Сабақтың мақсаты: Қауіпсіздік ережесін сақтау. Балалар арасында асықпен ойнауға деген қызығушылықпен сұраныс арттыру. Қазақ халқының тарихи- мәдени мұрасын құрметтеу сезімін қалыптастыру. Балаларға бес табан ойынының және асық турлерін ойналу ережесін түсіндіру.
Әдіс тәсілдер: Жүгіру, жүру, иілу, секіру, сақа иіру, көздеп тигізу.
I. Кезең :
1. Сапқа тұру, амандасу.
2. Сабақтың барысын түсіндіру.
3. Асық алаңында жаттығу өткізу.
4. Асық ойынын Республикалық спорттық ойындардың қатарына қосуға ат салысу.
5.Ғаламтордан ақпарат жинап, көрсету.
II. Үй тапсырмасын қайталау:
Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларын қайталау.
III. Ойын барысы:
Бес табан ойыны.
Алаңның ортасына түзу сызық сызылып, оған жағалай асық тізілген соң, ойынды бастаушы асық тізілген жерден бес табанға тең аралықты белгілеп алып, шеңбер тартты. Әр ойыншы екі асықтан тігіп, белгіленген шеңберге кірмей (баспай) ортадағы асықты 50 сантиметр қашықтықтан кезек-кезек атуға кірісті. Асықты шиырған ойыншының өкешесі сызықтан аспауы қажет. Сақа тиген асық міндетті түрде шеңберден шығуы шарт. Көмбеге қойылған асықтарды сақамен ұрып, сыртқа шығара алмаса, онда келесі қатысушы лақтырады. Ойын осылайша өз кезегінде жүрді. Ең көп асықты атып шеңберден шығарған қатысушы жеңімпаз саналып, ойынды ұтады.
IV.Алаңдағы жаттығу.
- Алма кезекті жүрістер, бір мезгілді жүрістер.
- Спортзал бойына үш шеңбер сызып, оқушыларды екі-екіден тұрғызып асық лақтыру жаттығуларын откізу.
- Оқушыларды екі-екіден үш топқа бөліп, бес табан ойынын ойнату.
- Асық ату ойындарының ережесін, ойнау тәсілін жаттау және қайталау.
- Сергіту сәті
Көк шалғында қоңыздар
Би билейді айнала,
Оң аяқпен топ-топ.
Сол аяқпен топ-топ,
Екі қолды жоғары-жоғары.
Көтереді жәй ғана,
Қане кімнің қолдары.
Көрінеді жоғары.
- Жаңа сабақты түсіндіру асық ойынынынң тәрбиелік мәні құрылымы ,асықтың тұру қалпы және түрлері туралы мәлімет беріп өту.
V. Қорытынды.
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі сіздерге ұнады ма?
- Асықтың түсі қандай?
Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау. Сабақты аяқтау. Балалармен қоштасу.