Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI193

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ОЙ САНАНЫҢ КЕМЕЛДЕНУІ

    Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы

күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласын оқып шығып, осындай ой түйіуге болады. Оның

айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол.

Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тəрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге

ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.

     Аймағымыздағы келер ұрпақтың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым Елбасы Н.

Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ықыласпен түйсіне оқығаны анық.

Олай дейтінім, мақалада «Ұлттық салт-дəстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, əдебиетіміз,

жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мəңгі қалуға тиіс» деген

жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі

мəңгілік болары хақ.

    Елбасының жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды деп

жарияланды. Қайта жаңғырудың екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алып

жатырмыз. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін əрқайсымыздың санамыз ісімізден озып жүруі, одан

бұрын жаңғырып отыруы тиіс, делінген мақалада. Шындығында ұлттық рухы, руханияты жоғары,

мəдениеті озық ел көп нəрсеге қол жеткізетіні анық. Жəне ұлттық бірегейлікті сақтау ұлттық жаңғыру

деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін қажет етеді. Елбасы ұлттық мəдениетті сақтай отырып

жаңғыру жəне ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту қажет екенін

қазақстандықтардың түсіне білуі керек екендігін баса айтады. Мақаладағы «Туған жер» бағдарламасын

қолға алу ұсынысы жас ұрпақты тəрбиелеуге дəл жəне уақытында айтылған нақты тапсырма деп

білемін. Əрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, туған жеріне деген

сүйіспеншілік, құрмет болмайынша – Отан деген Ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен беріле

сүю екіталай.

    «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мəдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез

келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз əрі ұлттық

мақтанышымыздың қайнар бұлағы», – делінген мақалада.

     Неғұрлым тұтастыққа жету үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тəрбиелік маңызға бай

əдет-ғұрып, салт-дəстүрлері қажет. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі

қасиеттері ғана біріктіре алады. Елбасы мақалада осы ұстанымды айқын көрсетіп берді:

«…Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды

болады…Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу».

Бұл – тектен тек айтыла салынған жүрек қалауы емес, бүгінгі өркениетті, озық технологиялы,

жаһандық ықпалдасудан, керек десеңіз, түрлі қауіп-қатерден қорғану жолы. Осы орайда ұлтымыздың

белгілі ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Қасыңнан да, досыңнан да бірдей сақтан», – деген сөзі ойға

оралады. Сақтанудың басы – өзіңе қатысты рухани құндылығыңды түгендеп, кейінгіге мұра етіп

қалдыру.

     Əр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп,

рухани болмысымен өмір сүруге баулиды. Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті

мəселесі – туған жерге деген махаббат.

       Елбасы: «…Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның

тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Сол себепті, Туған жерге, оның мəдениеті мен салт-дəстүрлеріне айрықша іңкəрлікпен атсалысу –

шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап өтті.

     Расында, өзінің туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің

игілігі үшін қызмет ете алады. Міне, патриотизм дегеніміз туған жерге деген сүйіспеншіліктен

басталады.

    Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір кісі: «Уа,

Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге

пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген екен. Демек, қоғамға пайдалы болғаның – жақсы мұсылман

болғаның. Алла Елшісінің тағы бір хадисінде: «Отанын күзеткен шекарашының көзі ақыретте

күймейді», – деген. Туған жерді қорғау, туған еліңе қызмет ету білімнің көптігінен емес, елдік санаға,

туған еліңе деген махаббатқа байланысты екен. Алаш арысы Əлихан Бөкейхан: «Халыққа қызмет ету –

білімнен емес мінезден», деп бекер айтпаса керек. Осынау парасатты пікір Абайда да бар: «Атаның

баласы болма, адамның баласы бол». Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа алмасып отырған «елдік сана» желісі.

Елбасының мақаласында айтылған осы құндылықтар санамызда жаңғыртып, жан-дүниемізді тағы бір

серпілтті. Сонымен қатар, «Туған жер» бағдарламасы еліміздегі жомарт жандардың өзінің туған еліне

шарапатын тигізіп, қайырымдылық іс-шараларға үлкен үлесін тигізуге ықпал етеді деген сенімдеміз.

Кез келген қоғам ұзақ уақыт бойы жинақталған тəжірибені келесі ұрпаққа ізгі дəстүрінсіз жеткізе

алмайтынын есте сақтағанымыз абзал. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тəжірибе мен ұлттық

дəстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, заманасынынан сүрінбей өткен озық дəстүрлерді

табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-

рухани тамырынан нəр ала алмаса, оладасуға бастайды», – деп Елбасы кез-келген қоғамдық, əлеуметтік

үдеріске қазақы салт-санамен бейімделу қажеттілігін баса айтқан.

     Егер халықтың дəстүрі болмаса қалай дамып, қалай өрістейді? Өткеннің тəлімді тəжірибесін

алмай, алға қадам басуға бола ма? Кез келген халық шариғатқа қайшы келмейтін дəстүрімен жаңаны

жалғап барып қадам жасауы – оның өмір сүруінің алғашқы белесі. Осындай рухани тұтастық жоқ жерде

ұлттық дүниетанымдық үзік пайда болады. Ұрпақ сабақтастығы деген халық болып ұйысып өмір сүру

мүмкіндігі, жекешілдік емес, ұжымдық, елді күрдіс болғандықтан ұлттық құндылықтарымызды

дінімізбен сабақтастыра жаңғыртудың маңызы өте зор.

     Дін – қоғамдық қатынас пен күллі адам жаратылысын біріктіруге, тұтастыруға жіберілген

асылиллəһи құндылық. Адамзат баласы имандылықты өз табиғатын, əуелгі жаратылысын бұзбай, соған

сайтанып-біліп, сана-сезімімен қабылдағанда ғана ақиқатқа жетеді. Əрбіржанды-жансыз жаратылысты

өзерекшелігімен, қадір-қасиетімен жаратқан мейірімді Алла Тағала адамзат баласын да түрлі ұлттар

мен ұлыстарға бөлген. Жаратушы Иеміз бұлсырды «Рум» сүресінің 22-аятында: «Көктер мен жерді

жаратуы, тілдеріңнің, түстеріңнің алуан түрлі болуы да – Оның белгілерінен. Күмəнсіз, бұларда

білгендер үшін белгілер бар», – деп баяндаған.

    Жалғасын табатын жарқын істердің жүзеге асуына Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың жыл басындағы

халыққа Жолдауында айтылған Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағдарламаларымен «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бағыт-бағдар болатыны сөзсіз. Еліміздегі білім алушылар, əсіресе

өскелең жас ұрпақ рухани жаңғырудың, озық ой-сананың, ұлттық рух пен патриотизмді насихаттайтын

жарқын істердің көшбасында жүреді деп сенемін.

159 0
ИНДИРА АДЫЛБАЕВА, №6 мектеп-лицейінің қазақ тілі пəні мұғалімі Павлодар облысы, Екібастұз қаласы Ұлы дала ұстазы № 000137
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: