Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1817

Әлеуметтік – педагогикалық сүйемелдеудің ерекшеліктері

Инклюзивтік білім берудің негізгі мақсаты – барлық балалардың психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне, ата-аналарының әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, ана-тіліне, жеке ерекшеліктеріне қарамай білім алуы мен нәтижелі табысқа жету үшін қажет жағдайлар жасау және білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Әлеуметтік -педагогикалық  сүйемелдеу баланың оқу үдерісінде субъекті болуына жағдай жасауды көздейді, баланың өзі үшін негізгі мәселе оның дамуы болып табылады. 

Инклюзивті білім беру – ерекше білімді қажет ететен балалардың білім беру мекемелерінде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. 

Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеуді баланың барлық өмірлік іс әрекет аймақтарының кешенді үрдісі ретінде қарастыру қажет. Инклюзивті білім беру жағдайында әлеуметтік - педагогикалық сүйемелдеу жеке және топты түрде ұйымдастырылады. Әлеуметтік - педагогикалық сүйемелдеу білім берудің барлық кезендерінде іске асырылады. Осыған орай, сүйемелдеу үрдісінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Сүйемелдеудің маңыздылығы мен өнімділігі оның жүйелілігімен анықталады. Оның ішінде отбасы, білім беру ортасын құру, оқыту мен тәрбиелеу, өзін-өзі тану және тұлғалық іске асырылуы қарастырылады. Отбасын сүйемелдеу дегеніміз - тек ерекше қажетті   психофизикалық ерекшеліктері бар отбасын қолдау емес. Ол «ерекше» балаларға әлеуметтік қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Әлеуметтік педагогикалық сүйемелдеу мамандарының басшылыққа алатын принциптерінің бірі  – әр балаға және отбасына жекешелендірілген тәртіппен қолдау көрсету болып табылады. 

Инклюззивті білім үрдісінің әлеуметтік - педагогикалық сүйемелдеудің төмендегі  принциптерін анықтауға болады: 

  1. үздіксіздігі; 
  2. жүйелілігі 
  3. сүйемелдеу мамандарының командасындағы іс-әрекеттестік;

Әлеуметтік - педагогикалық тәжірибеге «сүйемелдеу» немесе «қолдау» деген ерекше үрдіс кіріктіріліп белсенді даму жолында. Баланы әлеуметтік-педагогикалық қолдау – ол баланың қалыпты дамуына және физикалық, психикалық денсаулығына байланысты, қарым-қатынасымен, өмірлік бейімделуі, сүйемелдеумен және базалық қажеттілігімен, жеке басының проблемаларын шешуге және құқын қорғауға бағытталған өлшем жүйесі. «Сүйемелдеу» идеясы әлеуметтік педагогикада XIX ғасырдың аяғында қалыптаса бастады. Онда, баланың өздігінен іс - әрекет жасауға қабілетсіз болуына байланысты алғашқы шынайы сүйемелдеу түсінігі жатыр. Психология, педагогика, әлеуметтік педагогикада және басқа да білім саласында «сүйемелдеу» термині тәжірибелік іс - әрекетке қатысты нақты проблемаларды шешуге қолданылады. 

Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу міндеттері: 

  1. адамның өмірлік таңдау ситуацияларын іске асыруға жағдай құру; 
  2. даму, оқу, әлеуметтену міндеттерін, достарымен, педагогтармен, ата-аналармен қарым-қатынас проблемаларын, білім беру проблемаларын шешу серіктестігі; 
  3. баланың айналасындағы әлеуметтік ортасының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігінің дамуы (баланың, ата- аналардың, педагогтардың);
  4.  дамып келе жатқан тұлғаның әлеуметтік жағдайын жақсарту; 
  5. баланың мінезін өзгертетін проблемалардың туындауын алдын-алу; 

Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу төмендегі қағидалардан тұрады:

  1. баланың белсенді қалпы - бастысы, баланың орнына проблемаларды шешпеу, бірақ-та, баланы проблемаларды өздігінен шешуге үйрету, өздігінен даму қабілетін қалыптастыруға жағдай жасау; 
  2. «баланың жағында» - бастысы болып баланың қызығушылығы алынады, оқу –тәрбие процесінің мүшелерінің позицияларын ескерумен баланың құқығын қорғауы қамтамасыз етіледі; 
  3. үздіксідігі - баланы білім беру мекемесінде оқуының барлық оқу кезеңінде сүйемелдеуді қамтамасыз ету; 
  4. кешенділігі - сүйемелдеу міндетін шешуде мамандардың бірлесіп ұйымдастыруы - педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, медициналық мамандардың, мұғалім логопедтердің, дефектологтардың; 
  5. ескертпелілігі - туындыған проблемаларға әсер етуден проблемалық ситуациялардың туындауын алдын-алуға ауысуды қамтамасыз ету қажет болып табылады.

Инклюзия – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке  дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді.Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс – әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.

617 0
НАЗЫМ АНАРБЕКОВА,Бөрлі ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің»әлеуметтік педагогі,БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы Ұлы дала ұстазы № 002056
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: