Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI194

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГТІҢ РӨЛІ

    Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік

пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тəуелсіз еліміздің

бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың

кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, əрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін

де өте маңызды үдеріс.

    Сананы рухани жаңғыртуға бəсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен

Елбасы айтқандай рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше

міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын

«Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Əрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі

үшін нақты үлес қосуға үндейді.

    Келешек жас буын өкілдері халықтың игі дəстүрінен тəлім алып, елжандылық, патриоттық

қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.

    Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді.

«Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу-

тəрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дəстүрді

сақтау, мемлекеттік рəміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге

асырылуда.

    Ең бастысы-жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Жастар тəрбиесіндегі басты ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын,

пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.

    Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген

сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», -

дегені жастарды патриоттық рухта тəрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.

    Осы байланысты жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыруды педагогтің рөлі зор

болмақ. Əсіресе бейнелеу өнері сабақтарында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын

жүзеге асыруда Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың орны ерекше болмақ. Себебі, сурет салу

іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше

заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар,

акварель бояу мен қылқаламды пайдаланудың əдіс-тəсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей

жағыс, қылқалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай, біртіндеп жүйелі тегіс

бояу, сулау тəсілі, үрлеу тəсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан

бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тəсілдерін, қос бүктеп беттестіру

арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап –

сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап

қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз

мөлшерінің бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін таңдап үйлесімді бере білуге

дағдыландыралы. Бейнелеу өнерінің мəнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген

қызығушылығын арттыру көзделеді. Сурет салу арқылы балалардың іскерлік қабілеті дамып,

эстетикалық талғамы артады. Сурет іс-əрекеттері арқылы бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік

оянады.

    Мəселен, бейнелеу өнері сабағында тапсырманы түсіндірген кезде бейнеленіп отырған

объектінің эстетикалық əрі патриоттық мазмұнының маңызы зор. Оның үстіне құбылыстағы, заттағы

нақты əсемдікті педагог асқан сезіммен, əсерлі түрде əңгімелеп беруі тиіс. Бейнелеу өнері сабағында

оқушыларға патриоттық тəрбие тəрбие беруде халық дəстүрлерін, ұлттық өнердің түрлерін көбірек

пайдалану қажет. Бұл «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» атты Елбасы мақаласының «Туған жер»

бағдарламасымен байланыстыру арқылы нақты жүзеге аспақ. Себебі балаларды халқымыздың өнері,

ұлттық ойындар жəне Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы бейнелер қызықтырады.

Сабақта эстетикалық талғамды қалыптастырып, негізі мынадай іс-əрекеттерге тоқталу керек. Жаңа

сабақты түсіндіру барысында көрнекіліктерді түрлендіре отырып, сұрақ-жауап, əңгімелеу əдістерін

қолдану. Сабақты ұлттық əдет-ғұрыптар мысалдарымен түрлендіріп жүргізу.

     Қазіргі кездегі өмір тəртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала

қоршаған табиғат баланың патриоттық дамуының алғы шартын жасайды. Ол əр түрлі халықтардың

творчествосымен, сурет жəне мүсін өнерімен, музыка жəне биімен, қуыршақ театрының

спектекльдерімен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді. Совет жазушылары – В. Маяковский,

С. Маршак, К. Чуйковский, С. Михалков, А. Барто, композиторлары – Д. Шостакович, С. Профьев,

А. Александров, Д. Кобалевский, М. Красев, М. Раухверг, суретшілері – Н. Жуков, А. Пластов,

А. Каневский балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды.

Патриоттық тəрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына əсерін тигізетіні қабылдаудың,

туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктіңд амуына бағытталған.

     Патриоттық тəрбиенің негізгі құралдары – əдебиет жəне өнер. Олар зор идеялық тəрбиелік рөл

атқарады. Əдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді.

    Белгілі орыс суретшілері П. Федотовтың, В. Перовтың, И. Репиннің, И. Шишкиннің,

И. Левитонның жəне қазақ суретшілері Ə. Қастеевтің, М. Кенебаевтің, Қ. Шаяхметовтың

шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тəрбиесіне күшті ықпал етеді.

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың патриоттық көзқарасын тəрбиелеуде ықпалы мол.

Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сəулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат жəне қоғам

əсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары əсемдік үшін күреске шақырады, адамдар

мұратына, күнделікті өмірдегі тəртібіне үлкен ықпал жасайды.

     А. П. Чеховтың сөзімен айтқанда: «адамда келбет, киім, жан дүниесі, ойы – бəрі сұлу болу керек»

Бейнелеу өнері сабағында пейзаждың кескіндеме шығармалары, суреттік шығармалар

оқушылардың патриоттық тəрбие беруде Елбасының «Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру»

мақаласының рөлі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.

    Бейнелеу өнері сабағында алдын-ала жасалған жоспарларға сəйкес саяхат өткізілген дұрыс.

Саяхаттың қазіргі объектілері: көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер.

Бейнелеу өнері арқылы берілген эстетикалық тəрбие оқушының адамгершілік қатынас

тəжірибесін жүйелі жинауы, дұрыс көзқарастарды тереңдету мен бекіту оқушыны қоршаған орта, өз

бетінше іс-əрекетке жəне жағдайға қоюды жауапкершілікке итермелейтіндей талап етеді.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін

беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел

ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың, əсіресе педагогтардың басты міндетіміз деп

білемін.

    Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді

айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап

қалу. Құндылықтарымыз бен озық дəстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу.

Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде

тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», - екенін атап көрсетті.

«Жақсы мұғалім- үйретеді, керемет мұғалім- көрсетеді, ұлы мұғалім- шабыттандырды» демекші,

Елбасы мақаласы мен сабақ барысындағы педагог рөлі туралы ойға түйгенім көп. Сондықтан да бірінші

үйретуден бастасам деймін. Ертеңгі күні мектептің оқыту үдерісін дамытуда жаңартылған білім

мазмұнына бастама болар қызметімде, менің конференция барысында жетілдірілген тəжірибемнің

ықпал ететіні сөзсіз.

    Мемлекет басшысының аталмыш мақаласы жаңғыру кезеңінде еліміздің жасауы тиіс нақты

бағыттарын айқын көрсетіп шықты. Еліміздің ең озық мемлекеттер қатарына кіру үшін жасалынатын

жоспарлар мен міндеттер де айтылып өтті. Мен де барынша сабақты жүргізуде Елбасы мақаласымен

байланыстыра отырып патриоттық тəрбие беруге болатындығын жеткіздім. Жалпы айтқанда, рухани

жаңару арқылы əлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре

отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетуге еңбек етейік!

    Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:

   1. ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы

   2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа əлемдегі – жаңа Қазақстан». Астана, 28 ақпан 2007.

   3. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға». Астана, 6 наурыз 2009.

  4. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. Алматы: «Қайнар», 1996 ж.

  5. Тощенко Ж. Т. Социология. Общий курс 2-е изд. Доп. И прераб. – М: «Прометей»: Юрайт, 2001.

  6. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру - міндет. // Қазақстан мектебі. №9-10. 2005. 25-26 б.

  7. Байғазиева Г. Жаңа пед технология. // Қазақстан мектебі. № 8. 2005. 53-54 б.

  8. Арысбаева З. Инновациялық əдіс-тəсілдерді қолдану ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі. №1. 2007. 69-70 б.

194 0
ДИДАР ЗИЯДАНОВА, №28 IT мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алматы облысы, Талдықорған қаласы Ұлы дала ұстазы № 000138
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: