№72 жалпы білім беретін мектепте мектеп әкімшілігі «Шекарасыз мектепке жол» акциясын өткізу мен ұйымдастыру жөнінде әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасындағы оқушыларға көмек көрсетуде.Алматы қаласының Білім басқармасы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол - Шекарасыз Жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен 1қыркүйекте балалардың мектепке бармай қалуының алдын - алу.
№72 жалпы білім беретін мектеп КММ ақпараттық стенд жасалған. Стендіде «Мектепке жол» акциясын жүргізуде ата-аналардың жәрдемдесуіне өтініш үндеуі орналасқан. Мектеп әкімшілігі мен мектептің қамқоршылық кеңесінің демеушілігімен балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы таратылды. Айта кетсек 1-сыныптың әл-ауқаты төмен көпбалалы отбасындағы 3 оқушысына, 1 қыркүйекке 10000тг (он мың) теңге көлемінде мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары берілді. Сондай ақ 2 оқушыға 30000тг (отыз мың) теңге көлемінде мектеп формасы алынды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес, жалпы оқу қорынан бөлінген қаржы аз қамтылған, жетім, және әл-ауқаты төмен көп балалы отбасындағы 55 оқушының ата-аналарының есепшотына толықтай аударылды. 2,365 000 тг (екі миллион үш жүз алпыс бес мың) теңгені құрады. Мектептің «Мектепке барар жол» акциясының басты ұйымдастырушылары мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі А.Т. Едилова және әлеуметтік педагог Н.К. Куатова іс-шараның өз деңгейінде өткізілуіне, қадағалау жасау барысында, оқушылардың сабаққа қатысуын және бақылаусыз, жайсыз отбасылар, басқа мекемелерден, облыстардан жер аударылып оқымай жүрген, сабаққа қатыспай жүрген оқушыларды анықтау жалғастырылуда.