Сабақтың мақсаты
| Шағын мәтіндер, ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау Иллюстрациялар бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) | |||||
Күтілетін нәтиже
|
Тәрбиеленушілер орындай алады: Өз Отанын атай алады Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады (ұнайды, неліктен ұнамайды). Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады: Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндайды. Кейбір тәрбиеленушілер: Иллюстрациялар бойынша сұрақ құрастырады және оларға жауап береді.
| |||||
Тілдік мақсат
| Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қандай? қай? қайда? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады. Көптілділік: аю – медведь – bear, қасқыр – волк – wolf, түлкі – лиса – fox Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Сәруәр Айға ұшпақ болды. Пікір алмасу сұрақтары: Ғарыш кемесімен қайда баруға болады? Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Білетін ертегілерді естеріне түсіреді. Ғарыш кемесі, ғарышкер туралы өз ойларын айтады. | |||||
Өткен ҰОҚ-де алған білім | Білетін ертегілерді естеріне түсіреді. | |||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.
| Біз қандаймыз, қандаймыз Шұғылалы тандаймыз, Жарқыраған күндейміз, Жалтылдаған жұлдыздаймыз, Ренжісуді білмейміз. Топтастыру әдісі: І топ-Күн тобы ІІ топ-Ай тобы ІІІ топ-Жұлдыз тобы ІV-Ғарыш тобы | Балалар іс-әрекетпен көрсетеді.
Балалар топқа бөлініп отырады. | ||||
III. Тақырып бойынша жұмыс 6–28 мин.
| Педагог С. Оспановтың «Сәруәр» ертегісін ұсынады.
Ертегіні қуыршақ театыры арқылы түсіндіру.
Талқылау. Бейне жазба арқылы сұрақтарға жауап беру.
– Сәруәр қайда ұшпақ болады? – Не үшін аюға барады? – Аю неге келіспеді? – Түлкі келісті ме? – Қоян неге қорықты? – Айға ұшуға күшік пен мысық неге келісті? – Сәруәрдың нағыз достарын ата. Қорытынды жасай отырып балалардың былай түсіндіруіне жетелеу.
Бұл ертегіде аңдар тамақтары үшін өмір сүретінін, ал мысық пен күшік Сәруәрдің нағыз достары екенін көрсетті. Сәруәрдің Айға ұшқысы келетін тілегінің орындалуына көмектесті.
(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс. – Айға ұшқыларың келе ме? – Айға ұшу үшін қандай болу керек. – Айға немен ұшады? Ертегінің мазмұнын сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау. (5-6 бала айтады.) Бір бала ертегінің басын бастайды. Екінші бала ертегіні жалғастырады. Әліппе-дәптермен жұмыс:
Көптілділік: аю – медведь – bear, қасқыр – волк – wolf, түлкі – лиса – fox |
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Әліппе-дәптермен жұмыс. | ||||
Тыныштық сәті : Көздерін жұмып ғажайып аспан әлеміне саяхатқа баруға шақырады. Ол үшін қолдарыңды жайып, көз алдарыңа үлкен ғарыш әлемін елестетіңдер. Жарқыраған сан алуан жұлдыздар. Сендер аспан да ғарышкер болып ұшып жүрсіңдер...(осы сәтке баяу әуен таңдалады)
Әліппе-дәптермен жұмыс: Сәруәрдің Айға бірге ұшқан достарының суретін салу
Музыкалық сүймелдеу : «Айға аттанам» әні. Сөзі : Ш. Смаханұлы Музыкасы : М. Маңғытаев |
Топтық тапсырмаларды орындайды.
Әнді қимылмен орындайды. | |||||
Рефлексивті — түзетушілік | Педагог қорытынды жасайды. – Ертегі сендерге ұнады ма? – Ертегідегі басты кейіпкер кім? – Ертегідегі ұнаған кейіпкерлерді ата. – Мысық пен күшігі нағыз дос деп ойлайсың ба? Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚ-дегі өзінің жұмысына баға береді. Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен, Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен |
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар . |