Ұйымдастыру- шылық ізденістік | Балалар бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Өнер көзі-халықта» деп аталады. «Өнер көзі-халықта,халықсыз өнер жоқ,өнерсіз халық жоқ,оны жаңғыртып іске асыру біздің басты парызымыз». Өнер дегеніміз не?- -Өнер-халық тарихының шежіресі -Өнер-адамның бойындағы қабілеттің биік көрнісі.. Өнердің бірнеше түрі бар. Мысалы:музыка өнері, би өнері, сурет өнері,қол өнер,сөз өнер, театр өнері т.б. Балалар сендер әуен,музыка тыңдағанды жақсы көресіңдерме! Олай болса үнтаспаның көмегімен жақсы бір әуен тыңдайық.. Балалар біз ән тыңдадық па,күй тыңдадық па? Балалар қандай аспаптың дауысы шықты? Домбыра қай ұлттың аспабы? Бұл Құрманғазының «Балбырауын» күйі. Құрманғазы Сағырбайұлы қазақ халқының ұлы күйші- композиторы. Ол 1881 жылы Батыс Қазақстан облысы,Жаңақала ауданы,Жиделі деген жерде дүниеге келген. Құрманғазы жастайынан өнерге жақын болған.Ол домбырашы Ұзақ деген кісіден домбыра үйренеді. Құрманғазы ұстазымен ауыл-ауылды аралап күйшілердің күйлерін тыңдап,үйреніп,өзіде күйлер шығарады.Жаңа тыңдаған күйіміздің аты «Балбырауын»деп аталады. Күйдің шығу тарихы гувернатор Браун үлкен жиында Құрманғазыны шақырып маған күй шығар деп айтады .Сонда осы күйді шығарған.Күйдің аты Браун болған кейін Балбырауын деп аталған. Балалар күй қалай орындалды? -Жылдам ба,жай ма! Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасайық. Дауыс жаттығуы: «До мажор гаммасы» До,ре,ми,фа,соль,ля,си Күй сандықты ашайық До,до,до Жайлап әнге салайық До,до,до Бас тілшікті басайық До,до,до Енді әнге салайық До,до,до До,ре,ми,фа, соль,ля си,до До,си,ля,соль,фа,ми,ре,до Өткен оқу қызметіміздегі әнді қайталап жіберейік. «Біз шадыман баламыз»әні Балалар бүгін жаңа ән үйренеміз. Мен баян аспабымен орындап берейін.Сендер мұхият тыңдап отырыңдар. Б.Бейсенова «Қасиетті домбыра» әні. Балалар сендерге жаңа ән ұнады ма! Ән не туралы айтылған? Балалар әнді кім жазады? Б.Бейсенова балаларға арнап көптеген әндер жазған . Б.Бейсенова «Қасиетті домбыра» әнінің бір шумағы мен қайырмасын үйренеміз. Тосыннан залға Қамажай кіреді. -Сәлеметсіңдерме, балалар, қонақтар! Осы жерден әдемі әуен естілгесін, сендерді көрмей кете алмадым. Менің атым-Қамажай. Мен ән айтқанды, би билегенді өте жақсы көремін. -Сәлеметсізбе! Қамажай.Бізге қош келдіңіз. Біз күйімізді тыңдап, әнімізді айтып болдық, енді біздің балалармен бірге қосылып әдемі биі билесең болады. Халық биі «Қара жорға» Білімнің бастауы- балабақша демекші мен өзіммен бірге қазақтың ұлт аспаптарын ала келдім. Домбыра,тұяқтас,асатаяқ.сылдырмақтар,тоқылдақ. Аспаптарды таныстырып өтеді. -Ал енді біз осы аспаптармен оркестр құрып әуен ойнайық. Халық әні «Еркем-ай» -Рахмет сізге Қамажай. Өнерің өрге жүзе берсін. Өте қызық мағлұмат бердің. -Сіздергеде көп рахмет. Балалар сендермен өте қызықты уақыт өткіздім. Өнерлі бала екенсіңдер. Сау болыңдар. -Балалар Қамажаймен қоштасайық. Музыкалық дидактикалық ойын:«Үш гүл-үш түрлі көңіл күй» ойыны Ойынның шарты: Әр балаға үш гүлдің суреті бейнеленген карточкалар беріледі.Гүлдерде күлімсіреген,жылап тұрған және сабырлы адамның кейіпі бейнеленген.Балалар шығарманы тыңдап,көңіл күйін анықтап, сәйкес карточкаларды көрсетеді. | Өнер туралы қысқаша мағұлмат алады Ия деп жауап береді. Күйді тыңдайды. Күй Домбыра Қазақтың
.
Құрманғазы суретін көреді Құрманғзы Сағырбаев туралы қысқаша мағұлмат алады
Күйдің шығу тарихымен танысады. Жылдам 7 нота
Дауыс жаттығуын жасайды Әнді баян аспаптыңсүйемелдеуімен қайталап айтады. Ия Домбыра Композитор Б.Бейсенованың «Қасиетті домбыра» әнінорындайды. Сәлеметсізбе. «Қара жорға» биін билейді Аспаптармен танысады Балалар ұлттық аспаптарда ойнайды.
-Сау болыңыз Балалар ойынды қызығып ойнайды |