Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мемлекеттің құрамы жəне экономикалық-географиялық жағдайы мен геосаяси жағдайы,
табиғаты жəне табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары
туралы түсінікті меңгеру.
Дамытушылығы: өз бетімен жұмыс жасату арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, сөйлеу
қабілеттерін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін арттыру, дүниетанымын кеңейту.
Тəрбиелігі: жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, Отансүйгіштікке тəрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Əдіс-тəсілдері: СТО стратегиялары (қызығушылықты ояту, мағынаны тану, түйін сөз), сұрақ-жауап,
картамен жұмыс
Көрнекілігі: Оқулық, Дүниежүзінің саяси картасы, Атлас, кескін карта, стикерлер,
Интерактивті тақта.
Пəнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы, өзін өзі тану, қазақ əдебиеті.
Күтілетін нəтиже:
Оқушылар мемлекетінің негізгі қалыптасу кезеңдерін анықтап, экономикалық- географиялық жағдайы,
табиғаты жəне табиғат ресурстары, халқы, шаруашлығы, өнеркəсібі жайлы мəліметтермен
танысып оларға сипаттама беруді үйренеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлануға, сөйлеу, есте сақтау
қабілеттері артады, өзара жəне өзін-өзі бағалауға дағдыланады, өз бетінше жəне
топпен жұмысты үлкен жауапкершілікпен, ізденімпаздықпен жасайды. Қазақстан мен Түркия
елі арасындағы қарым- қатынасты білу арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктері артады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. (4мин) Оқушылармен амандасу, түгендеу. 5Т ережесі.
Тыныштық сəті. "Табиғат ғажайыбы"
Көздеріңізді жұмыңыздар. Көзіңізге енді ғана атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау
жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдыраған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз
жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сəуле шашуда, самал жел сіздің
шащыңызды тербетіп, сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң
нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын
сезуге тырысыңыз. Бұлкүшпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен бөлісіп жатқаңызды елестетіңіз. Бұл қуат сіздің
өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз əлемдегі ең бақытты жансыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (8мин)
Өткен сабақта Үндістан мемлекетіне ойша саяхат жасау барысында меңгерген мəліметтерді əр оқушыға
сұрақ қою арқылы еске түсіру, яғни тексеру.
"Ыстық орындық" əдісі арқылы тексеру:
1. Үндістан мемлекетінің жер көлемі қанша? (3млн 288 мың км²)
2. Үндістан орналасқан жері? Оңтүстік азияда орналасқан.
3. Мемлекеттік құрылымы туралы не білесің? (федерациялық республика, құрамына 25 штат пен 7
одақтық аумақ кіреді. Мемлекет басшысы – президент, заң шығарушы жоғарғы органы – президент жəне
қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратын парламент. Жоғарғы атқарушы
органы – Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады).
4. Тəуелсіздігін алған жыл. (Ұлыбританиядан 1947 жылы 15 тамызда)
5. Табиғи өсімдік жамылғысы қандай? (акация, пальма, сандал, тик, бамбук, ну орман
джунгли таралған, т. б. )
6. Пайдалы қазбаларға ең бай ауданы (Бихар штаты).
7. Елдің басты өзендері (Ганг, Үнді, Брахмапутра, Годавари)
8. Үндістанның қандай қаларын білесің? (Мумбай, ДЖайпур, Дели, Мадрас т. б
9. Үндістанның ұлттық валютасын ата? Үнді рупийі.
10. Үндістанның мемлекеттік тілін ата? Хинди жəне ағылшын тілдері.
ІІІ. Жаңа сабақ. Дəйексөз
Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп.
Абай
Кіріспе сөз
Тəуелсіздігімізді алдымен танып, еңсемізді көтере бастаған уақыттарда бауырмалдық құшағын ашып,
алғашқы лекте инвестиция құйып қолтығымыздан демеген Түркия болатын. Содан бергі
кезеңдерде түбі бір түркіліктің негізінде қос ел президентері ынтымақ пен берекенің керемет үлгісін
көрсетіп келеді.
Мұғалім сыйы. 5мин). Түркия туралы ғажайып деректер. Түркия – ғасырлық тарихтың, əсем табиғаттың,
мəдени құндылықтар мен дəмі тіл үйірерлік керемет тағамдардың елі, деп жазады Stan.kz.
Түркия – əлемдегі ең ірі «ашық аспандағы мұражай». Түркияда орналасқан алғашқы қала типтес елді
мекен Орталық Анатолиядағы Чатал (Чаталхойук) қаласы болып табылады. Ол б. з. VII ғасырда пайда
болған деп болжануда. Стамбул туннелі – əлемдегі ең көне жерасты темір жолы. Ол 1875 жылы іске
қосылған.
Нидерландының символы саналатын қызғалдақ (тюльпан) Түркиядан əкелінген. Алғашқы
қызғалдақтың қай жерде өскені белгісіз, бірақ бұл гүлді османдықтар таратып, оның Еуропада пайда
болуына ықпал еткендігі белгілі. 16-шы ғасырда фламандық елші Сүлеймен патшаның сарайына
барғанда қызғалдақ баданасын көріп, оны Голландияға алып келген. Сондай-ақ, Еуропа Түркияға кофе
мен шие үшін де алғыс айтуы керек.
Түркия туралы жалпы мəлімет. Видео түсірілім тамашалайық.
Түркия Республикасының мемлекеттік құрылымы президенттік Республика.
Мемлекет басшысы - Абдуллаһ Гүл
Заң шығарушы органы – ұлттық мəжіліс Тілі – түрік
Діні - Ислам
Ұлттық валютасы – Түрік лирасы
Географиялық орны. Түркияның табиғат жағдайы – күрделі. Жерінің – 97% Азияда, 3% Еуропада.
Батысы мен Шығысы 1000км, Солтүстігі мен Оңтүстігі 550км созылған.
Жағалық сызықтары:
1. Солтүстік – Қара теңіз
2. Батыс – Эгей теңізі
3. Оңтүстік – Жерорта
4. Шығыс – Мəрмəр
Елдің астанасы – Анкараға көшірілді. Тəуелсіздігін 1923 жылы 29 қазанда алды.
Тарихта қалыптасуы. Тарих пəнімен байланыстыра отырып, Түрік елінің тəуелсіздігін айту.
Түркия халқы. 72 600 000 адам. Дүние жүзінде 7 орында. Тығыздығы 1км жерге 97 адамнан
келеді. Халықтың 90% түріктер. Түркі тілі алтай тілінің семьясының түркі тобына жатады. Халқының 99% мұсылман.
Ең үлкен қалалары:
• Анкара
• Анталия
• Адана
• Ыстамбұл
• Измир
• Бурса
Табиғат жағдайы. Таулары.
1. Арарат тауы (5165)
2. Анадолы
3. Табыр жотасы Өзендері:
1. Евфрат
2. Тигр
3. Қызыл – Ирмак
Туристік - əлемдік деңгейдегі Анталия курорты (видео)
Сонымен Түркия мемлекеті жөнінде мəліметтерді меңгеру үшін елге ойша саяхат жасау арқылы
берілген тапсырманы орындау.
І. Жеке жұмыс. Мəтінмен жұмыстанып "Анықтама кестесін" толтыру.
*Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары. Халқы *
Шаруашылығы (өнеркəсібі, ауылшаруашылығы, мал шаруашылығы, көлік қатынасы)
*Сыртқы экономикалық байланыстары.
* (Қазақстан мен Түркияның байланысы, туризм)
-Оқушы жұмысы бонус арқылы бағалау. Тапсырма №2. Картаны жандандыр"
ІІ. Картамен жұмыс. Кескін картаға Түркия елін түсіру.
№1. Түркияның шекарасын белгілеу
№2. Түркия елімен шектесетін мемлекеттерді анықтау.
№3. Пайдалы қазбалары.
№4. Өзендері.
№5. Қалалары.
Оқушы жұмысы бонус арқылы бағалау. ІҮ Жаңа сабақты бекіту. (5мин)
"Дана үкі" стратегиясы бойынша əр оқушы Түркия тақырыбы бойынша оқығаннан ойға түйгенім.
Əрбір азаматтың еліне деген азаматтық жауапкершілікті сезіну, елдердің
ынтымақтастығын сақтау, Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысы туралы "Ашық микрофон"
айдары.
Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық
қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын
басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы,
этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси жəне экономикалық алғышарттарының бірлікті
бастаулары Содан бергі кезеңдерде түбі бір түркіліктің негізінде қос ел президентері ынтымақ
пен берекенің керемет үлгісін көрсетіп келеді. Татулығы мен ынтымақтастығы жарасқан ел.
1. Н. Ə. Назарбаев құрметіне қойылған Түркиядағы ескерткіш
2. Н. Ə. Назарбаев құрметіне көше атауы
3. Н. Ə. Назарбаевқа түркі халқының ақсақалы атағы берілді.
4. Н. Ə. Назарбаев жолдауы – 2050.
Түрік елінің жолдауды қолданғаны жөнінде.
Кері байланыс.
"Синквейн əдісі " арқылы кері байланыс алып, (оқушылар жұмыстананып білім қоржынана салу.
ҮІІ. Бағалау. (3мин) Бонус арқылы бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Түркия. Оқу. Түркия қалалары жайлы мəлімет жинақтау.