Ахмет Байтұрсынов – сөз өнерінің жоғары руханиятын болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған ұлы ақын, «Алаш» орда үкіметінің белді тұлғасы.
Осы орайда, ұлы тұлғаның тіл білімі саласына қосқан ерен еңбегін атап өткен жөн болар. Себебі қазіргі линвистикалық терминологияның басым көпшілігін А.Байтұрсынов жасаған. Ғалымның ғылыми-педагогикалық еңбектерінің нәтижесі – қазақ әліпбиі, фонетика, қазақ тілінің синтаксисі мен этимологиясы, әдебиет теориясы мен руханият пәлсапасы, мәдениет тарихы. Ахмет атамыздың қазақ тіл білімінің іргетасын қалаудағы тағы бір маңызды еңбегі – терминдердің жасалуы. Ол қазақ тілінің грамматикасына қатысты әр сала бойынша терминдердің қазақша атауын ұсынды.
Біз осы күнге дейін мұғалім ретінде қолданатын «зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз» ұғымдарын біркездері А.Байтұрсынов ұсынған.
Қазақ тіл білімін зерттеу мен таныстыруда ғалымның «Оқулық» пен «Тілдік нұсқаулық» еңбектері ерекше рөл атқарады. Ол өзінің алдына ізгі мақсаттар қойып, қазақ балаларын тәрбиелеуге бар күш-жігерін салады. «Басқалардан қалмау үшін біз білімді және мықты болуымыз керек. Білімді болу үшін үйрену керек», - деді.
А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметінің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлерін жалғастыруға баулып, адал және еңбексүйгіш, туған жерге адал болуға тәрбиелеу еді. Себебі «Жастар – халықтың жарқын болашағына деген үміт. Жаңа буын жаңаша дайындалған мұғалімдердің қолында болуы керек, оларда жаңа ой мен білім бар», - деп жазады автор.
Ахмет Байтұрсынов өз шығармаларында жастарға жүгініп, өзін-өзі дамыту үшін өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылу керектігін атап өтті. Ол былай дейді: «Сіз басқалардан кем болмау үшін білімді, бай және күшті болуыңыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болу үшін сізге мамандық қажет. Ал күшті болу үшін біліктілік қажет». Оның айтқан нақыл сөздері күні бүгінге дейін өзектілігін жоймай кез келген адамды ойландырады: «Тәкаппарлық, надандық – тығырыққа бастайтын жол, Даналық - шексіздікке».
Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ руханияты мен тіл біліміне қосқан үлесі бір мақала көтеретін жүк емес. Алайда, оның өз дәуірінің белді тұлғасы ретінде маңайына қазақ қоғамының зиялы қауымын шоғырландырып, қазақ элитасын қалыптастырудағы рөлі мен намыс пен абырой үшін күресіп, «ұйықтап жатқан» халықтың санасын оятып, ұлт беделін құлдықтан құтқаруға ұмтылған еңбегі ерен. Сондықтан болар, жыл өткен сайын «Алаш» тұлғаларының есімін тарих көші уақытпен көмкеріп жатса да, жеткіншек ұрпақ санасында жаңғырып, елдігіміз бен егемендігіміздің, бостандығымыз бен берекеміздің тұғыры арта түсуде. Қазіргі жастарға нағыз патриот болу үшін, өз халқына адал және әділ қызмет ету үшін Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы үлгі болары хақ.
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ көсемсөзінің атасы. Өзінің көсемсөздерінде қазақ тағдырына байланысты сан алуан көкейкесті мəселелерді қозғап, халқына жеткізуге, көкірек көзін ашуға ұмтылған заманның озық ойлы азаматы еді. ел есінде өзінің өнеге болар өмірімен, шығармаларымен қалды. Ол кісі данышпандығы мен ұлылығын өз кезінде-ақ мойындатқан. Ахмет Байтұрсынұлы сөздерінің жаңғырығы бүгінгі ұрпақтарын да бейтарап қалдырмады. Ұлттық тəуелсіздік, ұлттық армия, ұлттың өзін-өзі басқару туралы концепцияларды Ахмет Байтұрсынұлы мүше болған «Алаш» партиясы іске асыра алмай арманда кетсе, бүгінгі ұрпақтары сол идеяларды жүзеге асыру үшін күресуде. Сондықтан да халқының Ақаңдай адамдары сол халқы барда мəңгі жасайды, тарих көшінде ұмытылып қалмайды.
Мұхтар Әуезов былай депті: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын».
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахмет Байтұрсынұлының ілімдері - әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі - қазіргі жаңа заманға өте керек.
Міне, Ахмет ағамыздың салған сара жол бүгінгі күннің негізі. Сол өзі өмір сүрген тұсында жазып қалған құндыда баға жетпес еңбектері бүгінгі күні үлкен тарих деуге болады.
Қазіргі таңда, халықтың қазақ тілінде ойлауында, қазақ тіліне жазуында Ахмет Байтұсынұлының бастау алған үлкен жетістігі деп ашық айта аламын. Ол кісінің дархан көзі.