Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1812

Қазіргі заманауи форматтағы білім беру үрдісінде ерекше оқуды қажет ететін балаларды дараландыру

       Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Парламерт палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында  : « Ерекше оқуды қажет ететін балалары бар отбасыларға ерекше назар аудару керек . Ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектік бойынша тіркелген. Үкімет церебралды сал ауруы бар балаларды медициналық-әлеуметтік қолдауды  жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеуге тиіс. Балаларға арналған «қашықта» шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасауымыз керек»- деп жеткізді.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.         Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің теориялық аспектілеріне қатысты ғылыми еңбектер қоры толықтырылып келеді. Бірақ тәжірибе жүзінде талқылайтын, ортаға салатын, ойланатын мәселелер әлі де баршылық. 

Инклюзивті білім берудің артықшылықтарын айқындай кетсек,инклюзивті білім беруді дамытудың екі магистральды бағыты бар: 

- Бірінші бағыты – бала дамуындағы психофизиологиялық бұзылыстарды ерте жас кезеңінде (0 мен 3 жасқа дейін) анықтау және түзетушілік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру. 

- Екінші бағыты –ерекше оқуды қажет ететін балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуде «Кедергісіз аймақтар» құру арқылы жалпы білім беру үдерісіне енгізу.

Қазіргі таңда  білім беретін орталарда білім алатын балалар бірнеше санатқа бөлініп отыр: 

  Нашар еститін және кохлеарлы имплант жасалған балалар; 

 Нашар көретін балалар;

  Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар; 

  Психикасының дамуы тежелген балалар; 

  Аутизмге шалдыққан балалар; 

 Тірек қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар. 

       Қазіргі таңда әрбір қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болса да, әлеуметтік қиындықтар жиі кездесіп тұрады. Сол себепті , қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған балалар күннен күнге көбейіп келеді. Әрине, балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа бауулуда, ата-ана мейірімі мен  ұстаздың ,психологтың тарапынан шексіз мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Осындай жауапкершілікті қажет ететін  жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірибе қажет. Ерекше оқуды қажет ететін  бала өз қабілетіне сай , ата- анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға  мәжбүр  болмай, тұрғылықты жерде білім алып, қоғаммен бірге қайнасып, әлеуметтік жағынан  бейімделеді. Ата –анасы  осындай мүмкіндіктерден кейін  баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене араласып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері  артады.Педагог  ата –анамен тікелей байланыста болып, баланың білім алуына өте үлкен үлес қосады.

              Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімделіп, жекеленуі болып табылады. Әрбір жеке тұлғаны әлеуметтендіріп бейімдеу кезінде тек қана қоғам емес, ең бірінші  орында әрбір адам белсенді рөл атқаруы міндетті. Әлеуметтік бейімделу – тек дені сау адамдардың ғана емес, сонымен қатар ерекше балалардың да әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі. Кейде, адекватты емес мінез-құлық реакциялары, қиын психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сөзбен айтқанда, дезадаптация пайда болады. Балалардағы дезадаптация күйі оңай пайда болғанмен, адаптация үдерістері ұзақ уақытқа созылады . Анығына келер болсақ, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесі көмігімен түзету болып анықталынады. 

       Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы.әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға, дәрідәрмектермен, протездермен, протезді.ортопедиялық бұйымдармен,жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский:. «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі . бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі. кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері». деп атап көрсетеді. Сондай - ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істеріжүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген. Әлеуметтік бейімделу –бейімделудің ең жоғары дәрежесі ретінде қарастырылып отыр. 

        Қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .

 

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың VI Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы- Астана, 2019ж.

2. Сулейменова Р.А. Социальная коррекционно-педагогическая поддержка как путь   интеграции детей с ограниченными возможностями. Проблемы включения детей со специальными образовательными потребностями в общеобразовательный процесс. Алматы: Раритет, 2002.-917 б.

4.  СеңкібаевС., ЖұмабаевМ. Тәрбиелік ілімі-ғасырлар тоғысында. Алматы, 2002. - №4, 8-12б.

 

 

 

182 0
АЙДАНА КУМАРТАЕВА, Бөрлі ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» логопед-мұғалімі, магистр, БҚО, Бөрлі ауданы , Ақсай қаласы Ұлы дала ұстазы № 002051
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: