Еліміздегі білім беру жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі – білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты.
Осы мақсатта еліміздің білім беру жүйесінде қолданысқа енген жаңартылған білім мазмұнының басты ерекшелігі – оқушылардың жан-жақты бейімділігін, игерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдану қабілетін, функционалдық сауаттылығын дамытуды көздейді.
Бұл өз кезегінде ынтымақтастық қағидасы арқылы жүзеге асады. Ынтымақтастық оқушы – мұғалім, оқушы-оқушы, ата-ана – мұғалім жүйесінде қарым-қатынасты жетілдіруді көздейді. Іс-әрекеттің жетісті болуы сенімнен туындайды, яғни жеке тұлғаға сенім білдіргенде ғана адамды дамытуға бағытталған ұмтылыс пайда болады.
Жаңартылған білім мазмұнында барлық білім алушылар үшін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру қажеттілігін ұмытпау керек. Күтілетін нәтижеге бағытталған жаңа білім беру жүйесі білім мазмұнын меңгеру үрдісінде оқушылардың құзіреттіліктері мен өмірлік дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Бейімделу – ағза функцияларының, құрылысының, оның органдарының және клеткаларының орта жағдайына ыңғайлануы, бейімделуі. Баланың мектепке бейімделуі жылдам жүрмейді: ол үшін, яғни мектепке толығымен үйренуі үшін бір күн, бір апта талап етілмейді. Бұл барлық ағза жүйелерінің маңызды ширақтылығымен байланысты ұзақ процесс.
Баланың мектепке физиологиялық бейімделуі. Баланың мектепке физиологиялық бейімделу процесін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Мамандар баланың мектепке физиологиялық бейімделуінің үш кезеңін бөліп көрсетеді:
Бірінші кезең - нысананы, жүйелі оқытудың басталуымен байланысты, барлық комплекске жаңаша әсер етуге, қарқынды реакциялардың және ағзаның барлық жүйелерінің маңызды күшпен жауап беруі. Бұл «физиологиялық толқын» ұзаққа созылады . Бұл кезеңде бала өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді. Сондықтан оқудың алғашқы аптасында бірінші сынып оқушыларында салмағының төмендеуі, ұйқысының бұзылуы, бас ауруы байқалады.
Екінші кезең – тұрақсыз бейімделу. Бұнда бала ағзасы бұл әсерлерге қандай да бір тиімді реакциялар нұсқаларын іздеп табады. Бірінші кезеңде ағза ресурстарын үнемдеу туралы сөз болмайды: ағза не бар, соның бәрін жоғалтады, ол кейде «қарызға алады»: сондықтан мұғалім бұл кезеңде әрбір бала ағзасы қандай жоғары «бағаға» төлейтінін білу керек. Екінші кезеңде бұл «баға» төмендейді, «толқын» жайлап әлсірейді.
Үшінші кезең – тұрақты бейімделуге қатысты кезең. Мұнда организм мектеп жүктемесіне әсер ететін, барлық жүйелердің (ақыл-ой, физикалық, эмоционалды) аз мөлшерде күшін талап ететін қажетті нұсқаларды табады.
Осыларға қатысты, барлық педагогикалық процесті әр баланың денсаулығына зиян келтірмейтін етіп құру қажет. Олардың денсаулық жағдайындағы өзгешелік, бұл мектепке бейімделу процесінің әр жағдайда әр түрлі болатының ұмытпау керек.
Бейімделудің барлық үш формаларының ұзақтығы шамамен 5-6 апта, бұл кезең 10-15 қазанға дейін сөзылады, ал ең қиыны бірінші-төртінші апталар болып табылады.
Оқудың алғашқы аптасы қалай сипатталады? Ең алдымен, жұмысқа қабілеттілігінің тұрақсыз және төмен деңгейде болуымен, жүрек-қан тамырлар жүйесінің жоғары деңгейімен, әр түрлі ағза жүйелерінің бір-бірімен өзара байланысының төмен көрсеткіштерімен сипатталады.
Тек оқудың 5-6 апталарында жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері тұрақты бола бастайды және біртіндеп жоғарылайды. Ағзаның өмірді қамтамасыз ететін негізгі жүйелерінің күштері төмендейді, яғни оқумен байланысты барлық жүктемеге қатысты тұрақты бейімделу басталады. Оқу жүктемесіне ағзаның физиологиялық бейімделуі қиын кезең болғанымен, ол оқудың 5-6 апталарында аяқталады. Алғашқы оқу жылын барлық ағза жүйелерін тұрақсыз және қызу реттеу кезеңі деп есептеуге болады.
Бейімделу процесінің табысты болуы, көбіне баланың денсаулық жағдайымен анықталады, сондықтан мектепке бейімделу мәселесімен ертеден дәрігерлер айналысады. «Мектеп күйзелісі», «мектептік қорқыныш» жөнінде дәрігерлер 50-жылдардан бастап сөз қозғап және бұл құбылыс жоғалмайды, жылдан-жылға үлкен қиыншылықпен пайда болатынын көрсетті. Бұл түсініктер ӘДҰ (әлемдік денсаулық ұйымы) құжаттарында маңызды орын алды.
«Мектеп күйзелісі» - бұл баланың мектепке баруымен байланысты психикалық күйінің бұзылуы. Баланы қарапайым өмірден алшақтатып, денсаулық жағдайының жылдам бұзылуына әкеледі және балаға оқу жүктемесін табысты орындауына жол бермейді.
Денсаулық жағдайына, өмірдің өзгерген шартына байланысты мектепке бейімделу әр түрлі жүреді. Балалар тобын жеңіл бейімделу, орташа ауыртпашылықты бейімделу, ауыр, қиын бейімделу деп бөледі.
Жеңіл бейімделуде бала ағзасының функционалды жүйесінің жағдайы бірінші тоқсан мерзімінде дұрысталады. Орташа ауыртпашылықты бейімделуде денсаулығының және көңіл-күйінің бұзылуы бірінші жарты жылдықта байқалуы мүмкін. Кейбір балаларда мектепке бейімделу ауыр, қиын өтеді. Мұнда денсаулық жағдайының бұзылуы оқу жылының басынан аяғына дейін созылады.
Жеңіл және орташа бейімделуді бала ағзасының, өмірдің өзгерген шартына заңдылықты жауабы деп есептеуге болады. Бейімделудің ауыр өтуі бірінші сынып оқушыларының ағзасы үшін оқу тәртібі және оқу жүктемесі аса ауыр болуымен сипатталады.
Әліппегі суреттер, безендірілуі оқушының жас ерекшелігіне, психологиясына қарай құрылуы-басты құндылықтардың бірі. Сабақ оқу жұмысының ұйымдастырудың басты түрі болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқыту жүйесінде алатын орны ерекше. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақта оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады. Балаға ыстық мейірім мен ықылас қажет. Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады, және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:
· әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
· әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;
· әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;
· әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
· түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.
· сөздікпен жұмыс істету.
· тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
· сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру.
Мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеті - оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты білу, жете меңгеру. Ана тілі, дүниетану сабақтарын қызықты, тартымды өткізу үшін сабақтың әртүрлі әдіс- тәсілдерін орынды қолдануға тырысамын. Жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақта қолданылатын ойындарды мына төмендегі түрде қолданамын:
1) Оқыта үйрету ойындары. Бұл ойындарды сабақта да, сабақтын тыс шараларда да пайдалануға болады.
2) Тілдік ойындар: Ауызша сөйлеу және жазу машықтарын дамытуға арналған.
3) Драмалық, рөльдік ойындар. Қарым-қатынастарын жақсарту, ауызша сөйлеу, оқушы білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдану машықтарын дамыту.
4) Психологиялық ойындар.
5) Грамматикалық ойындар т. б.
• Оқушылардың сауаттылығын қамтамасыз етуге, олардың сауаттылық деңгейін тексере отырып, білімдегі кемшіліктерді жоюға;
• Оқушының тіл байлығын арттыра отырып, ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытуға.
Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезіндегі қалыптасатын дағдылары
• Өз ойын-пікірін жеткізе білуге;
• Ізденгіштікке ұмтылуға;
• Құбылыстарды шынайы бағалай білуге;
• Толық фантазиялық еркіндікке;
• Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді
деп есптеймін.
Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.