Айқын: -Қыздар, бүгін біздер үшін ерекше күн, ерекше мереке.
Кәусар: -Иә, кеше ғана кіп – кішкентай болып, балабақша табалдырығын аттаған едік . Енді міне ер жетіп, балабақшамен қоштасатын сәтте келіп қалған сияқты.
Айзере: -Бүгін бізді неше жыл мәпелеп тәрбиелеген апайларымызбен қоштасып, мектепке білім ордасына қанат қаққалы отырмыз.
Кәусар :Дұрыс айтасыңдар достар. Бізде енді, бір – бірімізбенде қоштасып, білім алу үшін мектептерге барамыз.
Әлихан:- Қолымызға ең алғаш қалам ұстатып, әліппені оқытқан апайларымызбен де қоштасатын кез келді.
Вход:Жұлдыздар жарқырайды(Балалар 4 қатармен шығып билейді,билеп болған соң тәрбиешілер ортасынан шығып,екі шетке тұрады) Айзере:Әр күнде бізбен - бірге жыр әні, Біз қуансақ бізбен бірге қуанды. Ақмарал апай,Гүлбану апай біздерді Жақсы көріп,қорғайдыда жүреді Кәусар:Акмарал Бауыржанқызы, Гүлбану Есетқызы, бүгін сіздер үшін ерекше күн екені анық. Мерекемізді сіздердің ақ тілеуіңізбен бастауды жөн көрдік. Түлектеріңізге, қонақтарыңызға арнаған тілектеріңізді біз тыңдауға дайынбыз.
Тәрбиешілер сөзі
Ән: «Ұстаз ана» Жүргізуші-Әлихан: Алдыңдағы балалар Мектепке кетіп барады. Тақпақ айтып тамсанып, Қимай кетіп барады.
Балалар тақпағы
Тәрбиеші: Той бүгін кең сарайда шалқып тасқан,
Той бүгін жұрт жиналып, шашу шашқан.
Той бүгін шат өмірді күйге бөлеп, Би билеп, асқақтатып әнге қосқан. (екі қыз шашу шашады көрерменге)
Ертегі Сая жүргізуші Көкшіл теңіз жағасында көне лашық жер үй тұр. 33 жыл мекен еткен мұны бір шал, бір кемпір. Кемпір тоқыма тоқитын, шал аулайтын балықты.Бір күні оның сүзегін балдыр түтіп қалыпты. Тағы тартып қарап еді, шөпке ілінді тек шырмалып, тағы тартты үшіншінде тапты зорға бір балық .Кәдімгі жай балық емес алтын балық екен бұл. Дәл адамша күбірлеп, жалбыранып қатты тіл.
Балық-Ақбөбек: Босат мені теңізіме, мейірімді ақсақал. Құным үшін қымбат бұйым, төлеуім бар таңдап ал.
Жүргізуші: Қатты састы таңданды шал 33 жыл ішінде көрмеп еді мұндай ғажап өңінде де түсінде.
Шал-Мұхамедияр: Құдай үшін, алтын балық төлеуіңді алмаймын. Жөнел барда сайрандай бер,теңізіңе көк айдын.
Жүргізуші: Жылы сөзбен мейібан шал босаттыда балықты, үйіне келіп кемпіріне сырын жыр ғып айтты.
Шал Мұхамедияр: Ұстап едім, бүгін мен бір алтын балық дәл адам. Теңізіме жіберші деп жалбарынды ол маған ,төлеу үшін қымбат Бұйым бермек еді ол бізге, алуға тек батпадым мен .... қоя бердім теңізге.
Жүргізуші: Шалын сөкті кемпірі. Кемпір-Е.Кәусар: Сен, ақымақсың .Мынау менің отырған отырысым,күні бойы жалғызбын. Ішім пысты.Балығыңа барда айт. Мен балабақшадағы балалардың биі мен өлеңдерін естігім келеді. Жүргізуші: Шал жөнелді, көкшіл теңіз жағаны жай ұрады. Шал шақырды алтын балық келді жөнін сұрады.
Алтын балық Ақбөбек: Менде қандай бұйымың бар айтшы қане қария?
Шал Мұхамедияр:\Шал бас иеді\ Кешір... тақсыр айтар арыз бар.Кемпірім ашуланып, ішім пысты балалардың өлең айтып би билегенін көремін дейді.
Алтын балық Ақбөбек:- Саған құдай жар болсын ,жабырқама үйіңе бар. Ал, берілсін балабақшадағы өтіп жатқан балалардың ән-биі
Би:Моряктар
Е.Кәусар: -Әй, шал бала деген қандай жақсы . Осылар сияқты бұзық болса да бір бала керек.Балыққа барып айт бізге бір бала берсін.
Шал Мұхамедияр:Алтын балық менің кемпірім осындай бір бұзық бала бізге берсін деді
-Балық Ақбөбек: Қамықпа қария үйіңе қайта бер, тілегіңді орындаймын.Ал, берілсін сұраған балалары.
Сотқар бала кіруі Әлихан: Сен өзің сондай сотқар бала екенсің.Неге балықтарды қорқыттың, аямайсың ба, солай істеуге болама екен?
Айзере :Қане Сотқар бала сен тәрбие,білімнің нәтижесін көр онда
Балалар қоңырау соғады (Баймұрат Ақнәзік)
Оқуды да жазуды санауды да сызуды
Үйретеді мектепте қиындыққа төзуді
Биікке өрлеп шығуды үйретеді мектепте
Мектеп ана мектеп дана мектеп білім бесігі
Оқысаң сен ашылады болашақтың есігі
Ән: Мектепке барамыз
Кемпір Е.Кәусар: Әй, шал мен бағана көрген балалар сондай тәрбиелі жақсы балалар еді. Бар сен балығыңа айт,біздің баламызды тәрбиелеп білім беретін Білім ханшайымын жіберсін.
Алтын балық Ақбөбек: Айтшы қане қария менде қандай бұйымтайың бар?
Шал Мұхамедияр:- Менің кемпірім маған ашуланып жатыр.Баламызды тәрбиелейлеуге « Білім ханшайымын жіберсін!»-дейді.
Балық Ақбөбек: -Қамықпай қария,үйіңе қайта бер, бұл тілегіңді де орындаймын.Баланы тәрбиелеуге Білім ханшайымының өзі барсын!
Білім ханшайымы шығады: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың ! Білім ханшайымы: Әй, сотқар бала сенде осындасың ба?
Кәусар:Білім ханшайымы бұл сотқар баланы тәрбиелемесек маңайындағыларға зиян келтіреді. Сіз қолға алсаңыз нәтиже шығарына сенімдімін.
Білім ханшайымы: Балалар мектепке барғанда, жаңағы өздерің мына сотқар баладай болып жүрмейсіңдер ме? Тәрбиеші: Біздің балалар шетінен ақылды, білімді ,өнерлі.Сотқарды да білімді ,ақылды болуға үйретеміз. Өзіңіз балаларымызды сынап көріңіз.
Білім ханшайымы:Олай болса сынап көрейік. Балаларға тапсырма беріледі.
Білім ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, білімді екендеріңді көрсеттіңдер. Енді өнерлеріңді көрейік.
Жүргізуші: Білім ханшайымы, біздің қыздар өнерлі,әрі биші.Сол өнерлі қыздардың биіне кезек берейік
Би Көктем вальсі
Сотқар:Білім ханшайымы: Менің сізге бір сұрағым бар , осы мектеп не үшін керек?
Білім ханшайымы:
Егер мектеп болмаса нетередің Сүйкімсіз боп , сауатсыз өсер едің Оқу, жазу біле алмай, дұрыс өмір сүре алмай Жабайы боп өмірден өтер едің
Егер мектеп болмаса не етер едің Есептеуді білмей сен өтер едің Қосу, алу біле алмай, күліп ойнап жүре алмай Көңілсіз боп өмірден өтер едің
Айзере: - Сотқар енді түсіндің бе, мектеп не үшін керек екенін?
Сотқар: Түсіндім,түсіндім. Мені кешіріңізші енді мені сотқар демеңізші. Бүгіннен бастап мен де мына балалар сияқты тәртіпті боламын. Менде мектепке барып білім аламын
Білім ханшайымы: Міне азамат! Өзінің қателігін түсініп, дұрыс жолға бет бұрды.
Тәрбиеші: Кешіреміз бе балалар? Енді біз сені сотқар бала деп атамаймыз, Ақылбек дейміз.
Тәрбиеші:Бәрекелді,Рахмет сіздерге. Білім ханшайымы, сіз біздің бір тілегімізді орындайсыз ба? Алтын балыққа айтып, Ақылбекті көп күткен атасы мен апасын бірер минутқа шақырып бере аласыз ба?
Білім ханшайымы: -Жарайды тілектеріңді орындап көрейін. Шал мен кемпір Ақбөбек Мұхамедияр: -Рахмет сендерге білім ханшайымы, балалар менің баламды ақылды тәрбиелі болуға үйреттіңдер. Біз енді ертегілер еліне қайтайық. Қош сау болыңдар!
Білім ханшайымы: Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар!
Тәрбиеші:
Айналайын балалар
Алда мектеп –ана бар.
Өздеріңнен өседі. Өнерпаздар даналар
Ән «Бақытты бала» Төлеген Жанарыс
Айқын:
Соңғы балдық биінің
Әуені де естілді
Қол ұстасып тұрайық
Шыр көбелек айнала. – дей отырып. « Білім деген теңізге, кеме болып жүзе біліңдер»
«Саз аспапта ойнау»
Тәрбиеші:
Жаттатып ән мен өлеңін
Шат күндер өтіп жатсада
Кетесің енді бөбегім
Қош айтысып бақшаға.
Бәріңдіде сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті - сапар тілейік.