І-жүргізуші
Армысыздар, қымбатты ата-аналар, біздің балабақшамен қоштасу мерекеміздің куәгері болып отырған қонақтар, балабақша қызметкерлері!
Бүгін, біз мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Бүгін балабақша балғындарын ең ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт күтіп тұр.
Айналайын, балалар,
Сендердеой-сана бар.
Өздеріңненөседі,
Өнершілер, даналар.
Өттіқызықкөпкүндер,
5- жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдармектепке,
Бірбелестенөттіңдер.
Өсті, мінебойларың,
Өсті, ақыл-ойларың.
Қуанышқаортақпын,
Құттыболсынтойларың!
ІІ – жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім көздеріңнен нұр тұнды.
Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сіздерге сәтті сапар тілейік!
(Балалар тәрбиешілерімен бірлесіп жартылай шеңбер құрайды, тақпақтарын айтады)
Ән «Балабақша – бақ ұям»
(Мыстан Кемпір әуенімен кіреді)
І-Жүргізуші: Бұл әже қайдан келген?
Мыстан Кемпір: Не-е-е? Білгің келсе, мен ең жас, көңілді, әрі тентекпін. Мен көрікті әрі айналадағылардықызықтыратын қызбын! Сендердің бірінші сыныпқа барғалы жатқандарың жайлы естідім! Сондықтан мен сендермен бірге сабақ оқуды жөн көрдім.
І-Жүргізуші: Ал сеніңжасың нешеде?
Мыстан Кемпір: Мен болсам...100-демін!
І-Жүргізуші:Қанша, қанша?
Мыстан Кемпір: Жарайды 200 - болсын! Алайда, тіпті ересектерге де білім алуға ешқашан кеш емес! Мен ақымақ болудан шаршадым, мектепке түскім келеді! Осыған арнап сөмке де дайындадым. Солай-ақ болсын, сендерге де көрсетейін ...
(Үлкен шабаданды ашып, оның ішінен нан алып шықты)
І-Жүргізуші: Бұл тағы не?
Мыстан Кемпір: не десең – бұл нан, сабақта аштан өлмеу үшін!
Ал бұл қызықты ойыншық
Сылдырмақ деп аталады.
Сабақта жалықпай
Сылдырмақпен ойнандар (сылдырмақпен сылдырлайды)
Ал мында жауға қарсы, бүйірінде тесігі бар тапанша жатыр.
Мен оған су құйып.
Мектепте бәріне шашамын. (су шашыратады)
Сәнденуге моншақ, қалпақ
Ұлдардан қорғаныз - рогатка! (бәрін көрсетеді)
І-Жүргізуші: Мәссаған! Мыстан Кемпір, сен бәрін шатастырып жібердің.
Мыстан Кемпір (ашулы): Не? Маған ба, мендеймықты, бар әлемді билейтін Мыстанға қарсы шығып тұрсыңдар ма? Маған, ең құдіретті және қүші көп! Егер мен қаласам, бәріңді... бақаға айналдыра жіберемін!
(Зұлым, қорқынышты әуен ойнап, Мыстан Кемпір сиқыр жасауға тырысып жатыр)
І-Жүргізуші: Тоқта, тоқта! Балалар, сендерге қорқынышты ма?
Балалар: Жоқ!
Мыстан Кемпір: Жарайды, жарайды, мен қалжыңдадым. Әжелеріне ренжімендер, өзімді баяғыда түзеп, үлгілі болдым! Мен ән айтып, би билептігін тіге аламын.
І-Жүргізуші: Ендеше, әже, ашуланбаңыз, керісінше бізбен бірге ойнаңыз!
«Сөмке» ойыны
І-Жүргізуші: (сөз айтып, ал балалар мен Мыстан Кемпір сұраққа жауап береді)
Сөмкежинар уақыт келді
Дұрыс жауапты күтудеміз.
Келіссеңдер - «Иә»
Келіспесеңдер - «Жоқ» деп жауап беріңдер..
Сөмкеде не жатыр?
Түрлі бояу қорабы... (иә)
Қарапайым қарындаш... (иә)
Балық пен қуырдақ... (жоқ)
Сөмкеге дәптер саламыз ба?.. (иә)
Сурет салу үшін альбом...(иә)
Сіріңке саламыз ба? (жоқ)
Ұйықтау үшін мектепке жастық алып барамыз ба? (жоқ)
Анаға қоңырау шалу үшін ұялы телефон ше? (иә)
Мүсіндеу ушін ермексаз...(иә)
Ұштағыш, сызғыш, өшіргіш... (иә)
Ойыншық машина...(жоқ)
Кітап мектепте керек пе?... (иә)
Қарның ашса шоколад? (жоқ)
Біз сөмкеге керек заттарды жинай алдық па?
Балалар: Иә
Мыстан Кемпір (қанағаттандырылды): Қажет нәрсенің барлығын сөмкеге салдық.
Ал енді балалар ойнайтын кез келді.
Ойын «Сөмке жинау» (эстафета)
(Мыстан Кемпіройын шартын түсіндіреді)
Мыстан Кемпір:
Балалар, сендер кереметсіңдер!
Көңілді, епті, әдемі,
Қонақтар да керемет!
Барлықтарыңменқоштасамын!
Сендерге де, маған да мектепке барар кез келді!
(Мыстан Кемпір ән ырғағымен кетеді)
ІІ- Жүргізуші: Қазір сіздер үшін біздің ұлдар би билейді.
Би «Керемет жігіттер»
(Боран әуенімен біргеАяз ата кіріп келеді)
ІІ-Жүргізуші: Аяз ата келіп тұр, бәлкім адасып қалған шығар!
Аяз Ата: Жылдан-жылға мен әрқашан сендерге қонаққа асығатынмын
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын, біздің түлектер.
Балаларды бірінші сыныпқа шығарып салуға арнайы келдім. Мен көңіл көтеруді жақсы көремін.Оқу жылы жаңа жыл сияқты. Ол әрқашан балаларды күтеді.
ІІ-Жүргізуші:Балалар,оқу жылы қайда болады? Аяз ата білмей ме?
Балалар: Мектепте!
(Жүргізуші балаларды Аяз атаға «МЕКТЕП» сөзін құрастыруға шақырады)
Аяз Ата: Иә, жарайсыңдар – біздің түлектер! Менің емтиханым ең қиын емтихандардың бірі! Менің тапсырмамды қалай орындайтындарынды көрейік! Мүмкін, бұл іске сендердіңшамаларың келмейтін шығар! Балалар, мен бір орында тұра алмайтындай билей аласыңдар ма?
ІІ-Жүргізуші: Қаттырақ, музыка, ойнасын, барлығын биге шақырсын! Мұндай музыканы бисіз тыңдауға бола ма?
Флешмоб «Просто, просто мы маленькие звезды..»
Аяз Ата балалармен бірге билейді
Аяз Ата: Мәссаған! Тамаша! Емтиханнан өттіңдер! Жарайсыңдар! Әй, ой, ой, маған не болды – мен еріп, еріп барамын. Шана қайда? Ұшып кетуім керек!
(Аяз Ата залдан жүгіріп кетеді)
(Әуен ойнап Бэтмен шығады)
Бэтмен:
Сәлем, сәлем, достарым! Сендер мектепке барғалы жатырсыңдар ма? Бұл өте жақсы. Ал, сендер дайынсыңдар ма?
Балалар: иә!
Бэтмен:
Қарашы, олар ойнауды, би билеуді біледі, бұл жерде көп ақыл қажет емес! Енді менің сендерге беретін есептерімді шешіп көріңдер. Тапқырлықтарыңды көрсетіп, сұрақтарыма жауап беруге тырысыңдар!
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бір аптада неше күн бар? (7)
- Бұрыштары жоқ геометриялық фигурақалай аталады?(шеңбер)
- Қосу таңбасы? (+)
- Екі сиырдың неше мүйізі бар? (4)
- Үш тышқанның неше құлағы бар? (6)
- Бұл сан 5-тен 1-ге артық? (6)
- Бұл сан 9 – дан 1-ге кем? (8)
Ал енді есеп шығарып көріңдер
1.Аулада бір әтеш жүр, оның жанына тағы екі әтеш келді. Барлығы неше әтеш болды? (үш)
2.Анасы балаларына дүкеннен ойыншық сатып алды. Әлияға шар, Әсемге конструктор, Азаматқа машина, Розаға қуыршақ. Анасы балаларына неше ойыншық сыйлады? (төрт)
Бэтмен:
Мәссаған!
Сұрақтарға тез жауап бересіңдер
Күрделі есептерді де шешесіңдер
Сендерден басқа не сұрарымды білмеймін?
«Шалқан» деген ертегіні білесіндер ме?
Балалар: Иә!
Бэтмен: Қазір, тексеретін боламын
- Шалқанды тартуға кім бірінші келді? (Ата)
- Немересі кімнің арасында тұрды? (Әже мен иттін ортасында)
- Тышқанболып тұрды? (6)
Бэтмен: Қандай жақсы балалар! Сендерді мектепте қуана қарсы алады деп ойлаймын!
Қош болыңдар, балалар... қоштасып кетеді
Бэтмен кетеді
І- Жүргізуші: Балаларымыздың тағы тақпақтарын тыңдап көрейік
(Көңілді музыкамен Жолбарыс пен Зебра кіреді)
Жолбарыс: Біз соншама асығып, кешігіп қаламыз ба деп, қорықтық.
Бірақ, дұрыс жерге келген,келмегенімізді білмейміз.
Балалар, біздің қандайелгетап болғанымызды айтып жіберіңіздерші? (Қазақстан)
Ал Президент кім?
Сендердің ауылдарың қалай аталады?
Ал балабақшаларың,атауы қандай?
Зебра: Алақай! Алақай! Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтауға асықтық. Біз де мектепке барамыз.Тек қана Африкада.
ІІ- Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің түлектер сіздерге әдемі ән айтып береді.
Ән «Қоштасу»
Жолбарыс пен Зебра: Қандай керемет ән! Рахмет!
Жолбарыс: Балалар, сендердің ата-аналарыңмен ойын ойнасақ болады ма?
Балалар: Иә!
Ата-аналармен ойын «Мектеп лотореясы»
Зебра: Жақында балаларыңыз мектепке барады, мектеп өмірі сіздергебасталады.
Жаңа уайымдар мен қиындықтар әкеліп
Бүкіл өмірлеріңіз қайта құралады.
Дәл қазір, барлықтарыңыздың көздеріңше отбасыларыңызда не болатынын болжап білетін боламыз.
(Сұрақ қойылады, ата-ана қораптан жауабы жазылған парақшаны шығарып оқиды.
Жауаптары: ана, әке, бала, мысық, көрші, отбасы, ата, әже, мұғалім.)
- Кешке сағаттың дабылын кім қояды?
- Баланың мектеп формасын кім қадағалайды?
- Таңғы сағат алтыда кім тұрады?
- Таңғы асты кім бірінші жейді?
- Баланың сөмкесін кімжинайды?
- Кім күн сайын Әліппе оқиды?
- Күшсіз қалғанда кім жылайды?
- Ата-аналар жиналысына кім барады?
- Бірінші сынып оқушысын кім апарады?
10.Үйде сабақты кім тексереді?
11.Сабақты орындауға кім көмектеседі?
І- Жүргізуші: Осындай қызықты лотерея үшін достарымызға рахмет айтамыз.
Жолбарыс:
«Қоштасу» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Үлкен табыс тілейміз өмірде, армандарың орындалсын. Күлкі, тыныштық, мейірімділік тілейміз.
Зебра:
Жақсылық тілейміз сендерге,
Балабақша әрдайім болсын естеріңде.
Осында алған білімді,
Ұмытпандар сендер ешқашан.
Жолбарыс пен Зебра: Кездескенше, достар! Сау болыңдар!
(Балалар тәрбиешілермен жартылай шеңберге тұрады, тақпақтарын айтады)
І- Жүргізуші:Мерекеміздің ең маңызды сәтіне де жеттік. Балалардың балабақшаны бітіргенін растайтын олардың өміріндегі алғашқы дипломдарын табыстаймыз .
ІІ- Жүргізуші: Балалар, болашақта мақтау қағаздарың көп болсын, бірақ бірінші марапат ылғида қазынадан да бағалы болады.
Сөз кезегін балабақша меңгерушісі Жанна Айтпайқызы Ахметоваға беріледі.
(диплом, сыйлық, фотосуретер беріледі)
І- Жүргізуші:
Құтты болсын тойларың,
Сәтті болсын жолдарың.
Айналайын гүлдерім,
Ақшуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
ІІ- Жүргізуші:
Озат болып оқындар,
Ойға білім тоқыңдар.
Біз сіздерге тілейміз,
Сәтті сапар ақ жолды!
(Балалар ән ырғағымен жартылай шеңбер құрайды)
Ән «Наш любимый детский сад.»