Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1825

Жігіт сұлтаны

Мақсаты: ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді, сыртқа шығару.Сахна мәдениеттерін көрсету,тапқырлық, өз ара сөйлеу мәдениетін дамыту.Әдептілік пен мәдениеттілікке үйрету.

Жүргізуші:       «Жігіт сұлтаны» байқауы,

                              Көпке үлгі болады.

                              Қазағымныңсалт дәстүрі, 

                              Көкірегіне қонады.

                              Мына өскен бүлдіршіндер,

                              Ата салтын        үйренсін.

                              Өрге жүзсін өнерлері,

                              Бұлар елдің болашағы.

Жүргізуші:  Қайырлы күн құрметті  көрермендер. Сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұлдарымыз «жігіт сұлтаны» деп аталатын байқауға  қатысып, өз өнерлерін көрсетпек. 

                 Жігіттің сұлтандары келіп қалды,

                 Өнер мен тапқырлығын  қатар алып.

Құрметті қауым ,сіздерді «жігіт сұлтаны» сайысын тамашалауға шақырамыз. Бүгінгі сайымызға қатысатын ұлдарымызды  шақырамыз.

1.Білімді жігітіміз Төреәлі     

2. Алғыр жігітіміз - Ұ.Нұрәли

3.Салмақты жігітіміз- Қ.Нұрәли,  

4.Шырайлы жігітіміз-Жұмаәділ,

5.Мықты жігітіміз- Сұлтан,

6. Мейірімді  жігітіміз-  М.Бейбарыс

7. Өнерлі жігітіміз- Ж.Бекарыс

8.Ақылды жігіміз- Мансур

Жүргізуші:      Өнерпаздар өнерін  салыстырып, 

                       Бәйге үшін терлетер шабыстырып,

                       Әділдікті  қолдайтын баға беріп,

                       Жіберейік  қазыларды таныстырып.

 

                 (қазылар алқасымен таныстыру)

1. Мектеп- бөбекжай директоры: М.Ж.Мухамжарова

2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Ж.С.Шәкіров

Ал енді сіздерді 6 кезеңнен тұратын  сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.

Жүргізуші:   балалар келіп жетті танысуға,

                       Сыпырды  томағасын осы дуға.

                       Қызып келген қырандай көтеріледі,

                       Әдеппен,ізетпенен танысуға.

  1. «Тегін білу, тектілік». Сұлтандарымыз өздерін таныстырады.
  2. «Өтірік өлең айту» сайысы.
  3. «Өнерлінің өрісі кең»(өз өнерін  көрсету)
  4. «Білгенге маржан» (сұрақтарға жауап беру)
  5. «Тапсырма орындау» 

І-сайыс: таныстыру.

ІІ-сайыс: «Өтірік өлең айту»

ІІІ-сайыс: «Өнерлінің өрісі кең»(өз өнерін  көрсету)

ІҮ-сайыс: «Білгенге маржан» (сұрақтарға жауап беру)  Ұяшықтардағы сандардың  артындағы   сұрақтарға жауап беру.

Жүргізуші:    Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер.

                          Келді кезек  оқу менен білімге,

                          Жүлде саған қуана бер,күлімде, -демекші сұрақтарға жауап           беру сайысы.

Жүргізуші:   ал балалар тұрайық,

                         Көңілге кірбің салмайық.

                         Беріп әділ бағасын,

                         Балалардың біреуін  таңдайық.

Жүргіуші:  әділқазылар алқасын қол соғып қарсы алайық. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай  түйіні бар», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанға» демекші  бүгінгі  сайысымыздың   жеңімпаздарын анықтау үшін  сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

Балаларды марапаттау.

Жүргізуші:  бүгінгі сайысымызға белсене қатысып,жақсы өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндер сендерге рахмет.

Жарайсыңдар!

Сау болыңдар!

 

195 0
Салимова Жанар Латиповна Ұялы ауылының Ш.Жексенбаев аатындағы мектеп-бөбекжай кешенінің тәрбиешісі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000667
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: