Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1879

Мен –заманауи бастауыш сынып мұғалімі

 Мен –заманауи бастауыш сынып мұғалімімін деп өзімді айта аламын ба? Ол үшін мен қандай болуым керек? Деген сұрақтарға жауап бере отырып осы эссемді тарқатып, талдап, түсіндіріп кететін болсам, өзімнің жиырма жылдық өтілімде талай шәкірт тәрбиелеп шығарған ұстаз ретінде жүріп өткен жолымды саралай келе бұл сұрақтың жауабы шығатынына сенімдімін.Ұстаз-ұлы тұлға.Сондықтан ұлы тұлға болу үшін заманға сай ұстаз бола білу керек және заманға сай шәкірт тәрбелей алу керек.Осыдан жиырма жылғы сабақ үрдісі мен қазіргі сабақ беру әдісін әрине салыстыуға болмайды, бірақ сол кездегі оқушы мен қазіргі заманғы оқушыны да салыстыруға келмейді деп ойлаймын.Мен күнделікті сабағыма дайындалғанда әр оқушымның жас ерекшеліктерін ескере отырып әдіс-тәсілдерді мұқият саралай отырып қолданамын.Сыныбымда ұяң,шапшаң,лидер  және өте баяу оқушылар отырғандықтан мен тілдік мақсаттарға баса назар аударамын.Алдымда отырған оқушыларымның мінез құлқы мен қабілеттерін жетік білгендіктен әр оқушының сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға арналған жеке және топтық тапсырмаларды қалай дайындау керектігін және оның тиімділігі мен қол жетімділігіне баса назар аударамын.Бұл бастауыш сынып   мұғалімдеріне берілген бір керемет мүмкіндік деп ойлаймын себебі біз, әр  оқушымызды жеке тұлға ретінде жетік білеміз.Түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып мен оқушыларымның тілдік мақсаттарына яғни оқылым, жазылым,айтылым мен тыңдалымдарын дамытуға байланысты тапсырмалар беремін.Сыныпта түрлі жарыс өткізе отырып оқушыларымның тұлға ретінде ашылып өз бетінше жұмыс жасай отырып басқа сыныптастарын бағалай алуына бағыт беремін.Бастауыш сыныптағы білім ол оқушы білімінің негізі болғандықтан әр оқушының қабілеті мен шығармашылығы осы бастауышта шыңдалады.Бастауыш сыныпта оқылатын әрбір пән орта мектепте оқылатын бірнеше пәннің бастамасы болғандықтан мен  әр оқушымның болашақ актер, музыкант,жазушы,спортсмен, әнші және бишілік қабілеттерін көргендіктен осы қабілеттерін жетілдіре отырып  шыңдауға тырысамын.Сабақты ұйымдастырғанда оқу   мақсатына жету үшін сабақты дұрыс жоспарлай білу,тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау,жаңа технологияны қолдану шеберліктері,АКТ ны өз уақытында қолдана алу,сабақ барысында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарын іріктей білу,оқушылардың шығармашылығына жағдай туғызу, оқушылардың тілін,ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлу,әр оқушыны назардан тыс қалдырмай бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қадағалау және сабақта жағымды атмосфера қалыптастыра отырып қызықты сабақ өткізу жолдарын қарастырамын.Міне осындай жаңа технология әдістерін қолдану арқылы сабақты жоспарлап жүргізу оқушының өзін-өзі дамытуына,өз біліміндегі олқылықтарды өзі табуына өз сұрағына өзі жауап іздеп,жан-жақты білім алуына көмектеседі.Сондай ақ әр оқушының функционалды сауаттылықтарын дамыта  отырып  алған білімдерін өмірде қолдана алатын тұлға болып қалыптасуларына өз үлесімді қосып келемін.Тәрбие мен білім егіз дегендей әр оқушының өзіне деген сенімін,тез арада шешім қабылдай алатын өзінің сыныптасы мен досына кез келген сәтте көмек қолын соза алатын жалпы адамгершілік қасиеттерді бағалай алатын тұлға тәрбиелеп шығарамын деп ойлаймын.

      Мен өзімді әрқашан өзін қоғам талабына сай үздіксіз тірбиелеп отыратын,шығармашылығын шыңдап заманға сай білімін жетілдіріп отыратын,түрлі шығармашыл адамдармен қарым-қатынаста болатын әсіресе оқушылармен тез жақсы қарым-қатынасқа түсе   білетін ,ұйымдастырушылық қабілеті дамыған,өз пәнін жетік білетін таланты мен тәжірибесі тоғысқан қазіргі қоғамдағы саяси өмірге белсенді араласып,өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі   негізіндегі оқушыларға үлгі болатын ұстазбын деп санаймын.Жұмыс барысында бастауыш сынып  мұғалімдерімен тәжірибе алмаса отырып сабақтағы кеткен олқылықтарды бірге шешуге тырысамын өз қазанымда өзім қайнамай ұжымдағы басқа тәжірибелі ұстаздармен үнемі отырыстар жасап ӘБ-де талдап талқылап тәжірибемізбен бөлісіп  отырамыз.

   Ендеше мен өзімді «Мен –заманауи бастауыш сынып мұғалімімін»- деп  айта аламын ба? Әрине айта аламын.Бұны мен өз ісіммен дәлелдеп жүрген ұстазбын!

 

 

 

 

264 0
Тологон Зоя, Ақмола облысы, Зеренді ауданы “Елікті ауылының ЖОББМ’’ ККМ-нің Бастауыш сынып мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 000804
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: