Білім беру ұйымының атауы | №187 ЖББМ | |||||
Пәні: | Қазақстан тарихы | |||||
Бөлім: | X ғасыр-XIII ғасырдың басындағы Қазақстан | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Сейсенова Айжан Ныгытаевна | |||||
Күні: | 09.12.2022 жыл | |||||
Сынып: 6 Ә | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау; 6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау; | |||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсінеді, халықаралық қатынастардың дамуындағы рөліне баға береді | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру
3мин
| Шаттық шеңбері. бір біріне тілек тілейді | Оқушылар «бір біріне тілек айтып, сәттілік тілейді | мадақтау | |||
Өткен білімді еске түсіру
Үй тапсырмасы
5 мин
Жаңа білім
10мин
10 мин
10 мин |
Дөңгелек колесо ойыны арқылы оқушылардан өткен сабақты сұрақ қою арқылы сұрайды
Мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді.
Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы. Тақырыпты түсіндіру Видео ролик көрсету
Оқушылар стаканнан тәтті сусын құйылған сусынды ішіп болғансоң, стакан түбіндегі түстер бойынша топқа бөлінеді
Оқушыларды 3 топқа бөледі
1 Испиджап 2 Сығанақ 3 Тараз
1 тапсырма: Картамен жұмыс (топтық жұмыс) Әр топқа кескіндеме карта таратылып, топ оқушылары бірігіп Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды табады
2-тапсырма: Мәтінді толықтыр (жеке жұмыс) 1-топ Испиджап Ежелгі түркілердің көшпелі мәдениетті отырықшылық және диқаншылық мәдениетпен ұштастыруға талпынуының нәтижесінде орта ғасырлардың орта шенінде Қазақстан аумағында қалалық мәдениет айтарлықтай өркендеді. Олардың негізгі гүлденген аймағы Ұлы Жібек жолының басты тармақтары өтетін Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі өзендердің жағалары болатын. Тарихи деректерден Сауран, Отырар, Испиджаб тәрізді қалалардың ірі сауда орталықтары ретінде өркендегені белгілі. Бұл жерлерде әртүрлі елдерден келген маталар, қару- жарақтар, әшекейлі ыдыстар мен темірден жасалған бұйымдар сатылатын. 2-топ Сығанақ Қалалар мен керуен жолдарының бойында сауда керуендері аялдайтын керуен сарайлар болды. Керуен сарайлар Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар мен қала маңында көптеп тұрғызылған. Әсіресе VII-XIX ғасырдың аралығында халықаралық байланыс пен сауда- саттықтың дамуы әсерінен керуен сарайлар көптеп алынды. Керуен сарайлардың түрлері төбесі жабық тұйық аулалы және төбесі ашық болды. Қазақ жерінде көбіне төбесі ашық түрі кездеседі. Керуен сарайлардың ортасында мал суаты, айналасында жолаушылар жайғасатын қонақ бөлмелер болған. 3-топ Тараз Ежелгі Тараз қаласын қоршап жатқан үлкенді-кішілі көптеген қалалар мен елді мекендер бар еді. Мұндай кенттердің пайда болуына Тараз қаласының Түрік қағанаты тұсында өркендеуі үлкен ықпал жасады. Тарихи деректерде түркі қағаны Істемінің VI ғасырда Земарх бастаған Византия императорының елшілігін қабылдағаны айтылады. Археологтердің зерттеулері Тараздың батыс түріктері аймағындағы он оқ бодұн елінің, дулулардың, түргештердің, арғулардың, қарлұқтар мен қарахандардың басты қалаларының бірі болғандығын көрсетеді.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Дескриптор: Оқушылар жаңа сабақты дәптерлеріне жазып оқулықты оқып танысып шығады. Маңызды мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады
Оқушылар топқа бөлініп өз орындарына отырады
Дескриптор:
Карта
Дескриптор: Оқушылар керекті сөздерді жазып мәтінді толықтырып жазады |
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды біледі |
Интерактивті тақта
https://youtu.be/eKJiyqIDIuk
Картамен жұмыс
| ||
Кері байланыс (Білім поштасы )
5 мин | Ашық хатқа пікірлерін жазады | Хатқа пікірлерін жазып білім поштасына салады | Мадақтау, сын айту |
| ||
Үй тапсырмасы 3 мин |
«Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы» мазмұндау
|
|
| |||