Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1878

Махаббат қызық мол жылдар

Сабақтың мақсаты: БС2 Әдеби шығармадағы кейіпкерлер мінездемесі. Автор көзқарасы. Шығарманы әлем әдебиетімен салыстыру. 

Автордың негізгі ойын  сол заманғы өмірмен байланыстырып, заман  көрінісін түсіндіру. Шығарманың тақырыбы мен мазмұнын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру.

Сабақтың барысы: 

Дыбыс шкаласы арқылы қызығушылықты ояту

 

Осы өлеңмен оқушыларды топқа бөлу

Құдай-ау, қайда сол жылдар,
 Махаббат, қызық мол жылдар?
 Ақырын-ақырын шегініп,
 Алыстап кетті-ау құрғырлар.

Бағалау критерийі: 

  1. Шығарманы толық біледі;
  2. Қазіргі уақытпен үндестіре алады;
  3. Өзінше ой толғай алады.

 

Әр топқа романнан үзінді және сұрақтар беріледі

1. «Ұлы Отан соғысында біз жауды қаруымыздың - самолеттің, танктің, артиллерияның құдіретімен жендік, -деп ойладым мен онан әрі. - Сол сияқты алаулаған асыл махаббаттың күшімен де жеңдік. Біздің жүрегімізде Отанға, анаға, сүйген жарға деген шексіз махаббат болды. Соңғы күш алдыңғының қуатты қозғаушысына айналды да, өлім мен өмірдің арпалысындай айқаста біз жеңіп шықтык. Меніңше, махаббат - дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ. Ендеше, қыздар, махаббаттың мөлдір бастауы - сендерді көргенде қалай тебіренбейін, қалай қуанбайын мен! Кеше өгей Европадан өз Европама жеткенше асығып ем, өз Европам өз Азиямдай қуанышпен қарсы алды мені. Кейіпкердің қай жағдайдағы көңіл-күйі?

2. Өзіңіз білесіз, «Одиссеяның» соңғы жыр-тарауларында Одиссей батырдың жары Пенелопа сұлудың соғысқа кеткен ерін жиырма жыл бойы айнымас адалдықпен күткені суреттеледі ғой. Жиырма жыл бойына ол өзінен дәмеленіп, қол созған жігітсымақтардың бәрін әр түрлі айла тауып, бойына дарытпайды. Қызығушылар қыр соңынан қалмаған соң, бірде ол сол елдің дәстүрі бойынша қарт атасына кебін тоқуға кіріседі. Соны бітіріп, атамның алдында келіндік қарызымды өтегеннен кейін ғана басқа күйеуге шығамын деп жар салады. Бірақ Пенелопа күндіз тоқыған өрмегінің жібін өзі ылғи түнде тарқатып тастап отырады. Романда осы жырды Меңтай қазақтың қай шығармасымен салыстырады?

3. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр. Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп, көп сөйлемегені абзал. Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы - бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан, оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс. Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді, жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң - айналаңда досың көп; жаман болсаң – жалғыз жүресің; орташа болсаң - сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса - іздеген досың алыстан үйіріліп, өзі келеді. Осы үзіндіге сәйкес қандай 3 мақал-мәтел келтіруге болады?

4. Белім шабуылға шыққан сайын біз Ербол өлеңінің:

Алға қарыс бассаң, бас!

Сүйем кейін шегінбе! -

Әдет жоқ ондай тегіңде! –

деген жолдарын үнемі газеттің шигеліне беретінбіз. Шалдуар басын шайқады да:

- Мынадан өлең шығады дегенге ешқашан сенбес едім, аһ, - деп мені бүйірден түртіп қалып, сақылдап кеп күлді. Жауапты секретарь сөзін қайтадан жалғады.

- Оның үстіне мен Ерболға соғыстан аман келіп, осы орында отырғаным үшін тікелей қарыздар кісімін, - деді ол Шалдуардың парықсыз күлкісінің тоқталуын тоспай. - Бұл бақандай үш журналисті тікелей ажалдан алып қалған. Ербол туралы айтып отырған кім?

«Махаббат қызық мол жылдар» шығармасын орыс әдебиетінің қандай шығармасымен салыстыра аламыз?
 

 

 

 

Берілген тіркестерді қолданып, «Кездейсоқ кездесу» тақырыбында шағын әңгіме құру тапсырылады. асығыс жөнелді, жүректерін жайып, қайталап оқу, уәде байласу, әрең табысып 

 

 

«Буриме» әдісімен өлең шығару

.......................................... гүл іздейді,

.......................................... бір үзбейді.

 .......................................... көз алдыма,

........................................... кім іздейді?

Өлеңнің түпнұсқасы

Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді,

Күдерін құштарынан бір үзбейді.

Келесің гүл боп еркем көз алдыма,

Өзіңді мен іздемей кім іздейді?

 

4-3-2-1 стратегиясы

  1. Сабақта алған   4 маңызды ақпарат
  2. Сабақта ұнаған 3 аспект
  3. Қиындық келтірген 2 мәселе
  4. Сабақтағы қызықты сәт

 

Үйге тапсырма: Ги де Мопассанның 

«Томпыш» шығармасын оқу, түсіну

 

 

 

156 0
Жаппарқұл Гүлбибі Әбусайылқызы, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 000803
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: