«Ұстаз – ұлық емес ұлы қызмет»
Бауыржан Момышұлы
Кез келген адам өзінің мамандығын жүрек қалауы бойынша таңдауы керек. Менің жүрек
қалауыммен таңдаған мамандығым – мұғалімдік мамандығы. Мұғалім деген кім? Мұғалім əрбір
оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, олардың ішкі жан-сырын, ойын түсіне отырып дұрыс жол сілтеу,
бағыт-бағдар көрсету, белгілі бір іске деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру,
шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс істей білетін адам. Əрбір адамға жақсы маман
болып қалыптасуы үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік-
жігер, тиянақтылық сияқты қасиет керек. Ал жақсы мұғалім болып қалыптасу үшін жоғарыда
көрсетілген қасиеттермен қатар, əрбір істі шығармашылықпен, адамгершілікпен шешуді қажет ететін
интуиция, дəлдік, тапқырлық, мейірімділік сияқты қасиеттер болуы қажет деп есептеймін. Əрине, ұстаз
болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу
үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мəніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе
аласың деп білемін.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу - адамның асылдығы,
- деген Ғафу Қайырбековтың өлең жолдарын оқығанда мен
өзімнің ұстаз болғанымды мақтан етемін. Ұстаздық – қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандық.
Ұстаздарға қойылатын талап басқа мамандыққа қойылмайды. Ол – шəкіртіне ғылым негіздерінен
мəлімет беруші ғана емес, оны дүниежүзілік білім, ақпарат кеңестіне шыға алатын, бəсекеге қабілетті
тұлға етіп тəрбиелей алатын жан болуы керек. Себебі, ұрпақ тəрбиесіне тікелей əсер ететін ол – ұстаз.
Оның дарындылығы, ізденімпаздығы, бейімділігі, мейірімділігі оқушы тағдырын шешеді. .
Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым-мақтанышым» дей отыра, сол мамандықтың
қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білуі қажет.
Мен қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды жақсы көремін.
Өйткені бұл менің жүрек қалауым.
Ұстаз мектептің жүрегі. "Ұлылықтың басында ұстаз тұрар"демекші, небір дархан далада, ақылы
асқан данагөй шешен бабалар да бəрі-бəрі ұстаздың асыл қасиетінен білім, ой, сана алған. Ұстаздың
басты міндеті - жан-жақты дамыған, бойында адамгершілік - имандылық қасиеті мол жеке тұлға
тəрбиелеу жəне оқыту. "Мектеп - кеме, білім - теңіз" демекші, ұстаз оқушыларды білім шыңына
жалықпай жетелейді. Ұлы орыс педагогы, əрі психологі К. Д. Ушинскийдің: "Ұстаз үйрену барысында
ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды, "- деген сөзі еріксіз еске түседі. Ұстаз
атаулының басты бағалы қасиеті - психологиялық көрегендігі екені аян.
Балаға мейіріммен қарау, жылы сөйлеу, өз баламдай қамқор болу, жасаған ағаттығына
кешіріммен қарау - менің басты мақсатым. Алдыма келген оқушының мінез-құлқын, іс-əрекетін
бақылау, қызығушылығы мен қабілеттерін анықтау, оның дамуына жағдай жасау, ата-анамен тығыз
қарым-қатынаста болу - басты парызым деп білемін. Мемлекетіміз бəсекелестікке қабілетті елу елдің
қатарына кіру үшін балаларымыз дүниежүзілік білім кеңістігінде өз білімі, қабілеті, тапқырлығы,
еңбекқорлығымен өз орнын табу керек.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау
қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма жиырма тоғыз жыл болған екен. Қиындығы мен қызығы,
ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбек жолымдағы педагогикалық ұстанымым -
үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну жəне əр оқушыларымның бойынан жылт еткен
жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы
биік мақсаттарды орындау.
Алдымнан түлеп ұшқан шəкірттерімнің еліміздің əр түкпірінде бірі - дəрігер, бірі - мұғалім, бірі
- басшылық қызметте, бірі - əскери қызметте, ал біреулері - мектебіміздің оқу озаттары болғаны менің
еңбегімнің бір белесі екені мен үшін - үлкен бақыт!
Мамандығым - мақтанышым. Өз мамандығымды жетік меңгерген, еңбегімнің жемісі - алдымнан
білім нəрімен сусындатқан шəкіртімнің өмірден өз орнын тапқаны деп білемін.
Жалпы алғанда, ұстаздық қызметімнің оқу мен тəрбиенің ортақтығы арқасында жас ұрпаққа
заман талабына сай білім беру, жеке тұлға ретінде жетілдіру - адамдық борышым.