Мақсаты: Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау барысында білім алушылардың ру-хани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
интеграция туралы жалпы түсінікті біледі.
өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен интегра-циялауды түсінеді.
өзін-өзі тану пәнін гуманитарлық пәндермен және жаратылыстану пәндермен интеграция-лауды үйренеді.
кері байланыс жасайды.
Мақсатты аудитория: білім беру ұйымдарындағы бастауыш сынып мұғалімдері
Жұмыс формалары: Топтық жұмыс, жұптық жұ-мыс, ұжымдық
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, оқу бағдар-ламалары, оқулық
Шебер- сынып сабағының барысы
• Интеграция дегеніміз не?
Өзін өзі тану және басқа пәндердің ықпалдасуы-ның мәні мен түрлері.
• Интеграциялаудың жолдары. Неліктен өзін-өзі тану пәнін интеграциялаймыз және қалай интегра-циялаймыз?
• Гуманитарлық пәндерді интеграциялау.
• Жаратылыстану пәндерін интеграциялау.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ-стан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жет-тік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлы-ғымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жал-пыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» – деп атап көрсеткен еді.
Қазақстан өзін әлемге аймақтық аумағының кеңдігімен емес, халқының көптігімен де, тіпті алуан түрлі ұлттардың береке бірлігімен ғана емес «білімділігімен» таныта алады. «Халықты-халық-пен, адамды-адаммен теңестіретін білім» – деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай өрке-ниетке апарар жолдың бастауында әрдайым жо-ғары білім беру мәселесі тұрады. Жоғары мектеп-тегі білім барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы. Ал әлемдік қауымдастықтан тәуелсіз Қа-зақстан тұлғасы биіктеп, ғылыми техникалық прогресс қарыштап дамыған тұста, біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар бү-гінгі заман талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған, құзіретті маман дайындау мәселесі маңызды болмақ.
Интеграциялық үдеріс (от лат. integratio – біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін-бірі толықтыра-тын, бір-бірімен байланысты жеке ұғымдарды біртұтас етіп біріктіру. Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беруде жалпы адамзаттық құнды-лықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы көзделеді. Интеллек-туалды (сыртқы білім ақыл үшін) адам оқу-білім алу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құ-былыстарын танып-білу арқылы (кітаби білім, сыртқы білімді зерттей отырып қол жеткізеді). Ру- хани-адамгершілік (ішкі білім жүрек үшін) таби-ғатты аялап, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады (ішкі дү-ниені зерттей отырып, өмірлік мақсатқа жете-лейді, интуицяны дамытып, сананы оятады) . Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сүйспеншілік, сенім, шығармашылық шабыт атмосферасын құру, өзін-өзі зерделеуге, өзін-өзі интуитивті түрде ұғынуға жағдай жасалады. Рухани адамгершілік білім бе-руді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісін интеграциялау арқылы жүзеге асыру қажет. Ру-хани адамгершілік білім беру үдерісінде тек жа-ғымды және ізгі әдістерді қолдану көзделеді. Өзін-өзі тану сабақтарындағы жағымды ойлау, жа-ғымды күйге келу әдісін қолдану арқылы: тәртіп, өзін-өзі қадағалау, денсаулық, зейін қою, ақылдың байсалдылығы, ес, интуиция, басқаларға деген сүйспеншілік, ішкі тыныштық орнатуға баса назар аудару қажет. Бүгінгі қоғамда білім беруде сыр-тқы білім: интеллектуалды, сыртқы дүниені зерт-тейді, кітаби білімге негізделген, қалауларды оя-тады, дүниеде күн көру үшін қажет деп есептейді, интеллектіні дамытады, ақыл мен тәнге қарасты мәселелерді шешіп, мұндағы білім берудің мақ-саты ақпарат берумен шектеледі, интернет жүйе-сіне жүгініп, аллергия пайда болады. Ал рухани білім берудің яғни, ішкі білімнің маңыздылығы: ішкі рухани-адамгершілік қасиеттерді ашады, адамның, баланың ішкі дүниесін зерттейді, өмір-лік тәжірибеге негізделеді, әрбір адамның жүре-гінде жасырынған жалпыадамзаттық құндылық-тарды айқындайды, білім беруді өмірлік мақсат-тармен байланысты қарастырады, интуицияны да-мытады және ақылмен ойлап, жүрекке жүгінетін-діктен тәрбиелік ықпалы күшті және өмірлік дағды қалыптастыруда маңызды болмақ. Осыған орай, өзін-өзі тану пәнінің мазмұны жалпыадам-заттық құндылықтар негізінде интеграциялануы білім беру мен тәрбиені біртұтас, әр тарауы, әр та-қырыбы бойынша болашақ ұрпақтың бойында ру-хани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құл-қын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылық-тарды, ұлттық құндылықтармен ұштастыра оты-рып, адамгершілік қағидалары мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын болашақ педа-гогтің тұлғасын қалыптастыруға бағытталған маз-мұн ұсынылғандығымен құнды. Болашақ ұстаз оны тәжірибеде тиімді пайдаланып, өзінің игерген сапалық деңгейін екінші білім беру ұйымдарын-дағы сапалық деңгейге көтеруге ықпал ете алуы тиіс және басқа да пәндермен интеграциялау ар-қылы білім берудің тімділігі дәлелденуде. «Өзін-өзі тану пәнін басқа пәнмен интеграциялау» тақы-рыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отыр.