде ақпаратты жазбаша түрде түсіну, өңдеу, сараптау, қолдану,

бағалау дағдыларын, түйінді сөздерді, терминдерді қолдана отырып сұрақ жауабын ағылшын тілінде

конструктивті академиялық тілде жаза білу дағдыларын анықтауды көздесе, оқушыларға құрылымдық

сұрақтарға жауап жазу дағдыларын игеруде ағылшын тілінен қосымша қолдауға қажеттілік пайда

болды.

11-сыныпта бастау алған іс-əрекеттегі зерттеу жұмысы төмендегі бағыттарда жүзеге асты:

1) Оқушылардың академиялық сөздік қорын байыту;

2) Академиялық жазылымды дамыту.

     «Академиялық сөз, академиялық тіл» деген ұғымдарға НЗМ-ның CLIL бойынша нұсқаулығы

«Академиялық тіл көптеген пəн салаларына ортақ болып табылатын нақты функцияларды орындауға

қажетті тіл» деп көрсетсе [2], ағылшын тіліндегі түсіндірме сөздік «Академиялық жазылым - жеке

жазудан мүлдем өзгеше, идеялары əдетте ресми тəртіпте немесе құрылымда ұйымдастырылған,

пунктуация, грамматика жəне орфографияның дəстүрлі шарттары сақталған, ауызекі тілдің сөздері

қолданылмайтын жазылым түрі» деп түсіндіреді [3].

    Зерттеудің алғашқы негізгі бастамасы ретінде оқушылардың жиынтық бағалауда жазған

жұмыстары (2-қосымша), топтық жиынтық бағалау қорытындысы (3-қосымша) жəне оқушылар

арасында жүргізілген сауалнама (4-қосымша) негізге алынды. Зерттеу барысында физика жəне

ағылшын тілі мұғалімдерінің біріге жоспарланған жұмыстарының (5-қосымша) маңыздылығы арта

түсті, сабақтың мақсатына сəйкес материалдар өңделіп, тілдік қолдау көрсетіліп, өткен сабақтарға

сараптамалар жасалынып, жақсарту, сабақ барысында қолданылған əдіс-тəсілдердің тиімділігін

арттыру мақсатында өзгерістер енгізіліп отырды.

    Қандай да бір жазба жұмысын жазбас бұрын жазуға дайындық (pre-writing), жазылым (writing),

жазылымнан кейінгі кезең (post-wrіting) (бағалау, редакциялау) кезеңдерінің сақталуы шарт. Физикалық

құбылысты сипаттау, дəлелдеу не ағылшын тілінде эссе жазып бастамас бұрын жазуға дайындық

кезеңінде – берілген тапсырмаға қатысты идеяны тұжырымдауға қолдау кезеңінде кейс стади

технологиясы қолданылды. Кейс əдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды

көрсетуге мүмкіндік береді. Ол оқушылардың пəнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге

жəне талдауға, əр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.

     М. Долгоруков Case Study технологиясын оқытудың белсенді əдістеріне жатқызады. Бұл əдістің

күшті жақтары бар: топтық жұмыстарды ұйымдастыруда жұмыс істеу мүмкіндігі, уақытты тиіді

пайдалану мақсатында қысқаша ақпаратты пайдалану. Оқушылардың тек қана білім алу мүмкіндігі

емес, ақпаратты қарапайым жалпылау дағдыларын қалыптастыру [4].

     Жазылым алды кезеңінде зерттеу аясында ұйымдастырылған сабақтар барысындағы кейстар

оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды көздейтін нақты ситуациялар, шағын зерттеумен

айналысу, видео тапсырмалар, зертханалық жұмыстар формасында ұсынылды (6-қосымша). Сонымен

қатар аталған кезеңде CLIL технологиясының H. O. T. , Scaffolding əдістері арқылы берілген тапсырмаға

қатысты академиялық сөздік қорды қалыптастыруда синонимдерді табу (significant, all over the world,

accentuate, advancement, innovative, etc) жəне берілген тақырыпқа қатысты глоссарий алдын-ала

ұсынылу (rope or chord, elasticity force, extension, spring, constant, Proportional limit, Elastic limit, Ultimate

strength, stress, strain Young’ s module, etc) не өткен тақырып болған жағдайда оқушылардың өздері

глоссарийді толықтыру негізінде оқушының академиялық сөздік қоры толығып отырды.

Жазылым алды атқарылған жұмысты жазылымда ойдың бірізділігі мен жүйелілігін сақтай

отырып жүзеге асыруда графикалық органайзерлер қолданылды. Кларк өз еңбектерінде графикалық

органайзерлер тақырыптық мазмұнын көрсетеді, оқушылардың назарын жоғары деңгейлі ойлау

дағдыларына көңіл бөлуге мүмкіндік береді жəне оқуды ұйымдастыратын мақсаттар мен ойлау

үдерістерін түсіндіру үшін сыныптағы көрнекі құралдар ретінде маңызды роль атқарады деп

тұжырымдайды. Графикалық органайзерлер: 1) оқушыларға ақпаратты саралауға жəне ұйымдастыруға

көмектеседі, сондықтан олар индуктивті ойлауды қалыптастырады; 2) ережелер мен анықтамаларды

қолдануға көмектеседі, болжамдар жасайды, шешімдер қабылдайды немесе мəселелерді шешеді деп

анықтайды [5].

    Бромлей графикалық органайзер-идея мен ұғым арасындағы қатынасты визуалды жəне

графикалық түрде көрсету деп түсіндіреді жəне графикалық органайзерлерді бірнеше түрлерге

жіктейді:

- Иерархиялық органайзерлер нысандар, құбылыстар, ұғымдар т. б. ерекшеліктерін ескере

отырып, деңгейлеп жіктейді (физикалық құбылыстардың не эссе барысында қолданылатын

аргументтердің маңыздылық деңгейін анықтауда);

- Концептуалды органайзерлерге ментальді карта жатады, яғни негізгі бір негізгі идеяны əрі

қарай бірнеше тұжырымдарға тарататын ашық құрылым. Мысалы, бір құбылыстың не физикалық

заңның бірнеше себептері мен байланыстарын сипаттайды.

- Бірізді органайзер-оқиға немесе құбылыстарды уақытпен хронологиялық бағытта көрсетеді

(физикалық процесстің орындалу ретін не ағылшын тілінен эссенің құрылымын сақтауда аса маңызды)

[6].

     Жазылымның негізгі бөлігінде (main body) негізінен екі пəннің жазылымына, ойды не процессті

жүйелі түрде жазуға бағыттайтын ортақ органайзер (point – басты идея не тұжырымдама, explain –

аргументтер не тұжырымдаманы дəлелдеу, example – мысал келтіру) қолданылды.

(7-қосымша)

    Жазылымнан кейінгі кезеңде жұмыстар алдын-ала оқушылармен біріге отырып құрастырылған

бағалау критерийлеріне (жұмыстың мазмұнының тақырыпқа не тапсырмаға толықтай сəйкес келуі,

жұмыстағы аргументті сөйлемдердің бір-бірімен бірізді байланысы, мысалдың тапсырмаға сəйкестігі,

лексикалық бірліктердің, терминдердің тақырыпқа сай қолданылуы) бағаланды. Кейін оқушымен

жұмыс талданылып, мазмұнға қатысты не грамматикалық қателері ескеріле жетілдірілді жəне

өткізілген жиынтық бағалаудың қорытындысында топтағы 10 оқушының 5-уінде білім сапасының

артқаны, 2 оқушыда сол деңгейде қалғаны, ал 3 оқушыда төмендегені байқалды (8-қосымша).

Зерттеу барысында оқушылар физика пəнін ағылшын тілінде бірінші жыл меңгеріп

жатқандықтан барлық дағдылардың ішінде жазылым аса қиындық туғызса, мұғалімдер үшін зерттеуге

байланысты əдебиеттерге шолу жасау, жазылымды дамытуға бағытталған тиімді оқыту əдіс-тəсілдерін

зерделеу, оларды физика пəнімен байланыстыру, сабақтарда орынды пайдалану көп уақыт пен

дайындықты қажет етті.

    Зерттеу нəтижесінде оқушылар академиялық сөздік қорын арттыра түсуіне, физика сабақтарында

ағылшын тілінде ойлауға мəжбүрлей отырып, шығармашылық ойлауын дамытуға, жүйелі, бірізді

жазуды дамытса, пəн мұғалімдері CLIL стратегияларын тиімді пайдалану, өзара тəжірибе алмасу,

академиялық сөздік қорын молайта түсуге, ағылшын тілінде жазылым дағдысын шыңдауға жəне

зерттеушілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.

 Пайдаланылған əдебиеттер:

 1. Аналитический отчет по итогам внешнего суммативного оценивания учащихся 12 классов

Назарбаев Интеллектуальных школ в 2019-2019 учебном году // Автономная организация

образования «Назарбаев интеллектуальные школы» Центр педагогических измерений. –

Астана, 2019.

2. НЗМ-ның «Пəн мен тілді кіріктіріп оқыту» тəсілін қолдану жөніндегі мұғалімдерге арналған

басшылық.

3. https: //grammar. yourdictionary. com/word-definitions/definition-of-academic-writing. html

4. Долгоруков А. М. Case Study как способ понимания // Практическое руководство для тьютера

системы открытого образования на основе дистанционных технологий. М: Центр

интенсивных технологий образования, 2002.

5. Clarke, J. H. (1991). Using visual organizers to focus on thinking. Journal of Reading, 34 (7)

6. Longhi, Sarah (2006). Social Studies Graphic Organizers & Mini-Lessons. Scholastic Teaching

Resources.

384 0
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНДЕРІНЕН КОНСТРУКТИВТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ Ұлы дала ұстазы № 000210
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: