Мақсаты: Ана тіл туралы түсініктерін кеңейту;
Ана тілінде анық сөйлеуге байланыстырып, өз ойын дұрыс айтуға, тілін сөздік қорын кеңейту:
Елін, жерін, тілін сүюге, халқымыздың салт- дəүстүрін қадырлей білуге тəрбиелеу;
Сəлеметсіздерме қонақтар!!!
Біздің музыка залына қош келдіңіздер...
Мектеп алды даярлық «Құлагер» тобын ортаға шақырамыз!!!
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі
Сəлемдесу: Білер қазақ баласы,
Сəлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бəріненде ізетпен,
Иіліп сəлем береміз.
Жылулық шеңбер: балалар, бүгінгі күн жақсы болсын,
-аспанымыз ашық болсын!
-ауырмайық, деніміз сау болсын!
-бақшамыз гүлдене берсін!- деп бір-бірімізге алақанымызды тигізіп жүрек жылуын сыйлайық.
Дайындық кезеңі:
балалар бүгін бізде ерекше сабақ болмақ. Бүгінгі біздің ашық оқу қызметінің тақырыбы «Ана тілім-бал
тілім» деп аталады.
-қанеки барлығымыз мына суретке қарайықшы
-суретте не көріп тұрсыңдар?
-Ата, Əже, Ана, Бала, Бесік.
Негізгі кезең:
-Иə балалар дұрыс айтасыңдар. бұл суретте баласын жұбатып отырған ана, бесік бейнеленген, Ана тіліміз
ананың ақ сүтінен əлдилеген бесік жырына құлағымыз сіңіп ойымызға дарыған екен. Əр халықтың өз
тілі, салыт дəстүрі болады.
-Балалар біздің ұлтымыз кім?
-Біздің ұлтымыз қазақ.
-Біз қай тілде сөйлейміз?
-Біз қазақ тілінде сөйлейміз.
-Біз қай Республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Біздің елімізді кім басқарады, елбасшымыз кім?
- Н. Ə. Назарбаев
-Қазақстан Республикасының бас қаласы, қай қала?
-Астана қаласы.
-Балалар біздің ұлтымыз қазақ, өзіміз қазақ тілінде сөйлегендіктен біздің ана тіліміз-қазақ тілі.
Сондықтан біздің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі.
(Есік қағады, осы кезде есіктен Əже кіреді)
-Сəлеметсіңдерме балалар, сəлеметсіздерме қонақтар.
-Балалар мен сендердің дауыстарыңды алыстан естіп, əдейлеп сендерді көріп кетуге, немеремді
сендердің өнерлеріңді көріп тамашаласын деп, сендердің жақсы қасиеттеріңді, өнерлеріңді үйренсін деп
ерте келіп едім.
-Иə, Əже дəл келдіңіз, біздің балаларымыз сабақ өтіп жатыр еді, олардың сабағын, айтқан өлең
тақпақтарын тамашалайсыз, келіңіз отырыңыз.
-Қане балалар біз əжемізге қандай өнер көрсете аламыз.
Ақ ерке Ана тілім ұраным,
Ана тілім құралым.
Ана тілің болмаса,
Болмас еді жыр əнім.
Ясмина Ана тілім елдігім,
Ана тілім ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бұтінделмес кемдігім.
Жарайсыңдар балалар сендердің айтқан тақпақтарың маған қатты ұнап қалды, қандай өнерлі
баласыңдар. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
-Қане ендеше «Ғажайып қоржын» ойынын ойнайық.
Ойын шарты:
Менің қоржынымда түрлі түсті асықтар бар. Менің немерем асықтарды алып көрсетеді сендер оның
түсін жəне ондағы сұрақтарды алып жауап бересіңдер. Екі қатардың балалары екі топ болып есептеледі,
қай қатардың балалары асықтың сұрағына көп жауап берсе сол топ жеңімпаз болып есептеледі.
(Немересі алдымен ойын сұрақтары жазылған қағазды алып шығады).
Бірінші асықты алады.
-Асықтық түсі қызыл, қызыл асықты тақпақ айту керек.
Ана тілім ырысым,
Ана тілім қылышым.
Ана тілсіз тарылар,
Кең дүниеден тынысым.
Ана сүтін ақтаңдар,
Ана тілін сақтаңдар.
Ана тілімен безеніп,
Арта берсін ақтаңдар.
Ана тілім-атам, бабам,
Ана тілім –мен бүгін.
Ана тілім - Отан анам,
Ана тілім Елдігім.
Өшпейді еш уақытта,
Ата баба аңсары.
Қазақ тілі бақытқа,
Жетелейді баршаны.
Əркім тілін сүйеді,
Қадырлейміз мүні біз
Қазақтілі киелі,
Мемлекеттік тіліміз.
Əркімнің бар ана тілі,
Ақ сүті ол ананың.
Екінші асықты алады.
Асықтың түсі көк, көк асық мақал мəтел айту.
Жақсы тауып сөлер,
Жаман кейіп сөлер.
Қызыл тілдің қадырын,
Тоқтағанда білерсің.
Тіл білмейтін адам,
Ештеңе білмейтін надан.
Тіл тас жарады,
тас жармаса бас жарады.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Өтірік сөз өрге баспас.
Тіл буынсыз, ой түпсіз.
Піл көтермегенді, тіл көтереді.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Əже:
Жарайсыңдар, балалар қандай өнерлі, ақылды баласыңдар. Екі топтың балаларыда асықтың сұрағына
жақсы жауап беріп отырдыңдар, сондықтан екі топтыда жеңімпаз дегім келіп тұр, қане сұрайықшы
апайлар қандай баға береді екен.
-Ал, енді мен қайтайын, ауылда күтіп отырған сендер сияқты немерелерім көп. Сау болыңдар балалар,
сау болыңыздар қонақтар!!!
Балалар:
Сау болыңыз Əже!!!
Сергіту сəті:
Мынау менің жүрегім,
Бəрі осыдан басталады.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарады.
Мынау менің оң аяғым,
Мынау менің сол аяғым,
Жақсылыққа апарады.
Мынау менің басым ақылды,
Бəрі осыдан басталады.
Қорытынды:
Балалар, сендер бүгінгі сабақта ана тіліміздің, қазақ тілінің мемлекеттік тіл екенін білдіңдер, ана тіліміз
жайлы тақпақтар, мақал-мəтелдер айтйп үйрендіңдер.
-Ал енді біз қазақтың ұлттық бұйымдарын білеміз бе?
-Ұлттық бұйымдарға нелер жатады? Сендердің естеріңде кеңірек сақталсын қане баріміз «Ұлттық
бұйымдар» қойылған көрмеге қарайықшы.
-Киіз үй, домбыра, қобыз, ортеке, бесік, сандық. т, б
Жарайсыңдар балалар осымен біздің бүгінгі «Ана тілім –бал тілім» атты ашық оқу қызметіміз аяқталды.
Сабаққа жақсы қатысып, өлең тақпақ мақал-мəтелдерді жақсы айтқандарың үшін рахмет!!!
-Ал, енді қонақтармен қоштасайық.
-Сау болыңыздар!!!