Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI192

ҚОСТАНАЙ ӨЛКЕСІНІҢ ІНЖУІ: «СОСНОВЫЙ БОР» ШИПАЖАЙЫ

     Қостанай облысының бизнес - туризм сегментінде белгілі бір болашағы бар. Геосаяси жағдай

жəне табиғи шикізат ресурстары Қостанай облысының бизнес жəне халықаралық конвенцияларға

қатысу мəселелері бойынша келушілер бизнес туристер санын көбейтеді деген болжам жасауға

мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген орталықтардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық

стандарттарға сай келеді. Астана қаласы осындай стратегиялық аймақ болып келеді. Біздің

мемлекетіміздің жас ордасы ретінде өзіндік келбеті мен инфрақұрылымы бар қалаға деген

қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық жəне ішкі туризмді жылдам дамытуға

қызмет ететін болды.

    Туризм дамуы үшiн материалдық - техникалық факторлардын үлкен маңызы бар. Олардың

негiзгiлерi: орналасу, көлік, қоғамдық тамақтану, сауда мекемелерінің дамуымен байланысты.

Туристердi орналастыру үшiн пайдаланылатын материалдық база туристiк инфрақұрылымның

құрылуында алдыңғы орынды алады. Орналастыру орындарына қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер,

туристiк ауылдар, жеке пəтерлер т. б жатады. Туристiк саяхат кезiнде маңызды рольдi, сонымен қатар

туристердiң тамақтануын ұйымдастыру алады. Туристiк ағымды кеңейтудiң негiзi болып, көлiк

табылады. Соңғы кезде техникалық прогресс қарқынының тездетуiнiң нəтижесiнде көлiк кауiпсiз, тез

жəне комфортабельдi болып жатыр.

    Бурабай курорттық ауданы өзінің табиғатымен, тауларымен, көлдерімен, жануарлар мен құстар

дүниесінің əртүрлілігімен, шипалы климатымен, таза ауасымен, қымызымен, шипалы сулары мен

батпақтарымен, аңыз-əңгімелерімен ерекшеленеді. Осының барлығын көру, сауықтырылу жəне демалу

үшін туристер көп келеді. Қостанай облысының демалушылары тек қана Қазақстандықтар емес,

сонымен қатар Ресейден де көп демалушылар келеді. Бірақ, Қостанай облысының табиғи жəне

əлеуметтік - экономикалық ресурстары өздерінше туристердің келуін қамтамасыз етпейді. Осындай

қарсы алудың мүмкіншілігі қажетті туристік инфрақұрылымының болуымен анықталады. Туристік

инфрақұрылымының дамуы Қостанай облысының туристік өнімін өндірудегі қатысуы мен оның

халықаралық нарықта бəсекелестік күресте қатысуына мүмкіншілік береді. Туристік шаруашылық

туристік ұсыныстың элементі болып табылатындықтан, территориялық құрылымға үлкен əсерін

тигізеді. Осындағы алдыңғы орын түнеу базаларына, транспортқа жəне тамақтану орындарына тиеді.

Осы құрылымдар болмаса демалыс пен көпшілік туризмнің дамуы, жердің туристік көріктілігіне

қарамастан мүмкін емес Қостанай облысының демалыс орындары мен туризмнің қазіргі жағдайы мен

даму болашағы мəселесін зерттей келе, Қостанай аймағында туризм инфрақұрылымын өркендету үшін

Наурызым Мемлекеттік табиғи қорығында экологиялық туризмді дамыту мүмкіндігін жүзеге асыруға

болады деген қорытындыға келдік. Қорғалатын табиғи зоналарына саяхаттайтын туристердің барлығы

сол зонаға кері тигізбеуі, зиян келтірмеуі мүмкін бе? Экотуризмнен түскен кірістен шығын жылдан

жылға басымдылық көрсетіп, жоғалтқан табиғи шығынды қалпына келтіруге бөлінген кіріс бөлігі

жеткіліксіз болып қалуы мүмкін бе? Осындай сұрақтар тумас үшін Тим Хилинг өзінің «Экотуризм и

Казахстан» деген еңбегінде экотуризм келесідегідей міндеттерден тұру керек деп көрсетеді:

Табиғатты бүлдірмей, оны қорғауға көмектесу. Оны əр түрлі тəсілдермен шешуге болады.

Мысалы, сол қорықта болған турдан кейін табыстың 5 пайызын қорыққа беруге болады.

Жұмыс орнын құру жəне жергілікті халықтың табысын көбейту. Бұл жергілікті адамадарды гид

есебінде жұмысқа алып, жергілікті құралдарды жалға алып жəне қосымша қызмет түрлері (туристік

топтың жергілікті шатханаларда тамақтануы, туристердің жергілікті тұрғындардың үйінде тұруы)

қолдануға мүмкіндік туғызады.

     Жергілікті жердің мəденеиетін əңгімелеу. Бұны да бірнеше тəсілмен шешуге болады. Халық

шаруашылығын ауызша жəне жазбаша демонстрациялау, жергілікті жəне жеке меншік сувенирлерді

сату. Туристерге барлық дəстүрлі орындарға баруға, яғни ұлттық тағамдар, сусындар, көкөністер,

жемістер жəне басқа да тағамдар пайдалануға мүмкіндік жасау қажет.

    Туристерді оқытудың өз мақсатын қою керек. Туристер əрдайым экотуризмдерге не үшін, қалай

саяхаттау қажет екенін нақты білу керек.

    Сонымен қатар, концепцияда мынадай жолдар берілген. «Тұрақты болу үшін экотуризм масштаб

бойынша ірі болмау керек жəне жергілікті адамдардың басқаруында болу керек. Уақыт өте келе

əлеуметтік жəне қоршаған ортамен байланысты проблемалар тудырмау үшін, экотуризмді дамытудың

тұрақты мониторингін құру қажет. »

    Қазіргі осы экологиялық туризмге сұраныс көбейіп отыр. Əлемді қоршаған ортаның техногендік

ластануы, адамдардың əрқашан бетон қабырғаларында уақыт өткізуі, электроника жəне басқа адам

өміріне жағымсыз факторлардың əсерінен адамдардың жабайы табиғатқа, таза ауаға, ешқандай зиян

тимеген жемістерге қызығушылығы артқан. Олар таза табиғи қоршаған ортада болғысы келеді.

Осыларды есепке ала отырып, осындай экологиялық туризмді Наурызым Мемлекеттік табиғи

қорығында ұйымдастыру қолайлы екенін байқауға болады.

     Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасыр туризм ғасыры болмақ. Қазақстанда туризм

нарқының дамуымен жаңаша ойлап, жаңа істер атқаратын мамандарға қажеттілік өсті. Яғни, қазіргі

уақытта сапалы біліммен қамтамсыз етілген туризм мамандарына сұраныс жоғары. Біздің елімізде

туризмді дұрыс жоспарлап дамыту үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте қажет. Тиянақты

білімі бар мамандар туризм əлемінде дұрыс бағыт ұстау мүмкіндігіне ие бола алады.

    Ең алдымен, осы курорттық ауданның табиғи рекреациялық ресурстық мүмкiншiлiгi өте зор. Осы

потенциал демалушылардың əртүрлi қажеттіліктерін қанағаттандырады. Осы ауданда қатты дамып

жаткан емдiк туризммен жəне сауықтыру демалыстарымен қатар, шетел туристерiн тарту үшiн жаңа

туризм түрлерiн дамытуға болады. Мұнда курорттық жəне рекреациялық орындардың көп болуы жаяу,

атты демалысты, ғылыми, спорттық жəне экологиялық туризмдi дамыту үшiн жағдайлар жасайды.

Қостанай облысының əлеуметтiк – экономикалық рекреациялық ресурстар мүмкiншiлiгiнiң зор

болуы да осы аудандағы жаңа туризм түрлерiн дамытуға болатынын анықтайды. Мəдени - тарихи

ескерткiштер осы курорттық ауданға емделу мен сауықтыруға келген адамдардың танымдық

қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға, осылайша танымдық туризмдi дамытуға мүмкiндiк туғызады.

Туризм географиясының негiзгi ұғымдарының бiрi болып, объектiнiң немесе өңiрдiң «туристiк

аттрактивтiлiгi» табылады. Сол немесе басқа ауданның тартымдылығы тек колайлы жағдайлармен

немесе тарихи ескерткiштермен ғана емес, сонымен қатар дамыған туристiк шаруашылықтың

болуымен анықталады. Осы курорттық ауданның туризмiн дамыту үшiн, туризм мен рекреация үшiн

бөлiнген жердi толығымен игеру керек. Мысалы, Ақкөл көлiнiң оңтүстiк батыс бөлiгiнде жаңа туристiк

инфрақұрылымды салу керек. Сонымен қатар, көп уақыт берi пайдаланылып жатқан, материалдық -

техникалық базасы ескiрiп қалған туристiк инфрақұрылымды реконструкциялап, қызмет көрсету

сапасын жақсарту керек. Осы жағдайларды ескерiп, осы ауданның материалды - техникалық базасын

нығайту мақсатымен осы ауданның туристiк имиджiн құрастырып, инвесторларды тарту керек.

Қостанай аймағының курорттык ауданына жыл сайын стационарлық демалысқа жəне қысқа

мерзiмдiк демалысқа бірнеше мыңдаған отандық жəне шетелдік азаматтар келедi. Осының салдарынан

осы көрiктi жердiң табиғаты нашарлап, экологиялық жағдайы киындап бара жатыр. Бұл өнiрдiң

көптеген обьектiлерi мемлекеттiк қорық фондысына жатқандықтан, сонымен қатар осы ауданның қиын

экологиялык жағдайларын ескерiп, бұл өңiрде экологиялық туризмдi дамытуды жөн көрiп отырмыз.

Санаторияның бірегей табиғи емдік-шипалық мүмкіндіктері санаториялық-шипажайлық

қызметтерді көрсетуге негіз болып табылады. Мұнда медициналық жəне диагностикалық

аппаратуралармен (УЗИ, ФГС, клиникалық-диагностикалық лаборотория) жабдықталған 3 қабатты

емдік-диагностикалық корпус пайдаланылады. Емдеу барысында келесі табиғи ресурстар

қолданылады: бұлақтан алынатын минералды су жəне емдік балшық.

     «Сосновый бор» санаториі минералды суы бар стационарлық бассейнге ие, сондай-ақ

тренажерлармен жабдықталған спорт залдар, жаңға жайлы сауналар бар, өзен жағасында орналасқан

орыс моншасы бар.

     Санатория-шипажайлық емдік қызмет көрсетудің барысында физиологиялық ем, балшық жəне

минералды су қолданылады. Ең басты емдік фактор минералды су болып табылады. «Сосновый бор»

санаториі минералды суының өзіндік құрамы танымал «Пятигорский» шипажайындағы минералды

бұлақ суының құрамына, сондай-ақ «Моршин», «Карловы Вары» жəне «Ессентуки 17» суларына ұқсас

болып табылады.

    «Сосновый бордың» емдік-шипалық қызметі. Санаторий келесідей ауруларды емдейді:

- Ішек-қарын жолын (гастрит, эзофагит, асқазан ауруларын, колит, өт қабының қабынуы,

панкреатит).

- Жүрек-қан тамырларының ауруы (гипотония, бастың сақина ауруларын, стенокардия);

- Радикулит, артрозоартрит, полиартрит, жауырын периартриті;

- Зат айналуының бұзылуы (семіздік, қант диабеті);

- Аллергия мен тері аурулары (экзема, псориаз, нейродерматит);

- Гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарды (аднексит, бедеулік);

- Өкпе ауруларын (бронхит, бронхалы астма, созылмалы пневмония);

- ЛОР аурулары (гайморит, фарингит, ларингит, отит, тонзиллит);

- Несеп ауруларымен ауыратын науқастарды (простатит, импотенция, цистит, энурез).

     Климатпен емдеуді (əуе жəне күн ванналары, минералды бұлақ суынан жиналған көлде шомылу),

бальнео-, физиотерапевтикалық процедураларды, емдік гимнастиканы кеңінен қолдану санатория-

шипажайлық емді ерекше тиімді етеді.

      Жазылған жұмысты қорытындылайтын болсақ, Қостанай облысында курорт, санаториялар

көптеп кездеседі. Осы курорттық аудан Қазақстан Республикасының туризiмiн дамытуында маңызды

орын алады. Себебi, осы аудан өзiнiң ерекше табиғи - климаттық жағдайларымен Қазақстанның iшкi

туризмiн дамытуға мүмкiншiлiк бередi.

     Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:

     1. Алиева Ж. Н. Туризмология негіздері. Алматы: Қазак университеті, 2004

    2. Замятин С. И. Курорты Казахстана. Алма - Ата, 1962

    3. Замятин С. И. Курорты, санатории и лечебные местности Казахстана. Алма - Ата: АН Каз ССР, 1956

    4. Криницин Н. Я. Курорт Боровое. Научно – популярный очерк типа справочника. Под

       редакцией и предисловием проф. П. И. Зарницина. 1928

   5. Брякин М. И. Справочник по курортам Казахстана. Алма - Ата: Казгосиздат,1959

   6. Соколова М. В. История туризма. М. : Мастерство, 2002. - 350с.

   7. Қазақстан курорттары. Алматы: Қазақстан,1974

   8. Курорты энциклопедический словарь. М. : Сов. Энциклопедия, 1983

   9. Хамнюк В. Ф. Природные лечебные богатства Казахстана, перспективы их использования. Алма - Ата, 1967

   10. Котляров В. А. География отдыха и туризма. М. , Мысль 1979


382 0
ҒАЛЫМ ШЫҢҒЫС, «№3 Денисов орта мектебі» КММ-нің география пəні мұғалімі, ғылыми жетекшісі ДАРИГА ЖУРПЕРОВА «№3 Денисов орта мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы Ұлы дала ұстазы № 000136
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: