Сабақтың мақсаты: Балаларға ұлттық аспап домбыра туралы тереңірек түсінік беру. Домбыраның құрылысымен танысу және домбыра туралы мағлұмат беру. Домбыраның дыбыстық үнін айыра білу үшін, ырғақты жаттығулар жасату, есту арқылы есте сақтауларын жаттықтыру және ойша көз алдына елестете білуге үйрету.Көру арқылы есте сақтауды ,қиялды жетілдіру,дұрыс сөйлеуге дағдыландыру,жаттығулар арқылы зейінділікті жаттықтыру. Әдемілікке тәрбиелеп,ұлттық аспабымыз домбыраға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілік: Домбыра макеті, аспаптар суреті, магнитафон,жаттығу құралдары.
Барысы:
Бүгін біздің оқу қызметіміз өзгеше болғалы тұр, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан оқу қызметімізді мұхият тыңдап жауап беруге , жаттығуларды дұрыс орындауға тырысып, сәтті де қызықты өту үшін біз алдымен жаттығуларымызды жасап алайық.
Ұйымдастыру кезеңі:«Шаттық шеңбері»
-Армысың , Аспан -Ата!
-Армысың,Жер-Ана!
-Армысың,Алтын күн!
- Күліп атты таң бүгін!
Қайырлы таң балалар!
-Қайырлы таң ұстаздар!
-Бәріміз шапалақ ұрайық!
- Достыққа берік болайық.
I.Жарайсыңдар,балалар сабаққа назар аудару үшін миға шабуыл жасап алайық. 1.Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. 2.Астанамыз қай қала?. Нұр-Сұлтан қаласы. 3. Елбасымыз кім?. –Қасым Жомарт Тоқаев атамыз. 4. Біз қай қалада тұрамыз? – Ақсай қаласында тұрамыз 5. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? –Көктем мезгілі. -Жарайсыңдар ,балалар.
Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы: « Ұлттық аспап - Домбыра»
II.Мақсаты: Осы ұлттық аспабымыз домбыра туралы,оның жасалу жолы мен құрылысына тоқталу. Домбыра қазақтың төлұлттық аспабы. Қазақ халқы әрқашанда өз өнерін қадірлеген, әндерін ойларын домбырамен жеткізген екен. Көшіп жүргендеде бесігі мен домбырасынтастамаған екен. Енді мына тақтадағы суреттерден ұрмалы,үрмелі,ішекті аспаптарды табамыз. Домбыра аспабымызбен танысып, домбыраның құрылысына тоқталайық. 1.Құлағы. дыбысты келтіру үшін. 2.Шанағы. 3.Пернелері. 4.Қақпағы. 5.Тиегі. 6.Ішегі.
III.Аспаптардың жалғасын тап ойыны.Балаларға қиық суреттер беріледі.Сол қиықтардан аспаптарды құрастырады.
Сергіту сәті:
- Балалар домбырамен не тартамыз?
- күй, терме, әндер орындауға болады.
- Сендер қандай күйшілерді білесіңдер?
- Құрманғазы, Дина.
- Жарайсыңдар, олай болса Құрманғазы атамыздың Адай күйін тыңдайық.
IV.Ойын: Дыбысты табу ойыны.
Тез ажырата білу (Балалардың көздері байланады).
1.Барабанды ұру.
2.Домбыра шерту.
3.Баян, сылдырмақ, сыбызғының дыбыстары арқылы қандай аспаптың дауысы екенін табамыз.
V.Ойын: Ырғақты сезіну.
Ойын мақсаты балалар ырғақтысезе отырып шапалақты қимылдар жасайды.
Қорытынды:
-Сенің көңіл-күйің қалай? Берілген бет бейнелер арқылы көңіл-күйлерін білдіру керек.
-Балалар бүгін қандай тақырып өттік.Домбыра аспабының суретін көрсету.