Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1855

Рәміздерім – елдігімнің белгісі

Сабақтың мақсаты: Мұражай педагогикасын балалардың мектепке дейінгі іс- әрекетінің түрлерімен біріктіру арқылы, балалардың қазақ халқы мәдениетіне, дәстүрлеріне мемлекеттік рәміздеріне деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, білім беру кеңістігін балалармен жұмыстың жаңа түрлерімен байыту; міндеттері- балалардың басында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелей отырып, мұражайлық зерттеу іс- әрекеті арқылы,танымдық белсенділігін тәрбиелеу мен дамытуға жағдай жасау;   шағын мұражайларға саяхат жасау  арқылы, мектеп жасына дейінгі балалардың бойында   паттриоттық қасиеттерді зерттеу іс- әрекеті дағдылырын қалыптастыру.

Сабақтың әдіс- тәсілі:Әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндір. «Ассоциация», «Салыстыру» әдістері

Сабақтың барысы.

Сәлеметсіңдер ме? Балалар бүгін «Колосок» балабақшамыздың шағын мұражайларына саяхат жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын шаттық шеңбер жасап алайық 

Шаттық шеңбер  Саяхаттап барамыз
                                 Туған жердің төріне.
                                 Көкке жетіп төбеміз,
                                 Қуанамыз баршамыз.

 

Шағын жайлау мұражайына қош келдік. Жоғары шығып жайғасып отырайық. (балалар жайлаудағы экспонаттармен ойнап отырады)

Тәрбиеші:Балалар қазақ халқы ауылшаруашылығымен айналысады. Жаз мезгілінде төрт-түлік малын жайлауға шығарады. Міне, балалар мына жайлаудағы көрністен көруге болады. Сендер жайлау экспонаттармен ойнадыңдар енді атап шығайықшы.

Балалар атайды (кигіз үй, алтыбақан, ұлттық киім киген қыз, жігіттер, жайылып жүрген малдар, малдарын бағып жүрген бақташы итімен, ат үстінде отырып  қолында тууы бар,шауып келе жатқан адам) атап шығады.

 

Тәрбиеші: Алуа сен немен ойнап отырсын? 

 

Алуа: Бұл біздің туымыз, туымыздың түсі аспан сияқты көгілдір. Ол тазалықтың, адалдықтын, бейбітшіліктің белгісі. (Алуа аспанды қолымен алғандай қимыл жасап аспанды экранға қарай үрлейді).

Балалар байқадыңдар ма экранда көгілдір түс пайда болды.

Тәрбиеші: Осы туды қалай ойлап тапты екен?

 

Нұрсерік: Апай, мен тудың шығу тарихын білемін «Балапан телеарнасынан көргем. Шәкен ата түс көреді, түсінде бүркіт көлдің жағасынан дөңгелек пішінді нанды аузымен іліп алып ұшып келген. Ата оянып кетіп,тудың бейнесі осы болар деді.

Тәрбиеші: ия дұрыс айтасын Нұрсерік бұл аңыз болатын.

 

Айлин:  Біздің туымызда, күннің көзі бар ғой. Ол әрқашан күн нұрын шашып  жылумен жарық беріп тұрады. (күннің көзін алып экранға кіргізгендей қимыл жасайды).

Тәрбиеші: тамаша, келісемін. 

Әди: Ал мен мына қыран құсты қоямын, ол     дархандықты, қырағылықты, биіктікті бейнелейді. 

Дәрия: Мына сары оюды оң жағына қоямын. Біздін қазақ екенімізді білдіреді. Сары түс ол молшылық пен байлықтың белгісі. (оюды алып экранға кіргізгендей қимыл жасайды).

 

Тәрбиеші: Жарайсын, Дәрия.

Балалар, қарандаршы экранда ненің бейнесі шықты?

 

Балалар: Қазақстан Республикасының туы.

Тәрбиеші: Кім туымыз туралы тақпақ айтып береді?

 

Санжар:  «Өз туым» 

           Авторы Оразақын Асқар.

Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым,

Ту төрінен елге нұрын төкті күн.

Ту төбемде қалықтады қырандай,

Қуанбаған бір де қазақ жоқ бүгін.

Тәрбиеші: Жарайсын, керемет.

Ал, енді балалар саяхаттымызды  шағын киіз үй мұражайында жалғастырайық.  

 

Бұл шағын мұражай   несімен қызық екен. (балалар жайғасып отырып  киіз үйдегі заттарды атайды)

 Балалар: Домбыра – аспап, дөнгелек үстел, әдемі кілемшелер, сандық, ұлттық киім киген қуыршақ, қамшы, түлкі терісі, бесік, ыдыстар, астау, күбі оған жылқының сүтін құйып ашытып қымыз жасайды. Қымыз денсаулыққа пайдасы мол. Бұлардың бәрін киіз үй жабдықтары дейміз.

Тәрбиеші: Киіз үй ата бабамыздан келе жатқан мұра, көшіп қонуға ыңғайлы. Қыста жылы, жазда салқын төбесінен жарық түсіп тұрады.

 

Балалар: Төбесінде шаңырақ қой.

 

Тәрбиеші: Шаңырақ бейнесін қайда кездестіруге болады?

Балалар: Елтаңбада болады.

 

Тәрбиеші: Шаңырақ әлем мен отбасының тұтастығын бейнелейді.

Шаңырақтан тараған не?

 Балалар: Шаңырақтан уықтар тараған

Тәрбиеші: Шаңырақ пен уықтарды неге ұқсатамыз?

Балалар: Күннің сәулелеріне ұқсайды, Сәулелер нұрын шашып тұрғандай.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар, балалар. Тағы елтаңбаны елестетіп көрейікші, тағы қандай элементтері бар?

 

Балалар: Қанатты тұлпарлар бар

Тәрбиеші: дұрыс айтасындар балалар, Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, батырлықты, батылдықты белдіреді.  Есімізге түсірейік тағы қандай бейнелер бар?
 

Балалар: Жұлдыз бар.

Тәрбиеші: Дұрыс жұлдыздың неше бұрышы бар?

Балалар: Жұлдыздың бес бұрышы бар.

Тәрбиеші: Жұлдыз- біздің қазағымыздың жүрегі мен құшағы, бес құрлық өкілдері үшін қашанда ашық екенің көрсетеді.

Балалар қалай ойлайсындар, біздің елде қазақ ұлты ғана тұрады ма?

Балалар: жоқ, біздің елімізде көп ұлттар тұрады.(Орыс, өзбек, неміс, азербайжан, украйн т.с.с)

Тәрбиеші: Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан деп аталады. Қазақстан жазуы елтаңбамызда бар.

Тәрбиеші : ал енді балалар елтаңбамыздың түсін білесіндер ме?

Балалар: Елтаңбамыздың түсі алтын түсті.

Тәрбиеші: ия, балалар алтын түс байлықты,дәулеттікті білдіреді.

Біз қандай рәмізді бейнеледік, қайталадық?

Балалар:   Елтаңбаны. 

ТәрбиешІ: Кім елтаңба жайлы тақпақ айтып береді.

 

Нұрмухамет:     Елтаңбасы елімнің,

                           Неткен әйбәт әдемі.

                           Тұнығындай көңілді,

                           Ортада аспан әлемі.

                          Құт береке шаңырақ, 

                           Орын алған ол төрден.

                           Қанатты қос арғымақ,

                           Екі жақтан көмкерген.

Тәрбиеші: Жарайсын, тамаша. Балалар бүгін айтылмаған қандай рәміз қалды?

Балалар: Гимн   айтылмай қалды.

Тәрбиеші: Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрегімізге қойып, гимнды орындап берейік.

 Тәрбиеші: Балалар сонымен  бүгінгі саяхат ұнады ма?  Маған саяхат ұнады. Қандай мұражайға саяхат жасадық? Тағы нелерді еске түсірдік?  Рәміздерді бейнеледік , қайталадық. Біз бүгінгі саяхаттан жақсы әсер алдық.

 

Тәрбиеші: Біздің рәміздер – басты құндылығымыз.

Осымен саяхатымыз аяқталды, Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

86 0
Амиржанова Динара Темешевна,«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Колосок» бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі ҰЛЫ ДАЛА ҰСТАЗЫ
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: