Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI197

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

    Адам күнделікті өз өмірінде модельдердің көптеген түрлерін кездестіреді.

Балалық  шақта  ойыншық,  мектепте  оқу  модельдері,  киім  модельдері,  сызбалар,  схемалар, 

ғимараттар   макеттері,   математикалық   формулалар   сияқты   модельдер.   Міне   осының   

барлығы модельдерге жатады.

    Модель дегеніміз танып – білу (зерттеу) процесінде объект – оригиналдың орнына ұсынылатын оның  

басты  маңызды  қасиеттерін  сақтайтын,  материалдық  немесе  ой  түріндегі  объект  –  үлгі. 

Модельдеу бұл объектілерді, процестерді немесе  құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельін 

немесе макетін құру. Модель жəне модельдеу əдісімен түпнұсқаны зерттеу мүмкін емес. Қиын болғанда 

немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады.

    Модельдеу əдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы  

танып-білу  əдісі.  Модельдеу  əдісінің  пайда  болуы  техникалық  жүйелердің  күрделілігіне, 

материалдық  процестер  мен  құбылыстарды  зерттеу  қажеттілігіне  орай  туындайтын  

ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, 

неғұрлым тиімді тəсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан 

объектінің субъект баса көңіл  қойып  отырған  қасиеттерін  жоғары  дəлдікпен  бейнелей  алады.  Ол 

 объектіні  құбылыстарға, заттар  мен  процестерге  тəн  қосалқы  белгілерден  айырып,  ондағы  

жалпы,  негізгі,  елеулі  заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның 

формасы, əдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді. Олар:

1.  Пəндік  модельдеу  зерттеу  объектісінің  белгілі  бір  физикалық,  геометриялық,  динамикалық 

немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады.

2.  Идеалды  модельдеу  кезінде  модель  ретінде  сұлбалар,  сызбалар,  формулалар,  табиғи  жəне 

жасанды  тілдердегі  сөйлемдер,  тағы  басқа  қолданылады.  Мұндай  модельдеу  түріне  

математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады.

    Əлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді  

зерттеу  кезінде  көбіне  бірін-бірі  толықтыратын  бірнеше  модельдер  қолданылуы  мүмкін. Кейде  

бір  құбылысты  зерттегенде  бір-біріне  қарама-қайшы  келетін  модельдер  пайдаланып,  бұл 

қайшылық  таным  дамуының  аса  жоғары  деңгейінде  шешімін  табуы  мүмкін.  Модельдеу  танымның 

басқа  да  формалары  мен  əдістерімен  (эксперимент,  абстрактілеу,  гипотеза  ұсыну,  теория  

құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал 

етеді.

    Қазіргі кезеңдегі түпкілікті өзгеріп отырған жағдайға байланысты, биологиялық білім берудің басты 

мақсатымен міндеттерінің бірі – оқушылар мен студенттерге биологиялық ойлауды, қарапайым болса да, 

ғылыми болжам құру мен оны тексеруге дəлелдер іздеуді, жоспарлай білуді дамыту.

Педагогика ғылымы мен мектеп практикасы білім алушының  білім игеру кезінде ойлау қабілетін 

қалыптастырып  сол  арқылы  таным  əрекетін  белсендіру  қажеттігін  көрсетеді.  Осы  мəселелер  

білім алушының белсенділігін, шығармашылық əрекеттер қырларын дамытудың   өзекті екенін анықтайды. 

Ол үшін не істеу керек, қандай шаралар ойластырылуы қажет? Оқуға деген қызығуы, өзінің білім алуға 

ұмтылысы  керек.  Ол  оқытушы  тарапынан  сабақ  өткізудің  əр  түрлі  жолдарын  қарастырып,  əдіс- 

тəсілдерді жетілдіру сабақ түрлерін əдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Осындай 

еңбек   білім   алушының   оқу   əрекетін   тиімді   меңгеруіне,   соның   нəтижесінде   оқуға   

деген   ынта, құлшыныс,  талап  туып  бұрынғы  игерілген  білім,  білік,  дағдыны  пайдалана  

отырып  əр  түрлі  оқу тапсырмаларын  шешуде  шығармашылықпен  еңбек  етіп  өз  əрекетін  

бақылауды,  басқаруды  жəне дамытуды үйренуіне септігін тигізеді.[²]

    Əрбір оқу пəні білім алушылардың белсенділігін арттыруға əсерін тигізуі керек. Шығармашылық 

белсенділікті  біз  адамның  жете  түсінудегі  талпынысынан  туындайтын  белгілі  зерттеушілік  

жəне қоғамдық пайдалы маңызы бар міндеттерді шешуге жетудегі əрекетшіліктің жоғары сапалы деңгейі 

деп те атай аламыз. Сондықтан педагогикалық үрдіс кезінде білім алушы белсенділігін дамыту 

қажеттілігі мен   оны   дамытудың   дидактикалық,   əдістемелік   жолдарының   жасалу   деңгейінің  

 жеткіліксіздігі арасындағы   қарама-қайшылық   айқын   көрінеді.   Аталған   қарама-қайшылықты   

шешу   жолдарын іздестіру осы зерттеуіміздің проблемасын береді. Оқыту үздіксіз дамып отыратын 

үрдіс болғандықтан, оны  дамыту  «көзін»  табу  керек.  Биология  сабағында  білім  алушылардың  

пəнге  қызығушылығын арттырып,  пəнді  терең  түсінуде  модельдеу  əдісін  көрнекілік,  түсіндіру  

құралы  ретінде  пайдалану тиімділігінің маңызы өте зор. 

Биологияда нені модельдеуге болады:

1.  Обьектілерді;

2.  Биологиялық құбылыстарды;

3.  Биологиялық үрдістерді моделдеуге болады.

Модельдеу əдістері эксперименттік зерттеулер мен теориялық ізденістерде, нақты техникалық жобалар  

жасауда  немесе  өте  абстрактілі,  логикалық  схемалар  құруда,  оқу  пəндерінде  т.б  жерлерде 

қолданылады.

Модельдеу əдісінің тиімділігі:

✓  Теорияны терең меңгеру, танымдық қабілетін арттыру;

✓  Білім алушының ынтасын арттыру;

✓  Модель құру процесін ойынды еске түсіру;

✓  Ғылыми еңбек дағдысын арттыру;

✓  Топтағы жұмыста еркін қарым-қатынас жүзеге асыру;

✓  Шығармашылық дағдыларын дамыту;

✓  Есте сақтау түрлерін жүзеге асыру;

✓  Қол маторикасын дамыту;

✓  Көрнекілік ретінде пайдалану. Зерттеу нысаны:Биология сабағы.

Зерттеу мақсаты: Биологияны оқытуда модельдеу əдісін пайдаланудың тиімділігін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

✓  биология  сабағында  модельдеу  əдісін  пайдалану  арқылы  білім  алушылардың  ой-өрісін 

кеңейту;

✓  биологиялық   құбылыстарды,   заттарды   модельдеу   арқылы   теориялық   алған   білімдерін 

модельдер жасау арқылы, компьютерлік модельдер арқылы білімді тереңірек алуға жағдай жасау;

✓  білім  алушыларға  биологиялық  модельдерді  жасату  арқылы  шығармашылық,   тəжірибелік 

эксперименттер жүргізуге мүмкіндік беру.

Жұмыстың  ғылыми  болжамы:  Егер  зерттеу  мақсатына  сай  білім  алушыларға  биология  пəні 

бойынша модельдеу əдісін тиімді пайдаланатын болсақ, онда:

✓  білім алушылардың биологиялық ойлау қабілеті, олардың пəнге деген қызығушылықтарымен оқу  

кезіндегі  іс-əрекетінің  белсенділіктері  артып,  биология  пəнінен  сапалы  біліммен,  тиянақты 

біліктілік жəне дағдылары  жетіліп, əлемдік білім кеңістігіне  ену талабына сай құзыреттілігі 

жетілген, ізденімпаз жеке тұлға қалыптасар еді.

Зерттеу əдістері:

•   зерттеу  проблемасы  бойынша  педагогикалық  əдістемелік  əдебиеттерге  теориялық  талдау 

жасау;

•   педагогикалық бақылау;

•   озық педагогикалық тəжірибелерді оқып-үйрену;

•   сауалнама жүргізу;

•   педагогикалық тəжірибе.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мəні:

o биологияны оқытуда модельдеу əдісін пайдаланудың тиімділігі негізінде жүргізілген сабақтар арқылы 

білім алушылардың пəнге қызығушылығын арттырудың теорилық мəні айқындалады;

o биологияда    модельдеу    əдісін    қолдану    арқылы    білім    алушылардың    белсенділігін, 

ізденмпаздығын,  өнертапқыштығын  арттырып,  білім  сапасын  көтеретіні   дəлелденді,  сол  

негізінде қорытындылар жасалды.

     Модельдеу биологияда кеңінен қолданылады, өйткені ол экспериментті алмастыра алады. Бұл үлкен  

артықшылыққа  ие.  Олар:  1.Бір  мəліметтер  жиынтығында  модельдеу  əдісін  қолдана  отырып, 

бірқатар əртүрлі модельдерді жасауға, зерттелетін құбылысты əртүрлі тəсілдермен түсіндіруге жəне 

теориялық түсіндіруге олардың ең тиімдісін таңдауға болады; 2. Үлгіні құру барысында зерттелетін 

гипотезаға əртүрлі толықтырулар еңгізуге жəне оның жеңілдетілуіне қол жеткізуге болады; 3. Күрделі 

математикалық модельдер жағдайында компьютерді пайдалануға болады;

4.  Модельдік  эксперименттерді  өткізу  мүмкіндігі.  Мұның  бəрі  модельдеу  биологияда  дербес 

функцияларды  орындайтындығын  жəне  оны  оқыту  процесінде  қажетті  қадамға  айналатындығын айқын 

 көрсетеді.  Алайда,  модельдеу  кез-келген  үлгіні  қолдану  шектері  ескерілген  кезде  өзінің 

эвристикалық мəнін сақтайды.

     Биология  сабағында модельдеу  əдісін  қолдану   барысында қабылдаудың  барлық  үш  түрі іске 

қосылады: көрнекілік  көрсету кестелер, диаграммалар, модельдер, дыбыстық (жұмыс шағын топтарда 

жүргізіледі  жəне  студенттер  əр  кезеңді  талқылауы  керек),  тактильді  (пластикалық  

материалмен жұмыс). Оқу ақпаратын қабылдаудың əр түрлі түрлерін қолдану барлығының танымдық 

белсенділігі мен  білім  беру  процесіне  қызығушылығын  арттырады.  Шағын  топтарда  жұмыс  

диалогтік  қарым- қатынасқа   ықпал   етеді,   бұл   тұлға   аралық   қарым-қатынас   дағдыларын   

дамытуда,   қойылған міндеттердің шешімін конструктивті таба білуінде маңызды. Сабақ барысында 

бірлесіп жұмыс істеуге, кіші  топтың  əр  мүшесінің  белсенділігіне   қажеттілігін  бағалауға,  əр  

білім  алушыға  оң  баға  беруге көмектесу  өте  маңызды.  Сөйлеуді,  есте  сақтауды,  логикалық  

ойлау  қабілеттерін  дамытуға  назар аударылады.   Модельдер   қандай   жəне   оларды   БИОЛОГИЯ   

пəнін   зерттеуде   қандай   мақсатта қолданамыз?    Мектептегі    биология    курсында    пəндік   

 модельдеуді    тиімді    игерудің    көптеген мүмкіндіктері бар. Биология сабақтарында модельдерді 

қолдану туралы нақты мысалдар келтірейік.

    «Көру  мүшесі  көздің  құрылысы»,  «Тыныс  алу  мүшесі  өкпенің  құрылысы»,  «зəр  шығару  мүшесі 

бүйрек», «асқорыту мүшесі асқазан» тақырыбын оқу кезінде пенопласт, фетр, фоамиран, түрлі қалдық 

пластикалық  заттар,  қатырма  қағаздар  т.б  қолда  бар  заттар    көмегімен  модельдеу  бойынша  

сабақ өткізіліп нəтижесінде анатомиялық мүшелердің моделдері жасалынды (сурет 1). Бұл модельдеу 

əдісін сабақ  барысында  да,  шығармашылық  үй  тапсырмасы   ретінде  де  қолдануға  болады.  Бұл  

жағдайда модельдің маңызды қасиеті - бұл білім алушыларда шығармашылық қиялдың болуы. Сонымен қатар 

табиғатты, биологиялық процестерді де модельдеуге болады. Өз сабағымызда түрлі модельдер  жасап 

көрдік (сурет 2).[⁴]

    Модельдеу   кезінде   білім   алушылардың   қызметі   бірнеше   сатыларынан   өтеді.   Біріншісі   

- құбылыспен немесе қызығушылық объектісімен байланысты тəжірибені егжей-тегжейлі зерттеу, осы 

тəжірибені талдау жəне жалпылау, болашақ модельдің негізін құрайтын гипотезаны құру.

Екіншісі    -    іс-əрекеттік    бағдарламаны    дайындау,    оны    əзірленген    бағдарламаға    

сəйкес ұйымдастыру, тəжірибе немесе əртүрлі көздер негізінде түзетулер енгізу,   модель   негізіне  

 алынған зерттеудің бастапқы гипотезасын нақтылау.

    Үшіншісі - үлгінің соңғы нұсқасын құру. Егер екінші кезеңде зерттеуші, салынған объект үшін əртүрлі 

нұсқаларды ұсынса, үшінші кезеңде осы параметрлер негізінде ол жүзеге асырмақшы болған жобаның 

соңғы үлгісін жасайды. Басқаша айтқанда, білім алушылар  ақпаратты өздері арқылы өткізеді, 

талдайды, жинақтайды, себеп-салдарлық байланыстар орнатады жəне оларды модельге айналдырады. 

Осындай сабақтарды өткізу арқылы  жетекші білім алушы  тақырыпты қаншалықты түсінетіндігін оңай 

анықтай алады.Үлгіні  құрастыруда  импровизацияланған  материалдарды  да  қолданамыз.  Мысалы,  түрлі-түсті 

қағаздар,  мақта  бүршіктер  мен  дискілер,  пластикалық  бөтелкелер,  пенопласттар  жəне  т.б.  

Біз  жиі жиналмалы  модельдер  жасаймыз,  сондықтан  оларды  түрлі  дағдыларды  игерген  кезде  

пайдалану ыңғайлы, мысалы, гүл модельдерін дағдыларды үйрету жəне бақылау сатысында формула мен 

гүлдің сызбасын жасау үшін қолдануға болады.

    Көрнекті ғалым Н.Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағымыз келеді. «Сабақ - бұл мұғалімнің жалпы жəне 

педагогикалық мəдениетінің айнасы, оның зияткерлік байлығының көрсеткіші, оның көкжиегі мен  

білімінің  көрсеткіші».  Шындығында,  егер  мұғалім  осыған  ұмтылып,  білім  алушылармен  өзара 

түсіністік  тапқан  жағдайда  ғана  сабақ  нəтижелі  жəне  жемісті  болады.  Модель  -  студенттер  

мен оқытушылардың  бірлескен  іс-əрекетінің  «құралы»  ретінде  қызмет  етеді.  Ол  зерттелетін  

объектідегі əмбебап   қатынастар   мен   байланыстарды   көрсетеді.   Модельдің   көмегімен   біз   

модельдің   ішкі құрылымынан туындайтын белгілі бір нақты мəселелерді шеше аламыз. Биологиядағы 

модельдеу білім берудегі басты құзіреттіліктердің бірін қалыптастыра алады: проблемаларды шеше білу 

(атап айтқанда, студенттерді  табиғатты  «басқаруға»  үйрету,  бір  жағынан,  қазіргі  жағдайда  

адамның  өмір  сүруін қамтамасыз ету, екінші жағынан, табиғатты болашақ үшін сақтау). Биологияны 

оқытуда модельдеу оң рөл   атқарады,   өйткені   ол   тақырыптың   мазмұнымен,   сонымен   бірге   

білім   алушылардың     жас ерекшеліктеріне байланысты жасалынады. [⁵]

    Сонымен,  нəтижелерге  сүйене  отырып,  модельдеуді  биологияны  оқыту  əдісі  ретінде  белсенді 

пайдалану  ұтымды  жəне  жалпы  сабақтың  атмосферасына  айтарлықтай  əсер  етуі  мүмкін  деген 

қорытынды жасауға болады.


    Əдебиеттер тізімі:

    1.  Веников В., Веников Г., Теория подобия и моделирование, М., 1974.

    2.  Рузавин Г., Методология научного исследования, М., 1999.

    3.  Реброва Л. Время ставит проблемы. Решать их нам. Биология в школе. 1991, №6.

    4.  Непрокина  И.В  Метод  моделирования  как  основа  педагогического  иследования.  Теория  и 

        развития общественного развития. 2013, №3.

    5.  Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту əдістемесі. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006.


2 022 0
ПЕРИЗАТ КАРИБАЕВА1, АЛМАГҮЛ АУЕЛЬБЕКОВА2, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 1магистрант, 2б.ғ.к., доцент Ұлы дала ұстазы № 000150
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: