Мақсаты: Дене шынықтыру мен спортқа қызықтыру және жылдамдықтарын дамыту,қалыптастыру. Балалардың денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету,жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану. Спорт денсаулық кепілі. Жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын сақтауды үйрету.
Кіріспе:
Спорт белгілі бір ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс түрінде өтетін әрекет. Спорт дегеніміз – жеңіске құштарлықпен қатар қойған мақсаттарға жетуге ұмтылыс. Бұл қасиеттер мінез бен қажымас қайраттың қалыптасуына өз септігін тигізді. Спорттық ойын түрлері адамды ептілікке, жылдамдыққа, денсаулықтың жақсы дамуына, шымыршылыққа, мықтылыққа, жігерленуге баулиды. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Спорт қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы.
Салауатты өмір сүрудің тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін де жан кемде – кем. Таңертеңгілік уақытта 20-30 минуттай ертерек тұрып шама келгенше жүгіріп, секіріп әр түрлі қимыл – қозғалыс жаттығуларын жасап соңынан салқын сумен шайынып денені шынықтыруға болады. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп, белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Денсаулығымыз мықты болу үшін мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене жаттығулары, тамақты уақытылы ішуді, уақытты дұрыс пайдалану және шынығу мен демала білуді.
Спорт – адамның рухани әлемі үшінде маңызды. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеметтік қызметтің бір саласы. Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт.
Керекті құрал жабдықтар: Кубиктер. Шығыршық. Доптар. Кедергі. Гимнастикалық таяқшалар. Төсеніш. Шелек. Стакан.
Ойынды бастамас бұрын музыка әуенімен сергіту жаттығулары жасалады:
- Екі қолды жоғары көтеріп отырып тұру.
- Екі қолды кеуде тұсына қойып созылу.
- Бір орында тұрып секіру.
- Белді айналдыру.
- Бір орында тұрып секіру.
- Қолдарды қайшылау.
- Қолдарымызды иығымызға қойып алға және артқа айналдыру.
- Қолдарымызды жоғары көтеріп саусақтарымызды ашып жұмамыз.
Бүгінгі сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.
- Кубиктерден үй жасау. Шарты – еденде жаткан кубиктерден үй жасау.
- Кім жылдам ойыны. Шарты – бас, қол, мұрын, иық дегенде ұстап, (көк, жасыл, қызыл, сары)осы түстердің біреуін айтқанда, мысалы жасыл түс дегенде барлығы жасыл түсті жинауы керек.
- Кім шапшаң ойыны. Шарты – кедергінің астынан өтіп, шығыршықтардан секіріп өтіп келу.
- Тепе – теңдікті сақтау ойыны. Шарты – ұзын гимнастикалық таяқшаның үстінен түзу жүріп өтіп, шелектегі суды стаканға құю.
- Епті ойын. Шарты – гимнастикалық таяқшалардың үстінен секіріп, домалап кедергінің астынан өту.
- Кім жүйрік ойыны. Шарты – бірінші тұрған шығыршықтағы доптарды домалап, екінші тұрған шығыршыққа салу.
- Кедергінің астынан өту ойыны. Шарты – кедергінің астынан өтіп, гимнастикалық таяқшаның ортасына допты қойып жүру.
Қорытынды: Балалардың бойлары сергіп, сайысқа белсенді қатысты. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі балаларға қызықты өтті.