Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1834

Қызықты математика әлемі

Мақсаты:1 ден 5ке дейінгі санауды бекіту.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, ой - өрісін дамыту. Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Алдын ала жұмыс: Геометриялық пішіндерді қайталау,сандар санау,логикалық тапсырмалар орындау.

Әдіс- тәсілдері: сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта, сандар,суреттер, геометриялық пішіндер.

Үштілділік: бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three,төрт-четыре-four, бес-пять-five

Шаттық шеңбер

Дөңгелекке тұрамыз,
 Шеңберді біз құрамыз
 Қол ұстасып бәріміз.
 Ақ тілекті жолдайық
 Әлемде нұр тыныштық,
 Әрбір үйде күн ыстық.
 Қайырлы таң бала бақша
 Қайырлы таң достарым.
 Достарымды көргенде,
 Қуана қарсы аламыз
 Салемесіздерме қонақтар

Здраствуте

Good morning
 Жарайсыңдар балалар! 

Қазір жылдың қай мезгілі ( қыс мезгілі )
 Қыс мезгілінде, неше ай бар ( 3 ай бар )
 Қазір қыс мезгілінің қай айы ( қаңтар айы )
 

-Мотивациялық ойды ояту.

-Сиқыршы қонаққа келді.

-Сәлеметсіздерме балалар.Мен сендерге матнматика әлемінен келдім.

Өзіммен бірге тапсырмаларымды ала келдім.

-Қане балалар тапсырмаларды орындайық.

 

Менің тапсырмаларыма дайынсыңдарма.

 1- тапсырма:

-Ол үшін балалар барлығымыз 1-ден 5-ке дейін тура және кері санап шығайық

12345- тура,

54321- кері санайды.

 2-тапсырма
 1.Логикалық есеп
 Табақта 3 алма
 Қолымда 2 алма
 Қосқанда барлығын
 Болады неше алма? (5)

 Үш алмұрттың екеуін
 Досын сұрап алады
 Айтшы сонда нешеуі
 Өз қолында қалады? (1)

 Алма ағашта бес алма
 Қандай тәтті жесе алма
 Бесеуінде жеп қойсам
 Қалады сонда неше алма? (0)

 Алғашында күнара,
 Қонушы еді бір ара.
 Бүгін үшеу туысын,
 Ертіп кепті бұл ара,
 Келіп қонды неше ара? (4)
 - Өте жақсы!
 

3-тапсырма «есеп шығару»

4-тапсырма Сергіту сәті

5-тапсырма «пішіндер құрастыру»

6-тапсырма «Шарикті пласталиннен пішіндер жасау»

Сиқыршы:  Жарайсыңдар, балалар! Мен өте қуаныштымын. Сендер  менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар. 

Сау болыңдар!

Балалар бүгінгі оқу қызметіндегі алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрайды.     Балалар белсенді жауап береді.

 Күтілетін нәтиже:

Балалар тапсырманы орындай алады.

170 0
Сағатова Әмина Ерболатқызы №7«Айналайын бөбекжай тәрбиешісі Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000773
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: