Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1832

Түрлі-түсті асықтар

Білім беру саласы: Таным 

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика

Мақсаты: Балаларға негізгі үш түсті топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық қабілеттерін асықтармен ойната отырып жетілдіру. Балаларды ұқыптылыққа, жұмысын аяғына дейін орындауға тәрбиелеу.

     ҰОҚ барысы:

Кәне балалар, біздерге көптеген қонақтар келіп отыр екен, амандасып алайық. Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасау.

Шаттық шеңбері:                                

Топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық!

Жаса, жаса алтын күн!

Жаса, жаса жарқын күн!

Балалар тыңдаңдаршы бізге қонаққа біреу келе жатырған секілді. Қонаққа түлкі келеді.

Музыка әуенімен түлкі кіреді. Көңіл күйі жоқ. Жылап былай дейді:

Түлкі: Сәлеметсізбе, Сәлеметсіздерме балалар! Мені орманда қоян мен қонжық ойнатпайды, сен түстерді дұрыс білмейсің деп мазақ қылады. Әжетайым сыйлаған мына асық ойыншықтарын жақсы көрем олармен ойнағым келеді, бірақ түстерін білмеймін. Сіздер маған көмектесе аласыңдарма?

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе түлкіжан  сен еш қамықпа, көңіл күйіңді көтер, біздер қазір түстерді үйреніп пысықтап жатырмыз, саған мен және мына балаларым көмектеседі. Біздер қазір түрлі-түсті асықтармен ойындар ойнайтын боламыз.Береғой түрлі-түсті асықтарыңды түлкіжан.

Ал, қазір балалармен бірге үстелге қарай жақындай қой. Бұл ойын «Сиқырлы асықтардың сәйкес түсін тап!» деп аталады. Алдарыңдағы асықтарды түсіне байланысты бір-бірлеп кигізетін боласыңдар. Алдымен мен бастайын, бұл көк түсті асық, оны көк жолға кигізейін. Кәне бәріміз қайталайық, Көөк, көөк. Енді сіздер салыңдар қызыл түсті, қызыл деп екі рет қайталату. Келесі сары түсті асықты кигізейік. 2рет қайталату. Ал енді жасыл түсті кигейік. 2рет қайталату.

Кәнекей бәріміз ортаға келейік, Түлкіжан сенде кел балалармен бірге сергіп ал.

 

Сергіту сәті. (музыкамен.)

Бала -бала- балапан

Қане кайсы алақан

Саусактарын айбат

Былай,былай ойнат

Бала-бала -балапан.

Бір қадам алға басамыз

Алақанмен соқ-соқ,

Бір қадам артқа басамыз.

Аяқпенен топ-топ-топ.

Ал, енді түлкінің алып келген түрлі-түсті асықтарын сәйкес жіпкетерге тізейік. Қазір екеуден тұрып, бір-біріңе көмектесіп тізіңдер, жақсыма балалар. Түлкіжан сенде көмектесіп, түстерді есіңе сақтап тұр. 

Түрлі-түсті асықтарды сәйкес түсті жіптерге тізеді.

Жарайсыңдар, өте тамаша

Енді бір қызықты ойынды ойнайық «Хан талапай» деп аталады

 Қанеки сендер шеңбер болып отыра қойыңдар.
 Балалар шеңбер болып отырады.Ойынды бастар алдында
 «Талапай - ау, талапай»
 Табылды ойын алақай деп айтады. Балалармен бірге қайталайды, қоржындағы асықтарды, отырған балаларға шашады.
 Балалар: Жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады. 

Тәрбиеші: Жарайды енді қарайық! Кімде асық көп ал кімде аз екен. Айша қарашы сенің қолыңда асықтар көп екен. Кәне балалар қарайық Айшада асықтар көп. Қайталайық көөп, ал Таисияда асықтар аз. Аз деп айтайық.Көрдіңдерме біреуіңе аз түсті біреуіңе көп. Жарайсыңдар, молодцы.

Түлкі: Балаларға алғысын айтып,балалармен қоштасады.

Кәнекей беріқарай келейік деп ортаға шеңберге жинап қорытындылау:

-Балалар,сендерге  асықтармен ойнаған ұнады ма?

-Бізге қонаққа кім келді?

Ал енді балалар келген қонақтарымызбен қоштасайық.

134 0
Маширова Гульнур Нуреддиновна № 19 «Золотой петушок» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі Батыс Қазақстан обылысы, Орал қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000671
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: