Танысу тренингі
Құрметті педагогтар! Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Барлығыңызға көтеріңкі көңіл-күй, сәттілік тілеймін.
Мақсаты: Педагогтар бір-бірін жақсы танып, үйлесімді қарым-қатынаста болу, көтерінкі көңіл сыйлау. Нұсқау: қатысушылар барлығы шеңберге тұрады. Нұсқау беруші тренинг шарттын түсіндіреді. Яғни, қатысушылар берілген тапсырма бойынша бір тізбекке тез-тез тұрулары қажет.
Ең алдымен бірінші тапсырма:
1. Есімдерінің бас әріпінен басталатын альфавит бойынша тұру;
2. Балабақша номері бойынша тұру;
3.Отбасында бала саны бойынша тұру;
4. Аяқ киімнің размері бойынша тұру;
5. Шаштарының ұзындығы бойынша тұру;
6. Бойының ұзындығы бойынша тұру;
7. Жастары бойынша тұру.
Қорытынды: біз бәріміз көріп тұрғаныныздай әр түрліміз бірақ, біз бірге болсақ бізге қызықты және көңілді болады.
«Стакан мұнарасы» тренингі.
Мақсаты: Топпен бірлесе мұнара құрастыра отырып жағымды қарым-қатынас орнату, ұқыптылық пен шыдамдылықты, әдемілік пен әсемдікке үйрету, ұйымшылдық және ынтымақтастық сезімдерінің артуы, топ арасында команда құру.
Нұсқау: Қатысушылар топқа бөлінеді. Қатысушыларға резеңке байланған жіптер, стакандар беріледі. Жіптің көмегімен стакандарды қолмен ұстамай пирамида құру қажет.