Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық
мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір,
батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан,
ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны əлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне
жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мəселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті
Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық
жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын жəне
бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл
жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тəжірибе мен ұлттық
дəстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дəстүрлерді
табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-
рухани тамырынан нəр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық
сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси,
экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нəтижелерге қол жеткізгені баршаға
мəлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тəрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты
сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз -
ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дəстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен əдебиетімізді, мəдениетімізді,
ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға,
руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам
қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тəуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз
келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке
азаматтарымыз үшін де, əрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.
Мақалада аталған бағыттардың бəрі барынша өзектендірілген жəне уақыттың талаптарына нақты
жауап береді. «Мəңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың
қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз
өркениетті, бəсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи
байлығымен емес, адамдарының бəсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, əрбір
қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,
компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мəдени ашықтық сияқты факторлар əркімнің алға басуына
сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»,
«Мəдени жəне конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша
қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», - деп ашып көрсетеді. Бəсекеге
қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс.
Бəсеке болған жерде əрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тəрбиесі ғажайып
түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа
ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани
жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.
Ұлттық жаңғыру дегеніміз - ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты - ұлттық
бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат
құрған бəсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше
көнерген, жаһандық əлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен əдеттерден арылу дегенді білдіреді»,
- деді Н. Ə. Назарбаев. Сондықтан, рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп
танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз жəне сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен
қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бəсекеге қабілетті, əлемдік деңгейде танылған əрі
дамыған рухани кемел ел болу - алдыңғы Елбасының асыл арманы болды. Ендеше, мемлекет
басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың əрекеті деп түсінеміз.
Елбасы Н. Ə. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында
тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру
арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дəуір түйіскен өліара
шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру жəне жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің
теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Мен барша қазақстандықтар, əсіресе, жас ұрпақ жаңғыру
жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген
ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі əлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті
қабылдай білуі. «Жаңғыру» атаулыға бұрынғыдай тарихи тəжірибе мен ұлттық дəстүрлерге шекеден
қарамауға тиіспіз. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дəстүрлерді табысты жаңғырудың
маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нəр
ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін
қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді
сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.
Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-
дəстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, əрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен
бет алуын қалаймын.
Бұл ретте, тұтас қоғамның жəне əрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын
атап өтуге болады.
1. Бəсекелік қабілет
2. Прагматизм
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
4. Білімнің салтанат құруы
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
6. Сананың ашықтығы
7. Таяу жылдардағы міндеттер
«Рухани Жаңғыру» мақсаты өз Отаны мен тарихи мұрасына деген сүйіспеншілік пен адалдықты
тəрбиелеу болып табылады.
Негізгі бөлім
Шапырашты Қазыбек бек туғанда, қаз дауысты Қазыбек қазақ даласына аты кең жайылған,
билікке араласқан жасы отызға келген адам екен. Сондықтан да сол кездері Іле Матайында өмір сүрген
Шапырашты Тауасар ырым қылып қаз дауысты Қазыбектей жақсы адам болсын деп, баласының атын
Қазыбек қойған. Қазыбек бек Тауасарұлы 1692-жылы сəуірде Іле Матайының (қазіргі Талдықорған
облысы, Кербұлақ ауданы) етегінде дүниеге келіпті. Əкесі Тауасар Матайұлы Дəулет немересі (Дəулет-
қазақтың Қарасай батырының тұстасы, сол кезде би болған кісі) баласын бес жасынан оқытқан. Оны
байдың еркебұланы демей, алысқа Бұқараға жіберген. «Баламды медресеге біл деп бердім, шен алсын,
қызмет қылсын деп бермедім»- деп ұлы Абай айтқандай, ол да баласын шаруаға, əсіресе малмен
шұғылданатын қазаққа керекті күн райын, аспан əлемінің сырын білетін адам етпек болған. Сөйтіп
сауатын ашып, Бұқарадағы дін оқуын төрт жылда тəмəмдап, ол еліне – Жетісуға қайтқан, елі – жұрты
жиналып, Матай биге кісі салып, немересі біздің балаларымыздың тілін сындырсын, ұрпағымыз
білімсіз қалатын болды деген соң, қаршадай, тоғыздан онға шығар Қазыбекке бала оқыттырады. Дулат
пен Шапраштылар балаларын Матай – Шаңқанайға екі жол бойы атпен жан – жақтан жіберіп тұрады.
Атасы Матай би балалардың оқуын өзі қадағалап отырды. Өйткені, тоғыз ұлдың əкесі Матай да
сауатты, заманында Үйсін – Найманға ықпалын жүргізген айтулы кісі болды.
Екі жылдай бала оқытып, біраз адамның сауатын ашқан Қазыбек, балалығы сол емес пе, түстен
кейін шəкіттерімен қосылып, асық ойнап, тай мініп, жарысып кетеді екен. Оның ауылда оқытқан
шəкірттерінің ішінде өзінен үлкендер де көп болған. Мысалы, қазақ поэзиясының алыбы ұлы Жамбыл
жырлайтын Өтеген Қазыбектің өзінен бір жас үлкен еді. Кейін осы өзі оқытқан Өтегұлұлымен қатты
дос болып, өмірінің ең бір мəнді, маңызды шағының бəрін сонымен өткізді.
Арада екі жыл өткен соң Қазыбек қайта оқуға аттанды. Ол Бұқара мен Самарқантқа жол тартады.
Өтеғұл бай өзінің бір ұлы Өтегенді Қазыбекке қосып оқуға жіберді. Осыдан кейін Қазыбек пен Өтеген
Бұқара, Самарқандқа, одан Ауғанстан арқылы Шамға, Бағдатқа, одан əрі Ыстамбұлға, Римге барып
сегіз жыл оқып, тоғызыншы жылға аяқ басқанда елге оралды.
Елге келген соң Қазыбек біраз демалыстан кейін бұрынғы жазбаларын жүйелеп, 3-4 жыл
уақытын «Иран шешегі» атты кітабын жазуға жіберді. Бірақ Ордада қызмет істеген жылдары ол кітап
жоғалып кетті. Сол жылдары Іленің оң қанатынан расытхана жоспарлап, сала бастады, бірақ
онықалмақтармен болған соғыс біржола жоқ қылды. Бектің бұдан былайғы өмірінің бəрі тау шыңында,
найзаның қылында өтті.
Қазыбек бек өзінің замандастары жөнінде көп пікір, көзбен көргендерін жазып қалдырған адам.
Əсіресе, ол қазақтың 3 данышпаны Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би жəне Бұқар Жырау жөнінде
сүйіспеншілікпен əңгімелейді. Сондай – ақ, өзінің қарулас достары, қазақ елінің қолбасы батырлары
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай салған ұрыстар жөнінде жақсы
мəлімет қалдырды.
Қазыбек бектің жеті ұлының үлкені – Қасқары батыр. Ол туралы Қазақ Совет Энциклопедиясы
былай деп жазды: «Қасқары Қазыбекұлы (1710-1771) – жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан батыр.
Шапырашты тайпасының Асыл руынан шыққан. 1729 жылы он сегіз жасар Қ. Шамал ханның сақа
батыры Боралдаймен қазіргі Алматы қаласының түбіндегі Боралдай аталатын дөңесте жекпе – жекке
шығып, оны найзамен түйреп өлтірген. Қасқарының бұл ерлігі жоңғар қалмақтарының Жетісудан
біржола ығысуының бір бастамасы болды (ҚСЭ 7-том, 535-бет). Ал Қасқарының үлкен ұлы
Молдабайды Бұқар жырау: «Досты жаудан айырған, тағыны тыңнан қайырған Қасқарыұлы Молдабай»,
- деп жырлаған. Енді бір ұлы Құдабайдан атақты Дəуренсал (1827-1899). Ол жөнінде ҚСЭ-да «. ..
.қазақтың халық əншісі, ақын, Жетісудың жеті салының бірі. .. » - деп жазылған. ҚСЭ-да көрсетілген
жау қолынан қаза тапқан ақын Бейсебай Қаратаев бектің Қасқарысынан Қазақ мемлекетінің көрнекті
қайраткері Ораз Жандосов – бектің Қозыбай деген баласының ұрпағы.
Қазыбек бек Тауасарұлының бізге жалғыз еңбегі жетті. Ол-«Түп–Тұқианнан өзіме шейін» кітабы.
Оның бізге жетуінің де тарихы қызық.
-Мен осы кітапты жазғанда білімім болса да, ол тасып, төгіліп, артылып бара жатқандықтан
жазған пенде емеспін. Мен көзіммен көргенімді ғана, анық білген, айғақты айнытпай көрген
нəрселерімді қағазға түсірмек болдым. Ондағы ойым қазіргі жуан ағаш өсіп, өркендеп, бұтағын,
берегін, бостанын таратқанда, шыбық ұшы арғы ата-бабасын, жеті ата, жетпіс жеті пұстысын, тұп-
тұқианынан хабардар болсын, Майқы атам айтқандай біреулер үрім-бұтағымызды «Жеті атасын
білмеген жетесі жоқ неме» демесі үшін осы жазбаны қалдырдым. Сондықтан да, мен оны Ғалішер
Науаиша жəне Жалайыр Қыдырғали атамша өзіміздің жалпақ тілімізде жазып, жалпыға ұғындырғым
келді. Яғни, «Жəмиғат-Тауарихша» кеттім. Азды-көпті жазған жазбаларымд менің ұрпағым оқыса,
өткен күннен бірер сөз білсе, мен өз тілегім ақталды деп жасағанға шүкіршілік етпекпін. »
«Мен жазудан, сызудан аузы күйген адаммын. Жазбаларымды талай жоғалтып алып, аласұрған
кездерім де өте көп болды. Өйткені, мазасыз, шабыншылық заман, соғыс үстінде алендіктің қара
көлеңкелі кезінде алаудың көмегін пайдалана отырып жазған, соғыс жазбаларымның көбісі жоғалып
кетті. Қолға түсіп қалған кезінде құба қалмақтар қазақтың жазуымен дүмін тазалады, отын тұтатты,
жауының рисаларын олар неғылсын.
Ішім удай ашитын жағдайлар менің от пен оқтың арасындағы ажал аузындағы ғұмырымда талай
кездесті. Соғыс жазбалары қалпынша қағазға түсірілген еді, Таластың суынан өткенде қоржынды суға
түсіріп алған қосшы бала қағазды кептіремін деп отырғанда, аяқ астынан құйын соғып, он екіде бір
нұсқасы қалмаған»
«Аталарымыз қырылса да, жойқан төбе болса да, ол жерлерді ешкімге бермеген, япырмай, менің
жерім тым дамып жатыр-ау, мынау артық демеген. Қайта соның бəрін қанымен, жанымен, қасық қаны
қалғанша қорғаған. Біз сол ата мұрамыз үшін əлі де жан алып, жан беріп жатырмыз. »
Қолданған афоризмдері, мақал-мəтелдері:
1. «Ел аралаған сыншы болады, тоғай аралаған үйші болады»
2. «Еркек дауысты қатында ұят болмас, қатын дауысты еркекте қуат болмас» десе қазақ, сол
қатынша жіңішке, зорға, шіңгірлеп сөйлеп, қуаттан бүгін айырылған шақ. Енді оны бұрынғыдай, жігер
қайрат бар кездегідей төгілтіп, үзілдіріп жаза алармысың. Кетті ғой ол заман келмеске. Қос атпен қусаң
да жеткізбейді, ой дүние ай!»
3. «Жарлы болатын жігіт байталынн атқа сатады, жалғыз болатын жігіт ағайынын жатқа
сатады»-дегендей, өз мүддемізді жылтырақ түймелерге айырбастығымыз келетіндер арамызда бар.
Оның ақыры не болмақ? Оның түбі тұлымдыңды тұл, айдарлыңды құл етуге апарады. Дүниенің көп
жерін аралап, көпті көріп, көп оқығандықтан болар, ол елінің болашағын елімізді біріне-бірін айдап
салып, арамызға алаторғай болып отырғандарды да уақтысында көре білген. Оның жөні де болатын.
Өйткені, бектің өмір сүрген кезеңі қазақ халқының басына ауырлық түскен «ақтабан шұбырынды, алқа
көл сұлама» еді.
4. Бағдат кітапханасында жүріп, Əл-Фарабидің еңбектерімен тереңінен танысады. Оған шексіз
құрметі қалыптасады. «Бірақ, -деп жазады Қазыбек бек, -бабамыздың адамның ұрпағы өлген соң,
денелері құрыған соң, , олардың жаны азат болады, бақытқа кенеледі дегенін мен құптай алмадым.
Тіршілігімде көрмеген бақыт адыра қалсын, мен өлгеннен кейінгі бақытты тіпті дұшпаныма да қия
аламын. Денеден құтылған соң жан бақытты болады екен. Сонда ол не бақыт?» Сондай-ақ;
басшылыққа бағынған адамдар ғана қайырымды, абзал, бақытты адамдар ғана бақытты адамдар
болады деген пікірмен де келіспейді.
5. «Басыңа келген бақты аяғыңмен тептің, өйтетінің бар, неге ортамызға салмайсың»-дейді бір
жағдайда.
Ыстамбулға барғанда Қазыбек өзін адам қатарына қосылғандай сезінеді. Осы жердегі жоғары
мектеп қатарындағы оқу орнында 3 жыл оқиды. Жан-жақты білім алып, жаратылыс сырларын, науқас
құпиясын ұқты. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ат Түрік», «Қожа Ахметтің «Диуани хикмет»
кітаптарын осы жерде оқиды. Шəкірт оған ренжіді де, қуанды да. Реніші-өз бабаларының кітабын өз
елінде оқымай, басқа елде оқуы да, қуанышы-қазақ топырағында туып-өскен адамдардың кітабы жат
жұртта да болуы еді»
«Менің үлкен ұлым- Қасқары осыдан бес жыл бұрын көз жұмды. Көрейін деп пе едім, көмейін
деп пе едім мен оны? Қабырғам қақырап, омыртқам үзіліп кетті. Қайтерсің. Ағаш бесікке түскен жер
бесікке түспей қоймайды. Өлу жолы менікі еді, өлім төрелемей, төтелеп келді; төтелеп келді де, жұлып
əкетті. Əттең, құдай: «Өздерің біліп біреулерінді маған беріндер!»-десе, мен кетпес пе едім соның
алдында. Оның артында бəйбішем отыр күңіреніп, мен төсек тартып жатырмын. Соңғы жылдары
жараның қозып, денемді тұтас алып кетуі де сол жүйкемнің əбден жұқарғанынан шығар. Бұл фəни
дүниеде арман бітер ме? Маған салса, кіші ұлым Тұрпанның да баласының үйленгенін көрсем деймін.
Ал оның əлі баласы да болмай тұр. Тұқымым қандай болады деген де мені ойландырмай қоймайды.
Бəрі Қасқарымның Молдабайындай болса, бұл дүниеден армансыз кетер едім. Бірақ, сол ойымдағының
бəрі болса да, жүзеге асса да, ар жағынан тағы да талай арман табылып, талай арман қозғалар еді. Арман
таусыла ма адамда? Елдің бейқұтшылығын көріп, қазақтың бір орданың астынан тарағанын кімнің
көргісі келмейді дейсіз. «Мал жоқшысы- малшы, ұлпан жоқшысы- аңшы» демей ме халық? Сол
айтқандай, аз да болса ел ісіне араласып қалған соң, сол еліңнің келешегін ойламай, армандамай тұра
алармысың? Өзінің тауарихында талай мəрте толып, талай замат ортайған қазақ елінің ендігі алдағы
ғұмыры қалай кешілер екен, қалай шешілер екен дегенде, ұйқым шайдай ашылады. Ойламауға, ойға
қалмауға, күдіктенбеуге бола ма!? «Үмітсіз сайтан» болса, мен сол үмітіммен, қазақтың болашағына
сеніп о дүниеге аттанғым келеді. Алла тағала, Арыстың ұрпағына пейіл-пікіріне лайық ғұмыр бере көр;
салуалы ордасы, салауатты адамы болса екен, ел қамын жейтін ерлері болса екен; елім деп еңірегенде
етегі жасқа толатын, қазағым дегенде, қабырғасы сөгілетін ұрпағымызды көбейте көр! Қазақ тым
сенгіш, тым аңқылдақ, ақкөкірек, осысынан көп қорлық көрмегей! Əмин!»
Қорытынды
Қазыбек бек Тауасарұлының бізге қалдырған «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабын оқи отырып,
біз ерліктің, елдіктің, адамдықтың т. б. игі жақсы қасиеттердің куəсі боламыз. Егеменді еліміздің
рухани жаңғыру жолында бұл бізге таптырмас құнды дүние, бабалар тарихы, біздің тарихымыз!
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. https: //www. zakon. kz/4908872-ruhani-zha-yru-erte-m-zd-kep-l. htmlинтернет-ресурс
2. https: //bilim-all. kz/article/5817интернет-ресурс
3. «Түп – Тұқианнан өзіме шейін» кітабы