Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1814

Көңілді геометриялық пішіндер

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер, түстер мен сандар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түстер мен пішіндердің түр-түсін дұрыс атауға, оларды топтастыра білуге, сандарды ретімен орналастыруға, сондай-ақ сандарды бір-бірінен ажырата білуге, сурет арқылы есептер шығаруға үйрету.

Түзету мақсаты: Сурет арқылы сөйлеу дағдыларын мен ой-қиялын жетілдіру, сөздік қорын молайту, ойын арқылы логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Оқу қызметінің түрі: Саяхат сабағы

Көрнекілігі: Жаз мезгілінің көрінісі, мазмұнды суреттер, үлестірмелі материалдар.

Оқу қызметінің барысы:

І.кезең

Балалармен сәлемдесу.

Оқу қызметінің назарын аудару.

ІІ кезең

Балалар, жаңа сабақ бастамас бұрын қане, қазір жылдың қай мезгілі екенін айтайық? Мына суретте жылдың қандай мезгілі бейнеленген?

- Көктем 

Көктемде күн қандай болады?

- жылы, жаймашуақ болады

Көктемде қандай құбылыстар болады?

- Күн күркірейді, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік жарып, гүлдер гүлденеді.

Көктемде адамдар үстеріне не киеді?

- Күртеше, кейде жеңіл кеудеше, көйлек киеді.

- Жарайсыңдар, балақайлар, өте жақсы.

Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы «Көңілді геометриялық пішіндер» деп аталады. Бүгін біздер пішіндер әлеміне саяхатқа барамыз. Ол жерде өте көңілді, бізге әр түрлі тапсырмалар беріледі, оны сендер дұрыс орындасаңыздар, мен сендердің еңбектеріңізді  жұлдызшалармен бағалаймын.

 Күннің тапсырмасы: «Геометриялық пішіндерді ата, белгіле» деп аталады. Сурет таратылады, суреттен әртүрлі геометриялық  пішіндерді табу және әр пішіндерді атап, санап белгілеу қажет.

Бұлттың тапсырмасы: «Қандай геометриялық пішінге ұқсайды?» деп аталады. Мұнда сурет беріледі. Сол суреттегі заттардың атын атап, олардың қандай геометриялық пішінге ұқсайтынын айту.                         

  Бәйшешектің тапсырмасы: Сандармен жұмыс деп аталады. Берілген сандарды ретімен орналастырып, санау; 1 2 3 4. 

Сергіту сәті. Санамақ

Кел санайық, екеуміз

Біздің үйде нешеуміз?

Бас бармағым – атам,

Балалы үйрек- әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек-анам,

Кішкене бөбек, мына-мен.

Сонда біздер нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Жаңбыр тамшысының тапсырмасы: «Құрастыру» деп аталады.

Сіріңке шиі арқылы үшбұрыш пен төртбұрыштың бейнесін құрау.


ІІІ. Қорытынды.

Қайталау, балаларға қандай тапсырмалар орындағанын еске түсірту. 

Сұрақ-жауап

ІV. Бағалау.

199 0
ЖАЙНАГУЛ ОТАРГАЛИЕВА, Бөрлі ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» дефектологы БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы Ұлы дала ұстазы № 002053
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: