Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1821

«Балабақшам қош, сау бол!» ертеңгілігі

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған біліктерінің, ой –өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық қарым –қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар. Бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Балаларымыз осыдан   бірнеше жыл бұрын кішкентай бүлдіршін еді, енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, мектепке қадам басқалы тұр. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!

Сүйікті балабақшасымен, қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық.

 Балалар музыка әуенімен кіреді.

1.Ең әдемі Айназды

2.Ең алғыр Бауыржанды

3.Ең жауапкершілі Жасминаны

4.Ең қарапайым Алиді

5.Ақжарқын Раянаны

6.Еңбекқор Сардарды

7.Ең мейірімді Каусарды

8.Ең көңілді Нуралиді

9.Ең байсалды Кириллді

10.Ең сымбатты Ангелинаны 

11.Ең білімді Санжарды

12. Ең сұлу Инабатты

 

Тақпақтар 

Бақша біздің панамыз

Мектеп біздің анамыз

Ұлағатты  ұстаздан

Оқып білім алмыз                   \Инабат\

 

Балабақшам бесігім

Тағы бір той жасайық

Ашты мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық                 \Санжар\

 

Көңілді өскен баламыз

Шырқатып әнге саламыз

Тойымызға сән берер

Би де билей аламыз                     \Раяна\

 

Ән: «Біз мектепке барамыз»

                                                       

 

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер, 

Алты жасқа жеттіңдер,

Барасыңдар мектепке 

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл, ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың – деп,

балаларға   «Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа нұр жаусын»-дейміз.

 

 

Балалар хормен:

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшамызбен қоштасып

Жұлдыз болып жанамыз

 

Би: «Валсь»

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар біздерді құттықтауға қонақтар келген секілді. Бірақ олар кіруге ұялып тұр екен. Қане бәріміз оларды қарсы алайық.

 

Кіші топ балаларының тақпақтары

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

Дендеріңіз сау, аман-есен, мықты болсын!

Мектеп есігі әрқашан ашық болып,

Даярлыққа баратын қадамдарыңыз құтты болсын!        \Бегім\

 

Мектепке әлі бармаймыз

Ақ жол тілеп сендерге

Ақ тілекті арнаймыз.

Жақсы оқып мектепте

Тәртіпті боп жүріңдер

Жаман қылық көрсетпей

Ден қойыңдар білімге                      \Ж.Али\

 

Қош балалар сәт сапар

Үлгілі  бәрің болыңдар

Жақсы оқып сабақты 

Тек «5»-ті алындар                   \Наргиза\

 

Әріп танып, сурет салып,

Жаттықтырды қолдарын.

Мектебіне шығарып сап

Тілейік ақ жолдарын!                   \Фатима\

 

Ән: «Топ-топ балақан»

Жүргізуші: Мектеп ана шақырады бізді алдан, 

                      Алдымызда әлі талай сан арман.

                      Қоштассақта балабақшам сенімен,

                      Санамызда өзің берген өнегең - деп, 

                      Бүлдіршіндерімізді мектепке баруға дайын екендігін дәрігер апайдан сұрап көрейікші.

Дәрігер апай келеді. 

Дәрігер: Сәлеметсіздер ме, балалар! 

Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай.

Жүргізуші: Дәрігер жолдас, 

                      Алдындағы балалар,

                      Мектепке кетіп барады.

                     Сұрақ қойып, жауап ал,

                     Жарамсызы қалады.

Дәрігер апай балаларды тыңдап шығады.

Дәрігер: Бәрі тегіс қаралды,

Бәрі тегіс жарамды.

Бәрі түгел дайын екен

Бәріне де рұқсат етемін.

Егер ауырып қалар болса 

Дәрісіз -ақ  емдеу керек.

Денсаулықтың бұзылғанын

Жаттығумен жөндеу керек.

 

Би: «Жаттығу»   Дәрігер жаттығу жасатады.

Дәрігер: Ал енді жолдарың болсы. Жаттығу жасауды ұмытпаңдар.

Жүргізуші: Дәрігер апай біздің қуанышты кешімізге келгеніңізге көп рахмет.

Дәрігер қоштасып шығып кетеді.

 

Жүргізуші: Ал енді білім ханшайымын шақырып, балалардың білімдерін тексерейік.

 

Білім ханшайымы келеді.

Ханшайым: Сәлеметсіздер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Ханшайым: Мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім. Ендеше менің сұрағымды мұқият тыңдаймыз: - Балалар жақсы оқиды деген бала неше деген баға алады?

Балалар: «5» -деген баға.

Ханшайым: «5» тік бағасы қандай балаларға қойылады?

Балалар: Сабақты жақсы оқитын, еңбекқор балаларға қойылады.

Ханшайым: Еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі?

Балалар: Еңбекқор бала жұмыс сұрар,

                  Жалқау бала түсте тұрар.

Ханшайым: Жарайсыңдар балалар!

Балаларбір жылда неше жыл мезгілі бар?

Балалар: 4жыл мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз.

Ханшайым: Бір аптада неше күн бар?

Балалар: Бір аптада 7-ті күн бар.

Ханшайым: 1-ден -10-ға дейін санаңдар, сосын кері санайық.

Балалар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

                    10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1,0 

Ханшайым:  Жауаптарың дұрыс. Балалар енді біз ойын ойнайық.

 

Ойын: «Ойна да, ойлан» (есеп шығару)

Ойын шарты: Үлестірмелі сандарды тақтаға жабыстыру арқылы есеп шығару.

 

Ханшайым: Жарайсыңдар балалар есепті дұрыс шығарыңдар.

Балабақшадан көп нәрсе үйренген екенсіңдер. Рахмет сендерге балалар!   Сәтсапар тілеймін. Сабақтарыңды тек 4-5ке оқуларыңа тілектеспін. Қош сау болыңдар, мектепте кездескенше.

 

Бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Біз мектепке барамыз

Қолға қалам аламыз

Кітапты да оқимыз

Суретті де саламыз.             \Сардар\

 

Үлкендердей тап-таза

Бормен жазар тақтаға

Үлгілі бала боламын

Жүретіндей мақтана                  \Нурали\

 

 

 

Мой любимый садик

Садик мой родной

Отмечаем праздник

Сегодня выпускной             \Ангелина\

 

Время наступило

В школу мне пора

«Спасибо тебе садик»,

Кричит вся детвора!            \Кирилл\

 

 

Ән: «Сәлем, мектеп!»

Ойын: «Керекті оқу құралдары» 

Ойын шарты: Балалар ойыншықтардың арасынан оқу құралдарын жинау керек.

 Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің бөбекжайымыздың  қызметкерлеріне айтатын алғысын қабыл алыңыздар!

 

Гүлдендірген бақшаны,

Меңгеруші апай жақсы адам.

Сондықтан да біз үшін,

Артықсыз сіз басқадан.

Светлана Гайдаровнаға 

Барлық балалар: «Мың алғыс»         \Жасмина\

 

Жайдары жүз, ақ қабақ,

Жүреді бізді аймалап.

Тобымызға жиі кеп,

Білгенімізді сұрайтын,

Ақыл айтып тұратын 

Айсұлу Ермекалиевнаға

Барлық балалар: «Мың алғыс»       \Бауыржан\

 

Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбігер

Қамқоршымыз дәрігер

Галина Владимировнаға

Барлық балалар: «Мың алғыс»            \Айназ\

 

Естен кетпес үніңіз,

Бізбен өтті әр күніңіз.

Бізге үміт артасыз,

Баршаңызға «Мың алғыс»              \Каусар\

 

Қуанышымыз біздің мол 

Мектепке біз тарттық жол 

Ұмытпаймыз өзіңді

Балабақшам қош сау бол.              \С.Али\

 

Ән: «Балабақшам қош сау бол!»

 

Жүргізуші: Барша бүлдіршінге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз.

Жүргізуші: Әр бір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Сол ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет ақ батамен өсірген ата-ана болса, баланың өміріндегі басты білімнің алғашқы сатысы бөбекжай ұйымының меңгерушісі С.Г.Вахитоваға сөз кезегі беріледі. (Балаларға сыйлықтар табысталады.)


132 0
Сейткалиева Аяжан Куандыковна №16 «Лесная сказка» бөбекжайының тәрбиешісі БҚО, Орал қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000559
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: