Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1844

Бастауыш сынып оқушыларын оқу-тәрбие процесінде ойын арқылы коммуникативтік бірліктерін дамыту

Озық отыз елдiң қатарына қосылу үшiн бiрнеше өзгерісті қатар өткеріп жатырмыз. Саясатты да, экономиканы да жаңа жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұрарлықтай қауқарлы етеміз деген үміт бар. Бұл, әрине,  білім саласына да қатысты. Қазіргідей жаһандану саясатында бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу -  білім саласының алдында тұрған басты міндет.  Республикамызда орта бiлiм берудiң жаңа жүйесi жасалып, Қазақстандық бiлiм беру жүйесi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне енуге бағыт алуда.   Қазiргi таңда қоғамның бiлiмге деген талабы жоғары. Сондықтан заманауи технологияларды қолдана отырып заман талабына сай жан-жақты тұлға қалыптастырумыз керек. Бәсекеге қабілетті тұлға бойынан табылатын құзіреттіліктердің бірі коммуникативтілік. Оны жоғарғы деңгейде игеру ортада өз ойын еркін жеткізуге әрі адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Алайда, қоғамда үнемі өсіп келе жатқан қарым-қатынасқа қабілетті адамдарға деген қажеттілікке қарамастан, оқытудың формалары мен әдістерінің жиынтығы бар қазіргі заманғы мектеп коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға жеткіліксіз ықпал етеді. Бастауыш мектеп жасында коммуникативтік дағдыларды кезең-кезеңмен қалыптастыру маңызды. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті іс-әрекетін жандандыру оларды  жігерлі, мақсатты қарым-қатынасқа ынталандыру процесін қамтиды. Қарым – қатынас кез-келген сабақтың ажырамас бөлігі болғандықтан коммуникативті дағдыларын қалыптастыру оқу процесінің сапасын жақсартуға әкеледі.

Коммуникативті дағдылар-бұл қарым-қатынас құрылымындағы дағдылар, ақпарат алмасуға байланысты дағдылар. Л. С. Выготскийдің ілімдеріне сәйкес қарым-қатынас дағдылары жоғары психикалық функцияларға жатады, өйткені олар өмір бойы қалыптасады.

Коммуникативтік біліктерді дамыту қажеттілігін мектеп мұғалімдері де назарға алады, олар осы мақсатта жұмыстың түрлі нысандары мен әдістерін, оқу процесінің мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады. Мұғалімдер коммуникативтік дағдыларды ойынсыз дамыту мүмкін емес екенін түсінеді, бірақ ойын көбінесе мақсатсыз білім беру құралы ретінде қолданылады. Мұғалімдердің белгілі бір бөлігі қарым-қатынас дағдыларын дамыту құралы ретінде ойынның мүмкіндігі мен тиімділігін бағаламайды.

Педагогикалық әдебиеттерде ойынды нақты өмірдің көрінісі ретінде түсінуді алғаш рет Ұлы мұғалім К. Д. Ушинский білдірді.

Ойын - пәндік іс-әрекеттерді жүзеге асырудың әлеуметтік бекітілген әдістерінде, мәдениет және ғылым пәндерінде жазылған қоғамдық тәжірибені қалпына келтіруге және игеруге бағытталған шартты жағдайлардағы іс-әрекет формасы.

Іс-әрекет ретінде ойын құрылымына мақсат қою, жоспарлау, мақсатты іске асыру, сондай-ақ адам өзін субъект ретінде толық жүзеге асыратын нәтижелерді талдау кіреді. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндіктерімен және бәсекелестік элементтерімен, өзін-өзі растау қажеттілігін қанағаттандырумен, өзін-өзі жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.

Сабақ барысында қолданатын ойын түрлерін төмендегі критерий бойынша таңдауға болады. Біріншіден, коммуникативтік бірліктерді дамытуға арналған ойын түрлерін таңдағанда оқушының жасын, психологиялық ахуалын, білім деңгейін есекеру керек. Екіншіден коммуникация барысында сөйлесім әрекеттері маңызды рөл атқарады. Сондықтан ойын түрлерінде айтылым, жазылым, тілдесім, тыңдалым әрекеттері қамтылса, сабақ тиімді түрде жүзеге асады. Үшіншіден топтық ойын болғаны жөн, себебі топтың ішінде өзара тілдесіп, ортақ мақсатқа жету жолында еңбектенеді. 

Қорыта айтқанда, ойын арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыруға тиімді. Оқу үдерісінің жаңаруына қажетті шарт кез келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл әр ұстаздық шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Оқушылардың білімді толық меңгеріп, бір уақытта дамып, тәрбиеленіп отыруы үшін мұғалім өз сабақтарын түрлендіріп, түрлі әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданып отырғаны жөн. Оқыту мен тәрбиелеу-үздіксіз бөлінбейтін процесс. Сондықтан мұғалім қандай да әдістер мен тәсілдерді таңдаған уақытта біріншіден, тәрбиелік және тиімділік жақтарын ескеріп отырғаны жөн. Баршамызға белгілі, адамның тұлғалық қалыптасуы, қоршаған ортамен, болмыспен танысуы балалалық шағында өте қарқынды болады. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтай отырып, тапсырмаларды нақты орындауға тырысады. Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда, жеке түлғаның адамгершілік қасиеттері де қалыптасады. Балаларда жауапкершілік, тәртіп, күш- жігер, мінез-құлық тәрбиеленеді. Көру, есту, қимыл-әрекет көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та, тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл есептері, ахуал жағдайлары,сайыстар балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі. Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін кең түрде пайдаланған тиімді. Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері - түсіндіріп отырған материалды оқушылар аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы окушылар жас ерекшеліктеріне байланысты кез келген ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайды. Ойын оқушылардың оқу материалын толық меңгеріп, тілін дамытуларына, ойлау қабілеттерін жетілдіруге мол мүмкіндік береді.

160 0
Жанысова Лайля Маратовна, Жоламан орта мектебі МДШО КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы ҰЛЫ ДАЛА ҰСТАЗЫ № 000501
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: