Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1831

Жолда жүру ережесін меңгертудегі отбасымен жұмыс

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін ойын арқылы жеткізу. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- еңбасты байлық . Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай ,жолапаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың  жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Сол себепті  балалардың  өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады.  Жолдың қалыпты қозғалысы  көбінесе  балалардың жол бойында қалай болса  солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,  қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады.   Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина  дөңгелегіне  ілініп қаза тауып,  кейбіреулері жарақаталады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің  жүріс-тұрысының  жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда  балалар жолда жарақаталып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны  көлік жүргізушілерінің  ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға  жолда  жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап,  балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті. Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. 

Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету-ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы.  Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен,   жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен)  таныстыруды жүзеге асыру көзделген.  Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол  жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда балабақша тәрбиешілері бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдыналар едік.

Сіздерге шағын кеңестерімізді оқыдық. Енді осы орайда сіздермен бірге «Жолда жүру ережесін меңгертудегі отбасымен жұмыс» тақырыбында шеберлік сыныбымызды бастасақ дейміз. 

Екі топқа бөлініп отыра қояйық. 

1- топ:  қағаз қиындыларымен жұмыс жасайды. 

2- топ: фетра қалдықтарымен жұмыс жасайды. 

Екі топта қалдық материалдардан балаларға арнап жол жүру ережелеріне байланысты ойындар дайындайды.

Қажет құралдар: Қалдық қиынды фетралар, қайшы, ыстық желім, қағаз, түтікше, фломастер.

Жасалатын жұмыстар суретте көрсетілген. Осы үлгі бойынша жасаймыз.Осы ойындарды ата – аналармен бірлесе отырып дайындау.  Керемет ойын дайындағандарыңызға көптен –  көп рахмет.

    

155 0
Нурпейсова Гаухар Борисовна №7 «Айналайын» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000670
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: