«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп Аристотель айтқандай, білім мен өнер біздің болашағымыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл.
Тренер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен және мақсаттарымен таныстыра отырып, критериалды бағалауды және мұғалімдердің бойында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды, 6 модуль және ондағы ерекшеліктер, тиімді оқыту мен оқу тәсілдері, тиімді сұрақтар қоя білу критериалды бағалау, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспар, дескриптор құра білуді,модерация ұғымын,жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру, жоспарлау туралы көптеген мәліметтер кеңінен қамти білді. Біз жұмыс барысында тәжірибе жұмысының әртүрлі түрін таңдау арқылы топтық, ұжымдық, жеке тапсырмаларды орындадық.
Мықты басшы болу үшін де үнемі ізденісті, үнемі білім жетілдіруді қажет етеді. Облыс көлемінде тұңғыш оқытылған мектеп басшысының резервтік курсын оқып тәмамдадық. Бұл курстың басқа курстардан ерекшелігі болашақ директор дайындау. Заман ағымына сай бұл оқу бізді көп ақпараттандыра отырып, көп нәрсеге жаңаша көзқарас танытуға, өзгермелі әлемде өзгеріске дайын болуға, берілген білімді зейінмен, ынтамен қабылдауды үйретіп, әрбір модульде оқытқан тренерлердің ақпараттарын бойға сіңіріп, тәжірбиеде қолдануға мүмкіндік берді.
Оқытуға байланысты кәсіби дамудың тиімді тәсілі мектеп көшбасшылығы болып табылады. Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсында, көшбасшы демократиялық стильді ұстана отырып, өзін ғана дамытумен емес, ұжымына да ықпал ету керек, ол сыртқы ортаға әсер етуі, әріптестерін ашық болуға шақыруы керек, топтың әрбір мүшесінің өз тақырыптары, зерттеген мәселелерін ортаға салуға, ұжымның оны талқылауына мүмкіндік береді және оларды әрі қарай үнемі жетелеп, көмектесіп отырса, жұмысы нәтижелі болады деп ой түйдім.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский: «Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз» - деген болатын. Білім жүйесінің де реформалық ақпараттық қоғамға көшуі оқушылардың біліктілігі мен білімділігі, ой-өрісі дамыған қазіргі заман мектебінде белсенді азамат тәрбиелеу әр мектептің оның жүрегі – ұстаздардың міндеті.
Ендігі мақсатым осы үйренгенімді жүзеге асыруға асығудамын. Білімді де, білікті, білімін тәжірибеде іске асыра алатын, жан-жақты дамыған жаңашыл мұғалім болуына бағыт-бағдар беремін деген ойдамын.
Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы нәтижелі білімге қол жеткізетіні белгілі. Олай болса, мақсат айқын, осы мақсатқа жетуде талмай еңбектену нәтижесінде білімді ұрпақ тәрбиелеуге атсалысамыз деп сенімді түрде айта аламыз.