Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мəртебелі адам – оның ата – анасы. Ал, ең əдемі де
жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана
өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-
керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың
бетінен қақпай, көңіліне қарап тəрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда
болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры
мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, əдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-
ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-
қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы əрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана
өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тəрбиелейді. Əрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға.
Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала əкеден ақыл, анадан мейір
алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай,
мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тəрбие де табысқа жетеді, өйткені,
жақсы сөз жан семіртеді. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-
аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тəрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау»
екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын
қиындықтарын жеңу, соған сəби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде
қабылдау. Көзқарастар мыналар: Баланы сəби ол əлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау
керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға. Баланы əр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай,
шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу. Баланың өз ісін
уақытымен күнде қадағалау, бақылау. Баланың əр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нəтиже
шығаруға көмектесу. Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман əдеттен қорғап,
өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дəстүр қайнарына қондырып өсіру
əке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі
ең негізгі мəселе. Бала тəрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі.
ұлттық-сана сезімін тəрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тəрбиелеудің əдіс-тəсілдерін білу жөніндегі
дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тəрбиенің сан алуан келелі
мəселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы –
балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа,
адамгершілікке тəрбиелейміз. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік
стандартының бес саласының əр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-əрекеттерінде салт-
дəстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т. б.
Мектепке дейінгі ұйым тəрбиешілер өз тəжірибелерінде халық ауыз əдебиетінінің ішінен жиі мақал-
мəтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-əрекеттерінде пайдаланады.
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мəдениеті туралы алғашқы
ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-əрекеті ойын. Сондықтан оның мəні ерекше.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, əн салмай өсер бала бола ма?» — деп
айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының
дамуына ықпал ететін тəрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы
дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
Өйткені бала нəресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге
тəрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі күндері тəрбиешілер алдында балаға білім. , білім
дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп
дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тəрбиесіне тікелей байланысты.
Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тəрбиенің сан қилы дағдыларын
бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші —
тəрбиеші. Балабақшадағы тəрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты,
адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық жəне моральдық жоғары белсенді жеке адамды
қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тəрбиелеу мен білім берудің əрекеті практикалық
процесс үстінде қалыптастырылады. Тəрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-əрекет
түрлерін қалыптастыру жəне оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету,
жəне білім алу барысында ақыл-ой, адамгершілік, физикалық жəне көркем тəрбие, даму процесі қатар
жүреді. Бала осы кезде белгілі дəрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің əдет дағыларын игеруге бейімделеді. Іс-əрекеттің тап осы
түрлерін ғана дамыту арқылы тəрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен
бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін əрі оқуға қабілетті баланы ересек
адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тəрбиелі бала деп
аталуы мүмкін. Жоғарыда аталып өткен іс-əрекеттің əрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тəн үлесін
қосады. Мысалы, тəрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой тəрбиесінің өзі бала ойының:
еңбегін жəне балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды
тəрбиелеу тəжірибесінен таныс. Адамгершілікке тəрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға
болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тəрбиеленеді деген сөз.
Өйткені, мұнда олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-əрекеттің əрбір
түрінде осылайша өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке
дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік əрекеттерін, тəрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз.
Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс-əрекеттер
ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда
толық нəтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы
қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы
кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тəрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың
қарапайым тəжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мəдениетіне, жеке гигиеналық жəне
салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу – тəрбиенің басты
міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тəрбиеге де мəн
бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тəрбиелеуге
бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын туыстары, туған
жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде
қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.
Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дəстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру əдет-дағдысына
айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – жарым ырыс»,
«Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты
сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен
тəрбиешілердің міндеті.
Халқымыздың дəстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сəби кезінен
үлкендермен қол алысып амандасуғы тəрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», «Ағаңның қолын
ал», «Атаңа екі қолыңды бер» деп үйретеді. Ондай кезде үлкендер яғни аталар, əжелер «Ой азамат
болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың қолын алып, сəлем беруге ынталандыратын сөздер айтып
ынтасын тудырады. Баланы жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, əрі жеке
тұлға болып қалыптасуына негіз болады.