Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Ұйымдастыру:
Педагог-психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!
Сіздерді 1 Наурыз - «Алғыс айту» күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы мерекеге орай бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Рахмет» пен «Алғыс айту» атты психологиялық тренингімізге қош келдіңіздер!
Әлемде ерекше бағаланатын, жүрегімізді мейірімге толтыратын, біздің көңілімізді көтеріп, ерекше көңіл – күй сыйлайтын «Рахмет» сөзі болса керек. «Рахмет» сөзінде бір сиқырлық бар, ол арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды білдіріп, адамдар арасында жақсы қатынас орнатамыз. Осындай мың сөздің орнына татитын "Рахмет" сөзінің бүгінгі мерекесі құтты болсын!
Қане, барлықтарыңызды шеңберге шақырамын.
"Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем" дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
1 нұсқа: Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп, бір – бірімізге күлімсірей қарайық.
2 нұсқа: Оң және сол жақ иықтарымызды тигізіп сәлемдесу.
Сонымен, сәлемдесу рәсімін болсақ, ары қарай тренингімізді жалғастырайық.
Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек. Нұсқаулық: Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек. Бірінші тапсырма: бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек. Екінші тапсырма: саптың басында 1 - қаңтар, соңында желтоқсанда туған күндері бойынша орналасу. Үшінші тапсырма: саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.
«Сіз қандай адамсыз?» тест
Түстерді таңдау арқылы адамға сипаттама беріледі.
Мақсаты: Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін анықтау.
Қызыл түс – энергия түсі, ол адамды іс - әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез - құлқы батыл мықты адам.
Қызғылт сары түс – шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар – жауапкершілігі мол, өз шешімдеріне мықты адамдар.
Сары түс – ақыл - ой, логикалық және аналитикалық түс, көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – іскер, мінез - құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын адамдар.
Жасыл түс – адамның өз - өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Таңдап алған адамдар - мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.
Көк түс – байсалдылықтың, қанағатшылдықтың белгісі, жолдастыққа берік. Философияға, психологияға, гуманитарлық пәндерге дарынды.
Көгілдір түс – сенімділік, үйлесімдік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – өз - өзіне сенімді, рухани байлығы мол адамдар.
Қоңыр түс – еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келетін адамдар.
Қара түс – ақ көңіл, шыншыл адамдар.
Ақ түс – өз мақсатына жетеді, дарынды, әрі мәдениет саласында өнерлі адамдар.
«Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы
Мен сүйемін....
Мен көмектесемін....
Мен дарындымын.....
Мен жақсы орындаймын.....
Мен ашуланамын егер де.....
Мен көңілсізбін егер де.....
Маған ұнайды.....
Мен өзіме ризамын, өйткені.....
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Кім жылдам» жаттығуы
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір - біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.
«Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ақ қағаз, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш
Барысы: Қатысушылар 2 топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;
«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;
Педагогтар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
«Аялы алақан» жаттығуы. Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.
Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге аашуын қайтаруға септігін тигізеді. әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.
Қорытынды: Ал, құрметті педагогтар, бүгінгі 1 Наурыз - Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған психологиялық тренингіміз өз мәресіне жетті.
Сіздерге осы мерекеде отбасыларыңызға береке – бірлік тілеймін, үнемі жақындарыңызды қуантып, жылы сөздеріңізді арнап жүре беріңіздер, ал сізбен біз тәрбиелеп, өсіріп жатқан ортақ жемісіміз балалардың болашағы жарқын болсын. Мың сөздің орнына «рахмет» деп, бір-ақ сөзбен алғыс білдіруге болатынын естен шығармайық. Сау болыңыздар! Рахмет!