Абай атамыз «Адам баласы бір-бірінен ақыл-ой, оқу-білім жəне парасатпен озады. Басқасымен
оздым деу ақымақшылық» деген қара сөзі көп нəрсені аңғартады. Біздердің оқу арқылы көзіміз
ашылып, көкірегіміз оянып, адамдарды танып, олармен қарым-қатынас орнатамыз. Олай болса,
адамзат баласының қол жеткізген ұлы игі ісі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатыр.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бəсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп- үйрететін
орта, оның жүрегі- мұғалім. Жан-жақты ізденетін мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелік-
сабақты түрлендіріп, қызықтырып, тұлғаның жүрегіне жол табуында. Білімді, шебер, жан-жақты,
сабырлы, адал болу- əр мұғалімнің міндеті, борышы десек, еш қателеспейміз. Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация мұғалімі- педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, заманауи, үнемі ізденісте
болып, өзін-өзі жетілдіруге талпынатын, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзіреті.
Қазіргі нарық жағдайында осындай тұлғаларға сұраныс өте көп. Нəтижеге бағытталған білім моделі
мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұйымдар мен нормаларды жəне тиімді
педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кəсіби мəдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері міндеттеліп отыр. Осы замандағы, яғни заманауи мұғалім оқуға үлкен
потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Білімдену тек өскелең жас ұрпаққа ғана емес, сонымен бірге ересектер үшін де тіршілік қызмет
барысында үздіксіз ізденіс кезінде дамиды. Қазіргі заманда əр адамның тіршілігінің өзекті саласы-
білімдену. «Білім беру» жəне «білімдену» – екеуіне де ортақ, айырмашылығы неде? Өскелең жас
ұрпаққа білім беру, яғни оларды өмірлік тəжірибемен қаруландыру. Ол əрбір отбасының, əлеуметтік
ортаның, білім мекемелерінің тікелей міндеті болып табылады. Өмірде бір отбасында əртүрлі мінезді,
қабілетті бала өседі. Бір мұғалімнен білімденсе де көзқарастары мен қабілеттерінің де əртүрлілігі
кездеседі. Бұған нақты дəлел, тəрбиелеушінің өзінше ізденіспен білімденуінде.
Білім беру- өркениетті əлеуметтанудың қозғаушы күші болғандықтан, ата-ана баласын үйретіп
қана қоймай, нəтижесіне яғни баласының үйренген, үйренбегенін басты назарда ұстаса, күткен нəтиже
өз жемісін беретініне кəміл сенемін. Сондықтан біз жəне біздің өскелең ұрпақ неғұрлым көп білуге
асықсақ, оқысақ, тоқысақ, сонда ғана жақсы өмір сүруге жол ашылады.
Оқу – білім бұлағы, Білім өмір шырағы деп осы орайда тек айтылмаған.