Сапалы білім беру қызметін көрсету-педагог алдында тұрған міндет, сондықтан педагог
кадрлардың білім сапасын арттырып, инновациялық əрекеттерге дайындаудың маңызы ерекше.
Педагог мамандардың кəсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімін,
əдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық əдіс-тəсілдерімен қаруландыра отырып,
шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру-«Нəтижеге
бағытталған білім беру негізі» болып табылады.
Атақты педагог-ғалым В. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі
жəне қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен
педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп мұғалімдік өнерге ерекше
баға берсе, Ушинскийдің « Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін
жасаймын десе де мұғалімнің қолында»-деген екен.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде дербес дидактикалық категория.
Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу əрекетінің өзара байланысты
технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында
интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке
келгенге дейінгі негізгі əрекеті - ойын болса, оқу-тəрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын əрекетінен оқу
əрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар
арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті
- баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Дидактикалық ойындар - балалардың
білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық
ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын
арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық
сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар
оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Бала ойын іс-əрекеті үстінде білімді
қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана
ойын жəне іс-əрекеттері табиғи бірлікте болып, пəндік білім, білік жəне дағдыны игеруге толық ықпал
жасайды. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді.
Ойын – бала əрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол
арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-əрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мəнін
түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, əлеуметтік рөлдер атқарады.
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мəселелерге соқпай
кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я. А.
Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық
ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған.
Қазақ тілі сабағында əр түрлі ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы: "Синонимін табайық"
ойыны.
Ойынды "Синоним" тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске
түсіре отырып өткізуге болады.
Ойынның мақсаты. Оқушылардың "Синоним" тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру,
жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.
Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгіземін.
Ойынның шарты. Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.
Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады. Қазақ тілі сабағында əр түрлі ойын
элементтерін пайдаландым. «Кім тез?» ойынын жүргіздім. Интерактивті тақтада он екі суретті
көрсеттім. Əр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтты. Интерактивті тақтадағы
суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем
ойлады. Қозы, аңшы, бор, нан т. б. сөздерден дыбыс құрамын, нан т. б. сөздерден дыбысқұрамын, буын
санын айтты.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде дербес дидактикалық категория.
Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу əрекетінің өзара байланысты
технологиясы ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу
барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор. Ойын – балалардың негізгі іс-
əрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл –
өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың
оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор. Сабақтың ортасында – көңіл - күйін сергітеді,
ерік - жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта
алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын
құрал. Бала ойын іс - əрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға
ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру əртүрлі жағдайларға байланысты.
Қазақ тілі пəнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ
халқының əдет-ғұрпын, тілін құрметттеуге, Отанды сүюге баулу. Сабақ өткізу, оқыту барысында
өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мəтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру.
Мəінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін əртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс
2. Сөздіктермен жұмыс
3. Сөздік қорларын жетілдіру
4. Тіл дамыту
5. Ережемен жұмыс
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Мəтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1. Мəтінді оқығанға дейінгі жұмыс.
2. Мəтінмен жұмыс кезеңі.
3. Мəтінді оқығаннан кейінгі кезең.
1) Мəтін алдындағы жаттығулар мен соған сйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі:
тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мəтінде танып, айыра білу жəне əртүрлі құрылымдық материалдарды
(сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т. б. ) меңгерту.
2) Келесі мəтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мəтіннің тілдік материалы мен құрылымы
орындалады. Мəтін ішінен қажет мəліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын
əртүрлі тəсілмен орындау. Мəтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту,
мəтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды
таптыру, қорытынды жасату.
3) Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мəтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде
жеткізе білу. Мəтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:
1. Логикалық сұрақтар
2. Сөздік жұмыстар
3. Фонетикалық жаттығулар
4. Сөйлем құру
5. Мəтінге жоспар құру
6. Аударым
7. Мəтінге ат қою
8. Диалог, ситуация құру
9. Мəтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту
Сабақта орындалған əрбір тапсырма міндетті түрде бағалануы тиіс.
Ойындарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары бар. Олар:
• ойынның мақсаты нақты əрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып
қойылу керек;
• ойын ережелері оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым əрі шағын болуы тиіс;
• ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет;
• ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын
үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды
ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Сабақта қолданылатын
ойындар: «Бəйге», «Кім жылдам?», «Кім тез табады?», «Ойлан тап!», «Жалғасын айт», «Полиглот»,
«Не, қайда, қашан?». Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды. Ойын
элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру,
тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Қорыта келе, оқушының құзырлылығы ойын технологиясы арқылы дамиды. Оның ішінде
мəтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды,
оқытуда жағымды əрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шəкіртінің өзінен де білімі терең,
дəрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.
Қолданылған əдебиеттер:
1. Қазбекова Н. Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”.// 12 жылдық білім, 2006-№1.
2. Рахымбаева А. , Тойымбаева Ж. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтікқұзырлылығын дамыту”. Ғаламтор желісі
3. «Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру».
4. «Ертіс дидары» газеті, №11 (103). 2010 ж.44 №4 (12) April 2020
5. Назарбаев Н. Ə. «Қазақстан – 2030» Жолдау
6. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
7. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, Алматы // -241б