XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Шет елдермен қарым-қатынас күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру – әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.
Ағылшын тілі- қазіргі заман талабына сай, қоғамның әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі болғандықтан әрбір жас азамат тың алдында ағылшын тілін еркін игеріп, өзінің қоғамдағы орынын табуға, өзі өмір сүретін ортаға пайдасын тигізуге ұмтылуы қажет. Жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, интернет, компьютердің кеңінен қолданылуы.
Отандық білім беруге қойылатын жаңа талаптар Қазақстанның жылдам әлеуметтік-экономикалық өсуі мен ииновациялық жаңа ортада бәсекелестікке қабілетті жаңа білікті кадрларды даярлау мәселесімен негізделіп отыр.
Ағылшын тілдік білім беру концепциясына сәйкес отандық білім беру үрдісі сапалы, жаңа стандарттарға сай мамандарды даярлау стратегиясын таңдап, жақсы жетістіктерге жетіп жатыр.Соңғы жылдары дамып келе жатқан интеграциялық үрдістер, академиялық және кәсіби алмасулар, халықаралық қарым- қатынастың тереңдеуі ағылшын тілдік білім берудің сатылай дамуына зор ықпалын тигізді. Осы ретте ағылшын тілі әлеуметтің интеллектуалдық потенциалының көрсеткіші ретінде қоғамның ең басты қозғаушы ресурсына айналды. Оқу үрдісінің мақсатына жету үшін дамыту мен тәрбие беру оқушының объекттен субъетке өтуі арқылы, яғни жаңа технологиялардың орынды қолдануы негізінде жүзеге асады. Шет тілін оқытуда мотивацияның басты рөлін түсіну үшін, білім беру мекемелерінде мұғалімдерге оның негізгі әдіс-тәсілдерін, құрылымын жақсы білуі қажет. Мотивация мәселелерін қарастыруда және қалыптастыру жолын іздестіруде оны түсінуге мүмкіндік бола бермейді, себебі, мотивацияның қалыптасуы бұл мұғалімнен оқушыға берілмейтіндігі әр сабақтың үрдісінде көрінеді. Уәждердің қалыптасуы – бұл, біріншіден, сабаққа деген ішкі ынта сезімінің көрінуі және барлығын түсіне отырып, мотивациялық құндылықтар ортасын өз бетінше әрі қарай дамытуы. Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Осы стратегиялардың үйлесімімен ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа жету үшін ең басты фактор мыналар: мұғалімнің білім алушыға немесе оқушыға деген педагогикалық іс- әрекеттің тиімділігін жетілдіру және сабақтағы әлеуметтік-психологиялық бірлестік жағдайындағы қарым-қатынасы. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды.
Біз өмір сүріп отырған ғасыр жоғарғы технологиялар ғасыры. Қазіргі балалар интернет, компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілер әлемінде өмір сүреді. Осында ақпараттық мәдениет ортасында мұғалімнің ролінің ауысуы пайда болады, қазір ол балаларға түсіп отырған ақпараттың үйлестірушісі болады. Сондықтан балалармен мұғалімнің қарым- қатынасы бір тілде жүру үшін мұғалім жаңа әдістерді меңгеруі қажет.
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз.
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор.
Бүгінгі таңда балабақша табалдырығынан бастап баланы ағылшын тіліне баулу.
Мәдениетті жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару оқытушының басты мақсаты.Тілдін қажеті артқан сайын сұраныс артқан сайын осы қажеті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады.
2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі.
Ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр демекші :
Тіл- достықтың алтын көпірі.
Өз тілің –бірлік үшін ,өзге тілің –тірлік үшін.
Ағылшын тілін игеру болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі екенін аңғартуымыз қажет.