Мақсаты: Пəнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру,
шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс
Жүргізуші: Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық əлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!
3-5 сыныптар аралығында өткелі отырған «Информатикалық аукцион» білімділік сайысына қош
келдіңіздер!
Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Топқа бөлу үшін 3,4,5 – сынып оқушыларын ортаға шақырамын
Сайыстың турларымен таныс болыңыздар:
1. Таныстыру.
2. «Сұрақ меннен, жауап сізден».
3. «Мақал – сөздің мəйегі».
4. «Бəрін білгім келеді»
5. Заттарды «сатамын»
6. Қорытынды. Информатика əні.
Əр топ өздеріңізді таныстырып өту сұралады.
2-бөлім: Əр топқа 7-сұрақтан оқимын, əр сұраққа 20тг беріледі.
1-топ
1. Компьютердің «миы»? (процессор)
2. Принтерлердің ішіндегі ең жылдамы жəне сапалысы (лазерлік)
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5. Сурет салуға арналған программа (Paint)
6. Вирусты тауып жоятын бағдарлама (Антивирус)
7. Компьютер жады нешеге бөлінеді (2)
2-топқа
1. . Ең алғашқы программаны жазған адам (Ада Лавлейс)
2. Принтердің неше түрі бар? (3)
3. «Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)
4. Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады? (Монитор, жүйелік блок, пернетақта).
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (Калькулятор)
6. Бір байтта қанша бит бар? (8)
7. Жойылған нысандар орналасатын жер (себет)
3-топқа:
1. Екілік жүйесінің сандары (0,1)
2. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
3. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы)
4. Пернетақта қандай құрылғы (мəліметтерді енгізу құрылғысы)
5. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
6. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)
7. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)
*************************************************************************
«Мақал – сөз мəйегі» бөлімін бастаймыз.
3-бөлім «Мақал – сөз мəйегі»
Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мəтелдер беріледі, осы мақал-мəтелдердің
күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.
Əр мақал 50 тг-ден есептеледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мəлім.
(Аттың сыры, иесіне мəлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.
(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.
(Білмесең білгеннен сұра)
7. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.
(Досы күштіні-жау алмайды)
8. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.
(Күлсең кəріге күл)
9. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
*************************************************************************
Мəңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шəкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бəрін білгім келеді» бөліміне де келіп жеттік.
Сұрақтар 10тг ден басталады.
1. ЭЕМ-нің буындары жəне элементтік базалары (І-буын, электрондық шамдар;
ІІ-буын, транзисторлар; ІІІ-буын, интегралдық схемалар; ІV-буын, микропроцессор)
2. Адам ақпаратты не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады, өңдейді)
3. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)
4. Адам мен компьютердің қарым-қатынас тілі (интерфейс)
5. Санау жүйелерінің қандай түрі бар? (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық)
6. Конъюнкция дегеніміз не? (бұл логикалық көбейту)
5-бөлім Заттарды «сатамын»
1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын (процессор)
2. Өзінен зиянды сəуле шашатын, адам көзін құртатын. (монитор)
3. Саусақтарды билететін, экранға мəтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмай-тын, иə-ні қолдап
қайталайтын. (пернетақта)
4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы
(тышқан)
5. Тышқанның ең жақын туысы (трекбол, джойстик)
6. Қағазға тоймайтын мешкей (принтер)
7-бөлім. Қорытынды
Информатика əнін қосылып шырқауға шақырамын.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!