Рахметова Зайда Махоновна
Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы
Бөлімі: | Аспан әлемінің құпиясы | |
Педагогтың аты- жөні | Рахметова З. М | |
Күні |
| |
Сынып: 5 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы | Шоқжұлдыздар | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту; 5.4.2.1 эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу; | |
Сабақтың мақсаты | Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескереді Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі / уақыты/ | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурс |
Сабақтың бастапқы ұйымдастыру бөлімі /2 минут/ | Ұйымдастыру кезеңі
«Жақсы тілек» тренингі
Үй тапсырмасын тексеру | Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілейді Күніміз сәтті болсын, Жұлдызың жоғары болсын! | Бас бармақ |
|
Тақырыптың ашылуы /5 минут/ | Жұлдызды сұрақ (жұлдызша сыртындағы сұрақтарға жауап береді) 1. Шоқжұлдыз дегенімізді не? /Шоқжұлдыз дегеніміз-аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі/
2. Ең танымал шоқжұлдыздарды атаңыз? /Ең танымал шоқжұлдыздар Жетіқарақшы, Геркулес, Торпақ, Аққу, Бүркіт, Қарақұрт, Жылан, Сужылан т. б/ 3. Аспанда барлығы қанша шоқжұлдыз белгіленген? /Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген/ 4. Аспан, жұлдыз әлемін бақылаушыны кім деп атаған? /Аспан, жұлдыз әлемін бақылаушыны жұлдызшы деп атаған/ 5. Ежелгі түркі жұлдызшылары ашқан жұлдыздарды ата? /Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазаық, Босаға, Таразы/ 6. Жердің дөңгелек екенін алғаш айтқан кім? /Коперник/ 7. Джордано Бруно айтқан пікір? /Жұлдыздар-Күн сияқты аспан денелері/ | Оқушылар сұраққа жауап береді, Жұлдызшаларды белгіленген жерлерге орналастырып, жетіқарақшы шоқжұлдызын құрастырады. |
Жұлдызша |
|
/15 минут /
8 минут
3минут
5минут
| «Жетіқарақшы» бейнеролигі көрсетіледі Кері байланыс Қандай шоқжұлдызбен таныстыңыздар? Жетіқарақшы неге ұқсайды?
Сабақ мақсатымен таныстырыла ды
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Қазақ тіліндегі төл дыбыстары бар сөздерді теріп жаз Жетіқарақшы Жетіқарақшыны жұлдыздар шоғыры түнде уақытты және жол бағытын анықтау үшін қызмет еткен. «Жетіқарақшыны таныған жеті түнде адаспас» деген сөз Жетіқарақшыға дұрыс мән бере алған адам түнгі уақытта жол бағытын дұрыс анықтай алады дегенді білдірсе керек. Жетіқарақшы мен Үркердің жұлдызжарына қарап, түннің қай кез болғанын, жылдың мезгілін білетін болған. Халық арасында мынадай аңыз тараған: «Жетіқарақшыны Үркердің Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін, Үркер әлі күнге дейін Жеті қарақшыны қуып жүр, жақындап қалғанда, ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғаны-қарақшылардың бастығы, жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған-сол Үлпілдек». Шындығында, Жетіқарақшы Темірқазықты айналып, Үркерге жақындағанда, таң бозара бастайды. Дала тұрғындары Жетіқарақшының қозғалысын сағат тілінің қозғалысы ретінде қолданған. Олар түн ортасында және таң алдында Жетіқарақшының қай жерде тұратынын білген. Жетіқарақшы қазақтың мал күзеткен күзетшілерінің астрономиялық сағаты еді. Күздің ұзақ түнінде күзетшілер Жетіқарақшыға қарап кезек ауыстырған. Сәйкесін тап Зат есім сұлу Сын есім жеті Сан есім күзеткен Етістік Үркер Дескриптор 1. Мәтінді түсініп оқиды. 2. Қазақ тіліндегі төл дыбыстары бар сөздерді табады 3. Мәтін мазмұнын түсінеді
«Еркін әңгіме» әдісі «Жұлдыздар жымыңдайды» тақырыбында шағын эссе жазыңыз Дескриптор 1. Эссе құрылымын сақтайды 2. Тақырып бойынша өз ойын жеткізеді
Сергіту сәті Жұлдыз жорамалға сенесіз бе?
Сабақты бекіту «Қырықаяқ» әдісі Шоқжұлдыздар тақырыбы бойынша тірек сөздерді қолдана отырып, қорытынды ой түйіндейді | Оқушылар бейнероликті тамашалай отыра сабақ тақырыбын болжайды
Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтады. Қазақ тіліндегі төл дыбыстары бар сөздерді тауып жазады
«Инсерт» әдісімен мәтінге талдау жасайды
Мәтіннен қазақ тіліндегі төл дыбыстары бар сөздерді сәйкестендіреді
Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады
Оқушылар бүгінгі сабақта меңгерген ақпараттармен ой бөліседі |
Керемет
Жұлдызша
Жұлдызша
Жұлдызша
| https: //youtu. be/F_pAtPYWr0o
(https //surak. szh. kz/31910) |
/2 минут / | Кері байланыс |
| ||
| Үйге тапсырма 58-бет 8-тапсырма |
|
|
|