Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1841

Scratch – бұл қандай бағдарлама?

Scratch – өте қарапайым, түсінікті және балаларға қызықты бағдарламалау тілі болып табылады. Sctratch тілінде күрделі кодтар жоқ. Ең керегі – оқи алу және санауды білу.

 Мультимедианың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға болатын, баланың логикалық ойлау қабілеті мен сын тұрғысынан ойлау қасиетін жетілдіре отырып алгоритмдеу арқылы программалауға үйрететін бағдарламалау тілі ретінде.

Scratch - визуальды объектілі – бағдарлы программалау ортасын айтуға болады. Scratch (оқылуы «скрэтч»)- визуальды объектілі-бағдарлы программалау ортасы. Массачусет технологиялық институтының «Lifelong Kindergarten Group» зерттеушілер командасы Scratch программалау ортасын Лего конструкторы мен Лого тілі идеясының жалғасы ретінде 2007 жылы құрған болатын.

Scratch тарихы 

      Scratch - мультимедиалық жүйе. Тілдің операторларының көп бөлігі анимациялық және бейне эффектілер құруға, дыбыс пен графикамен жұмыс жасауға бағытталған. Ол бас кезінде 8-16 жас аралығындағы оқушылар үшін ойластырылған болатын, бірақ қазіргі таңда программалау ортасы әртүрлі жас аралығындағы пайдаланушылар үшін қолжетімді әрі қызықты. Жобадағы кейіпкерлердің суретін салу, оны қозғалысқа келтіру, дыбыс қосу тіпті кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналардың өзін еліктірері сөзсіз.Бұл программалау ортасын http://info.scratch.mit.edu сайтынан жылдам әрі тегін жүктеп алуға болады.Миллиондаған пайдаланушылар Scratch жобаларды әртүрлі жағдайларда -үйде, офисте, мұражайлар мен кітапханаларда жасайды. Ол әлемнің 150 мемлекетінде қолданылып, 40 тілге аударылған. Программалау ортасы барлық деңгейде (бастауыш буыннан жоғары буын оқушылары) және кез келген оқу пәндерінде (математика,информатика, тілдер, қоғамдық т.б.) ұтымды пайдаланылуда.

 

164 0
Култаева Несибели Нуркаримовна “Абай Құнанбаев атындағы” мектебі ЖШС информатика пәнінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000606
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: